Об утверждении Правил корректировки размера облагаемого импорта в рамках Евразийского экономического союза Күшін жойған
Басқа 0
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету қағидаларын бекіту туралы
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 444-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын
импорттың мөлшерін түзету қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 103 бұйрығымен
бекітілген
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын
импорттың мөлшерін түзету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 444-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Салық салынатын импорттың мөлшерін түзету тәртібі
2-тарау. Салық салынатын импорттың мөлшерін түзету тәртібі
Тармақ 2
2. Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлардың құнын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзетеді.
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлардың құнын растайтын құжаттарға мынадай кезектіліктегі құжаттардың бірі:
Тармақша 1
1) Кодекстің 456-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында көрcетiлген шарттар (келiсiмшарттар);
Тармақша 2
2) Кодекстің 456-бабының 2-тармағының 3) тармақшасында көрcетiлген шот-фактуралар;
Тармақша 3
3) Кодекстің 456-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көрcетiлген тауарға iлеспе және (немесе) өзге де құжаттар;
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттар жатады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген мәліметтер болмаған жағдайда, мынадай кезектілікпен пайдаланылатын төменде келтірілген мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету кезіндегі ақпарат көздері болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы заңнамасына сәйкес Ұлттық палатасы беретін тауарларға сараптама актісі (қорытынды) не Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы беретін тауарлар бағасының есебі;
Тармақша 2
2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына осындай тауарларды әкелгенге дейін тоқсан күннен ерте емес импортталған тауарлар бойынша салық есептілігін талдау жолымен алынған мемлекеттік кірістер органдарында бар бірдей (ұқсас) тауарлардың (олар болмаған жағдайда – біртекті тауарлар) бағалары туралы мәліметтер.
Бірдей (ұқсас) тауарлар деп өзіне тән мынадай бірдей негізгі белгілері: физикалық сипаттамалары, сапасы, шығарылған елі және өндірушісі бар тауарлар түсініледі.
Біртекті тауарлар деп бірдей (ұқсас) болмаса да жақын сипаттамалары бар, ұқсас құрамдастардан тұратын тауарлар түсініледі, бұл оларға бір және сол функцияларды атқаруға және оларды өзара алмастыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте, осы тармақшада көрсетілген ақпарат болмаған жағдайда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету кезінде бағалар туралы ақпарат көздері ретінде бірдей (ұқсас) немесе біртекті тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін алдыңғы күнтізбелік тоқсандар ішінде, бірақ күнтізбелік бір жылдан аспайтын мерзімде қалыптасқан осындай тауарларға ақпарат пайдаланылады.
Егер осы тармақшада көрсетілген ақпарат қолданылған кезде бірдей (ұқсас) тауарлар, ал олар болмаған кезде – біртекті тауарлар бойынша мәміленің екі және одан көп бағасы анықталса, онда салық салынатын импорттың мөлшерін айқындау үшін олардың ең төменгі бағасы қолданылады.
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздері болып табылады.
Тармақ 4
4. Осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген жағдайда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттайтын салық төлеуші салық салынатын импорттың мөлшерін дербес түзетеді.
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлардың құнын растау мақсаттары үшін ақпарат көзі ретінде осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген баға туралы мәліметтерді салық төлеуші мемлекеттік кірістер органдарынан сұратады.
Мемлекеттік кірістер органдары сұрау салған тауарлар бойынша баға ақпаратының тізбесін қоса бере отырып мұндай баға туралы мәліметтерді он жұмыс күні ішінде табыс етеді.
Бұл ретте салық төлеушінің салық салынатын импорттың мөлшерінің тиісті салық есептілігіне түзету енгізуіне:
Тармақша 1
1) тексерілетін салық кезеңі – кешенді және тақырыптық тексерулер кезеңінде;
Тармақша 2
2) шағымдалатын салық кезеңі – шағым берудің қалпына келтірілген мерзімі ескеріле отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды беру және қарау мерзімі кезеңінде;
Тармақша 3
3) салықтық тексеру жүргізілген салық кезеңі бойынша жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қарайтын мемлекеттік кірістер органы салық салынатын импорттың мөлшеріне түзетуді өтінішті қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Түзету нәтижелері бойынша салық төлеушіге Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 10)-тармақшасында көзделген камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолданады.