Об утверждении условий переработки товаров Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тауарларды қайта өңдеу шарттарын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 449-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған тауарларды қайта өңдеу шарттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Таурларды қайта өңдеу шарттары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 107 бұйрығымен бекітілген Таурларды қайта өңдеу шарттары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында алыс-беріс шикізатын қайта өндеуді Қазақстан Республикасының салық төлеушілері меншікті немесе өздерінің жалға алған өндірістік үй-жайларында және қуаттарында жүзеге асырады.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Тауарды қайта өңдеу жөніндегі операциялар алыс-беріс шикізатын қайта өңдеудің екі түрінің біреуі бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) өнімді (тауарды) алу үшін шикізатты және (немесе) материалдарды өндірісте пайдалану кезінде Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының коды алғашқы төрт белгінің кез-келген деңгейінде пайдаланылған шикізаттың және (немесе) материалдың кодынан ерекшеленеді;
Тармақша 2
2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу немесе өңдеу кезінде қарапайым құрастыру операциялары (тойтару, пісіру, желімдеу, құрастыру және басқа да осыған ұқсас операциялар), қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының тамақ өнімдерін қайта өңдеуі, тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөніндегі операциялар (тауар лектерін бөлшектеу, жөнелтімдерді қалыптастыру, сұрыптау, буып-түю, қайта буып-түю), алынған өнімге оны бастапқы құрамдас бөліктерінен Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды бойынша алғашқы төрт белгінің кез-келген деңгейінде ерекшеленетін сипаттама берместен, тауарларды, құрамдауыштарды араластыру, төл алу, жануарларды, құстарды, балықтарды өсіру және жемдеу, сондай-ақ шаян тәрізділер мен моллюскаларды өсіру, ағаштар мен өсімдіктерді өсіру, ақпаратты, дыбыс және бейне жазбаларды ақпарат тасымалдағыштардың кез келген түрлеріне көшіру мен көбейту, шетелдік тауарларды технологиялық үдерісте көмекші құралдар ретінде (жабдықтар, станоктар, тетіктер және басқалар) пайдалану жүзеге асырылмайды деген шартпен Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша осы алыс-беріс шикізатының коды бойынша өнімдерде қайта өңдеу сипаттамасын сақтай отырып, дербес сипатын жоғалтады.