Об утверждении Правил организации деятельности акцизного поста Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) «Акциздік бекетінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 652 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12700 болып тіркелген, 2015 жылы 31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Тармақша 2
2) «Акциздік бекетінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 652 бұйрығына өзгерту енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 248 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15305 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 2017 жылғы 18 шілдеде Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаевқа) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы №76 бұйрығына қосымша Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және акциз бекеттерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Акциз бекеттері этил спирті мен алкоголь өнімін (сыра қайнату өнімінен басқа), бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды және темекі бұйымдарын өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағына орнатылады.
Тарау 2. 2-тарау. Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру тәртібі
2-тарау. Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Акциздік бекеттің қызметін басқару және үйлестіру акцизделетін тауардарды өндіруді жүзеге асыру орындары бойынша астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс бойынша мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – мемлекеттік кірістер органдары) басшылары жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Акциздік бекеттің орналасу орындары мен қызметкерлердің құрамын ұйымдастыру мемлекеттік кірістер органы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік кірістер органдарының басшылары аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қызметкерлерінен (бұдан әрі – лауазымды тұлға) тұратын акциз бекетінің кезекшілік кестесін жасайды.
Тармақ 6
6. Акциз бекетінде болу лауазымды тұлғалармен өндірушінің жұмыс кестесі және кезекшілік кестесіне сәйкес жүзеге асырады. Лауазымды қызметкердің акциз бекетінде болу уақыты осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген қызметтерді жүзеге асыру үшін қажетті уақытына қарай айқындалады. Акциз бекетінде болу нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндірушінің акциз бекетінде болу актісі немесе бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды өндірушінің акциз бекетінде болу актісі толтырылады.
Тармақ 7
7. Акциздік бекеттегі лауазымды адам:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың өндірісі мен айналымын реттейтін заңнамасының талаптарын салық төлеушінің сақтауын;
Тармақша 2
2) акцизделетін тауарлардың тек қана өлшеуіш аппараттары арқылы бөлінуін және (немесе) босатылуын немесе есепке алу аспаптары арқылы өткізілуін (құйылуын), сондай-ақ осындай есепке алу аспаптарының пломбаланған түрде пайдаланылуын, атап айтқанда: Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 126 бұйрығымен бекітілген «Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарына» (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 13607 болып тіркелген) сәйкес есепке алудың бақылау аспаптарының жұмысын; этил спирті, алкоголь өнімі және бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, ауыстырылу және өткізу көлемдері туралы деректерді есепке алудың бақылау аспаптары (бұдан әрі – ЕБА) арқылы Комитетке беруді; бір жолғы индикаторлық бақылау пломбаларының (бұдан әрі – пломба): есепке алудың бақылау аспаптарына: пломба қойылған жерлерде (әр айдың 1 және 15 күндері): ректификациялық бағаналардан ЕБА-на дейін (этил спиртін өндірушілер үшін); дайын өнімнің ыдыста шығуынан ЕБА-на дейін (алкоголь өнімін өндірушілер үшін) бүлінбеуін; жөндеу жұмыстары, құрал-жабдықтарды ауыстыру жүзеге асырылған, лицензияның қолдану мерзімі тоқтатылған жағдайда, сондай-ақ жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне және тұрып қалған уақытта: этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін өндіру бойынша желілерінің; акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін сақтауға арналған үй-жай қоймаларының (лицензияның қолдану мерзімі тоқтатылған жағдайда, сондай-ақ жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне және тұрып қалған уақытта); спирт сақталатын қоймадан алкоголь өнімін өндіруге этил спиртін беру крандарының (бұрандаларының); алкоголь өнімдерін өндірушінің араластыру цехындағы кіргізу және (немесе) шығару құбыр желілерінің; бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды араластыруды жүзеге асыратын ұйымдардағы кіргізу және (немесе) шығару құбыр желілері крандарының (бұрандаларының); Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды босату (өткізу) крандарының пломбалануын; пломбаның үзілгені немесе бүлінгені анықталған жағдайда (табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындауын қоспағанда) үзілген немесе бүлінген жердің тіркелуін (суреті, бейне түсірілімі); ЕБА-ның жұмысына санкциясыз араласқан және (немесе) техникалық көру жабдығымен сәйкестендіруге жатпайтын есепке алу-бақылау таңбаларын анықтаған жағдайда тіркелуін;
Тармақша 3
3) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау тәртібін сақтауын, атап айтқанда, арнайы аспаптар арқылы алкоголь өнімдерінің есепке алудың бақылау таңбаларының (шығарылған өнімінің әрбір түрінен 100 бөтелкеден кем емес) түпнұсқалылығына ішінара тексеру жүргізеді;
Тармақша 4
4) дайын өнімнің, есепке алу-бақылау маркаларының немесе сәйкестендіру құралдарының қозғалысын бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Акциздік бекеттегі лауазымды адам:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау және өткізу үшін пайдаланатын салық төлеушінің әкімшілік, өндірістік, қойма, сауда, қосалқы үй-жайларын зерттеп-қарауға, акцизделетін тауарлардың сақтау және өткізу үшін пайдаланатын өндірістік үй-жайлардағы, қоймалардағы дайын өнімдердің қалдығын алады, олар туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің қалдықтарын шығару актісін толтырады.
Тармақша 2
2) акцизделетін тауарларды өткізу кезінде қатысуға;
Тармақша 3
3) салық төлеушінің аумағынан (аумағына) шығып бара жатқан (кіріп келе жатқан) жүк көлік құралдарын қарап-тексеруге құқылың;
Тармақша 4
4) жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне және тұрып қалған уақытта: акцизделенетін тауарлардың жекелеген түрлерін пайдалану мен жұмыс істеуін болдырмау үшін өндіру желілерін; спирт сақталатын қоймадан алкоголь өнімін өндіруге этил спиртін беру крандарын; мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруге арналған шикі мұнайды, мұнай өнімдерін жіберу крандарын (бұрандаларын); өндірушінің немесе көтерме сатушының кіру және шығу қақпаларын (өндірушімен немесе көтерме саудада сатушымен келісім бойынша); алкоголь өнімдерін өндірушінің араластыру цехындағы кіргізу және шығару құбыр желілерін; мұнай өнімдерін араластыруды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен шағын мұнай өндіруші зауыттардағы кіргізу және шығару құбыр желілерінің крандарын (бұрандаларын); акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін сақтауға арналған қойма үй-жайларын; бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды босату (өткізу) крандарына пломба салуға.
Тармақ 9
9. Жөндеу жұмыстары, құрал-жабдықтарды ауыстыру жүзеге асырылған, лицензияның қолдану мерзімі тоқтатылған, ЕБА-ның жұмысына санкциясыз араласқан және (немесе) техникалық көру жабдығымен сәйкестендіруге жатпайтын есепке алу-бақылау таңбаларын анықтаған жағдайда тиісті акт толтырылады, акт толтырылған сәттен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей акцизделетін тауарларды өндіру жүзеге асыралытын орны бойынша жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органының және Комитеттің назарына жеткізеді. Лауазымды тұлға қажеттілігіне қарай, осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген іс-шараларды жүргізу үшін, акциз бекетінің кестесіне қосумен, Акциздік әкімшілендіру, ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерін, экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін тарту туралы ұсыным хат береді.
Тармақ 10
10. Бір жолғы индикаторлық бақылау пломбаларын қою және алуды лауазымды тұлға жүзеге асырады, ол туралы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пломбаларды қою және/немесе алу актісі жасалады.
Тармақ 11
11. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде аталған пломбаларды өндірушінің өкілі шешеді.
Тармақ 12
12. Лауазымды тұлға акциз бекетінде егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсен кейінгі жұмыс күні осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акциз бекеті бойынша (толысылған шараптан басқа) этил спирті және (немесе) алкоголь өнімдерін өндіру мен өткізу көлемдері бойынша есепті, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бензинді (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемдері туралы есепті, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемдері туралы есепті ақпараттық жүйе арқылы Комитетке беруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 13
13. Лауазымды тұлға акциз бекетінде болғаннан кейін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акцизделетін тауарлардың өндірісі мен өткізуін есепке алу журналын толтырады. Есепке алу журналы нөмірленеді, тігіледі және тиісті мемлекеттік кірістер органының басшысының қолы қойылып, мөрі басылады.
Тармақ 14
14. Акциз бекеттерінің қызметін бақылау ЕБА-ның, акциз бекетінде болу актісі, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі мәліметтерді көрсету арқылы деректерін талдау арқылы жүзеге асырылады.
Басқа 1. Этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндірушінің акциз бекетінде болу актісі
Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша нысан Этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндірушінің акциз бекетінде болу актісі 1-кесте № Кү­ні Ба­стап­қы бо­лу уа­қы­ты Есеп­ке алу ба­қы­лау ас­па­бы­ның (бұ­дан әрі - ЕБА) за­уыт­тық нө­мі­рі ЕБА-ның жұ­мыс іс­те­уі Этил спир­ті­нің өн­ді­рі­сі бой­ын­ша ЕБА көр­сет­кі­ші (де­ка­литр­де) Иә Жоқ Су­лы Су­сыз 1 2 3 4 5 6 7 8 Кестенің жалғасы Алкоголь өнімінің өндірісі бойынша ЕБА көрсеткіші Пломба қойылған орын Қойылған пломбалар саны Бір жолғы бақылау пломбасының нөмірі Желінің № Алкоголь өнімінің түрі Көлемі V (литр) Бөтелкеде 9 10 11 12 13 14 15 Кестенің жалғасы Плом­баның бар бо­луы Дай­ын өнім­де­гі есеп­ке алу­дың ба­қы­лау таң­ба­сы­ның бар бо­луы Бо­лу уа­қы­ты­ның аяқ­та­луы Ла­у­а­зым­ды адам­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (егер ол же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та көр­се­тіл­се) Ла­у­а­зым­ды адам­ның қо­лы Иә Жоқ Бар Жоқ 21 22 16 17 18 19 20 Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды өндірушінің акциз бекетінде болу актісі 2-кесте № Кү­ні Ба­стап­қы бо­лу уа­қы­ты ЕБА -ның за­уыттық нө­мі­рі ЕБА -ның жұ­мыс іс­те­уі Бен­зин (авиа­ци­я­лық бен­зин­ді қо­с­па­ған­да) және ди­зель оты­ны­ның, га­зо­хол, бен­за­нол, мұ­най еріт­кі­ші, же­ңіл кө­мір­су­лар­дың қо­с­па­ла­ры, эко­ло­ги­я­лық отын өн­ді­рі­сі, өт­кі­зу (ти­еп жө­нел­ту) бой­ын­ша ЕБА мә­лі­ме­ті Плом­ба қой­ы­л­ған орын Қой­ылған плом­балар са­ны Иә Жоқ ЕБА (шы­ғын өл­ше­гіш­тер, дең­гей өл­ше­гіш­тер) Мұ­най өні­мі­нің тү­рі Тонна 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Кестенің жалғасы Бір жолғы бақылау пломбасының нөмірі Пломбаның бар болуы Болу уақытының аяқталуы Лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) Лауазымды адамның қолы Иә Жоқ 12 13 14 15 16 17
Басқа 2. Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің қалдығын алу актісі
Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша нысан Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің қалдығын алу актісі Мен (бізбен) ________________________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің (қызметкерлерінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) лауазымы) ___________________________________________________________________________________________ (салық төлеушінің атауы (бизнес сәйкестендіру нөмірі), салық төлеуші өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) (жеке сәйкестендіру нөмірі) қатысуымен қалдығын алу жүргізілді. № Акцизделетін тауарлардың түрі Кезеңі (күні, уақыты) Саны (декалитр, мың дана, тонна) Ескерту (алкоголь өнімі үшін- декалитр, темекі өнімдері үшін – мың дана, бензин, дизель отыны, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсулардың қоспалары, экологиялық отын үшін – тонна) Басталды Аяқталды 1 2 3 4 5 6 1 Этил спирті 2 Алкоголь өнімі (сыра қайнату өнімінен басқа), оның ішінде алкоголь өнімдерінің түрлері бойынша 3 Бензин (авиациалық бензиннен басқа) (оның ішінде түрлері бойынша) 4 Дизель отыны 5 Газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсулардың қоспалары, экологиялық отын 6 Темекі өнімдері, оның ішінде темекі өнімдерінің түрлері бойынша Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) __________________________________________________________ _________ (қолы) Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) __________________________________________________________ _________ (қолы) Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) __________________________________________________________ _________ (қолы) Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) _______________________________________________________ _________ (қолы)
Басқа 3
Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша нысан _______________________ ________________________ (жасалған күні, уақыты) (жасалған орны) Мен (бізбен)_________________________________________________________________________ (Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің (қызметкерлерінің) Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) лауазымы) _________________________________________________________________________ қатысуымен (салық төлеушінің атауы (бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), салық төлеуші өкілінің Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН)) ________________________________________________________ _______________________ (пломба қойылған орын) _______________________________________________________________________________________ (бір жолғы бақылау пломбасының нөмірі және қойылған пломбаның саны) пломба қойылды немесе алынды. Пломбаның сақталуына салық төлеуші жауапты болады. Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) ________________________________________________________ ______________ (қолы) Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) ________________________________________________________ ______________ (қолы) Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) ________________________________________________________ ______________ (қолы) Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) ________________________________________________________ _______________ (қолы)
Басқа 4. Акциздік бекеттің бойынша этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің (толысылған шараптан басқа) өндірісі мен өткізу көлемі бойынша есебі 20 __жылғы _______ жағдай бойынша
Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымша нысан Акциздік бекеттің бойынша этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің (толысылған шараптан басқа) өндірісі мен өткізу көлемі бойынша есебі 20 __жылғы _______ жағдай бойынша № Өн­ді­ру­ші кә­сі­по­рын­ның биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (бұ­дан әрі- БСН-і) Өн­ді­ру­ші кә­сі­по­рын­ның ата­уы Күннің ба­сын­да­ғы өнім қалды­ғы Есеп­ті ке­зең­де өн­ді­рі­л­ген этил спир­тімен ал­ко­голь өні­мі Спирт­ті есеп­ке алу­дың ба­қы­лау ас­па­бы­ның көр­сет­кі­ші Тү­рі Өнім­нің ата­уы Бө­тел­ке­де (да­на) (бө­тел­ке­ге құй­ылған ал­ко­голь өні­мі үшін) Бө­тел­ке­нің сый­ым­ды­лы­ғы (бө­тел­ке­ге құй­ылған ал­ко­голь өні­мі үшін) Де­ка­литр Спирт кө­лемін өл­шейтін ап­параттың нө­мі­рі Сулы Сусыз 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Продолжение таблицы Ал­ко­голь өні­мін есеп­ке алу­дың ба­қы­лау ас­па­бы­ның көр­сет­кі­ші Құю же­лі­сі­нің нө­мірі Күн­нің ба­сы­на Күн­нің со­ңы­на V (литр) Бө­тел­ке ЕБТ-ң тех­ни­калық кө­ру құ­ра­лы­мен тір­кел­гелге­ні V-(литр) Бө­тел­ке ЕБТ-ң тех­ни­калық кө­ру құ­ра­лы­мен тір­кел­гелге­ні 13 14 15 16 17 18 19 Бас­қа жақ­тан кел­ген неме­се бұ­рын өт­кі­зі­л­ген өнім­ді ке­рі қай­та­ру Есеп­тік ке­зең­де заң­ды неме­се же­ке тұ­лға­лар­ға жө­нел­ті­л­ген этил спир­ті мен ал­ко­голь өні­мі Күн­нің со­ңын­да­ғы өнім­нің қал­ды­ғы Кі­ріс тү­рі (бас­қа жақ­тан кел­ген неме­се ке­рі қай­та­ры­л­ған) Түр­ле­рі бой­ын­ша Бө­тел­ке­нің сый­ым­ды­лы­ғы (бө­тел­ке­ге құй­ы­л­ған ал­ко­голь өні­мі үшін) Де­ка­литр Жет­кі­зу­ші­нің же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Жет­кі­зу­ші заң­ды неме­се же­ке тұл­ға­ның ата­уы Тү­рі Бө­тел­ке да­на­да (бө­тел­ке­ге құй­ы­л­ған ал­ко­голь өні­мі үшін) Бө­тел­ке­нің сый­ым­ды­лы­ғы (бө­тел­ке­ге құй­ы­л­ған ал­ко­голь өні­мі үшін) Де­ка­литр Алушы­ның ЖСН/ БСН-і Алушы заң­ды неме­се же­ке тұл­ға­ның ата­уы 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 Орындаушы: ___________________________________________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) байланыс телефон Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысандағы қосымшада келтірілді
Басқа 4.1. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Акциз бекеті бойынша этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің (толысылған шараптан басқа) өндірісі мен өткізу көлемі бойынша есебі»
Акциздік бекеттің бойынша этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің (толысылған шараптан басқа) өндірісі мен өткізу көлемі бойынша есебінің нысанына қосымша Нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Акциз бекеті бойынша этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің (толысылған шараптан басқа) өндірісі мен өткізу көлемі бойынша есебі»
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Акциз бекеті бойынша этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің (толысылған шараптан басқа) өндірісі мен өткізу көлемі бойынша есебі» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) осы бұйрықпен бекітілген Акциз бекетінің қызметін ұйымдастыру қағидаларының 12-тармағына сәйкес әзірленді. Нысанды жүргізудің негізгі мақсаты этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің (толысылған шараптан басқа) өндірісі мен өткізу көлемі бойынша деректерді алу.
Тармақ 2
2. Нысанды акциз бекетінде болғаннан кейінгі келесі жұмыс күні аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері толтырады, Нысанды ақпараттық жүйе арқылы Комитетке беруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Нысан этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің (толысылған шараптан басқа) өндіруші кәсіпорындар ұсынған деректердің негізінде толтырылады және ұсынылады.
Тарау 2. 2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 4
4. Нысандағы 1-бағанда жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысандағы 2-бағанда өндіруші кәсіпорынның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысандағы 3-бағанда өндіруші кәсіпорынның толық атауы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысандағы 4-бағанда күннің басындағы өнім қалдығы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысандағы 5-бағанда Есепті кезеңде өндірілген өнімнің түрі көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысандағы 6-бағанда есепті кезеңде өндірілген өнімнің атауы көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысандағы 7-бағанда есепті кезеңде өндірілгені бөтелкенің саны (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Нысандағы 8-бағанда есепті кезеңде өндірілгені бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысандағы 9-бағанда есепті кезеңде өндірілген өнімнің көлемі декалитрде көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Нысандағы 10-бағанда бақылау спирт көлемін өлшейтін аппараттың нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Нысандағы 11-бағанда спиртті есеп алудың бақылау аспабының көрсеткіші – «сулы» көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Нысандағы 12-бағанда спиртті есепке алудың бақылау аспабының көрсеткіші – «сусыз» көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Нысандағы 13-бағанда құю желісінің нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Нысандағы 14-бағанда алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің басындағы көрсеткіші V (литр) көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Нысандағы 15-бағанда алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің басындағы көрсеткіші бөтелкеде көрсетіледі.
Тармақ 19
19. Нысандағы 16-бағанда ЕБТ-ның техникалық көру құралымен тіркелген алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің басындағы көрсеткіші көрсетіледі.
Тармақ 20
20. Нысандағы 17-бағанда алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің соңындағы көрсеткіші V (литр) көрсетіледі.
Тармақ 21
21. Нысандағы 18-бағанда алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің соңындағы көрсеткіші бөтелкеде көрсетіледі.
Тармақ 22
22. Нысандағы 19-бағанда ЕБТ-ның техникалық көру құралымен тіркелген алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің соңындағы көрсеткіші көрсетіледі.
Тармақ 23
23. Нысандағы 20-бағанда алкоголь өнімнің кіріс түрі (басқа жақтан келген немесе кері қайтарылған) көрсетіледі.
Тармақ 24
24. Нысандағы 21-бағанда басқа жақтан келген өнімнің немесе бұрын өткізілген өнімді кері қайтару түрлері бойынша көрсетіледі.
Тармақ 25
25. Нысандағы 22-бағанда басқа жақтан келген немесе бұрын өткізілген өнімді кері қайтарылған бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) көрсетіледі.
Тармақ 26
26. Нысандағы 23-бағанда басқа жақтан келген өнімнің немесе бұрын өткізілген өнімнің кері қайтарылған көлемі декалитрде көрсетіледі.
Тармақ 27
27. Нысандағы 24-бағанда жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 28
28. Нысандағы 25-бағанда жеткізуші заңды және жеке тұлғаның атауы көрсетіледі.
Тармақ 29
29. Нысандағы 26-бағанда есепті кезеңде заңды және жеке тұлғаларға этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі (толысылған шараптан басқа) жөнелтілген өнімнің түрі көрсетіледі.
Тармақ 30
30. Нысандағы 27-бағанда есепті кезеңде заңды және жеке тұлғаларға жөнелтілген бөтелкенің саны (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) данада көрсетіледі.
Тармақ 31
31. Нысандағы 28-бағанда есепті кезеңде заңды және жеке тұлғаларға жөнелтілген бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) данада көрсетіледі.
Тармақ 32
32. Нысандағы 29-бағанда есепті кезеңде заңды және жеке тұлғаларға жөнелтілген көлемі декалитрде көрсетіледі.
Тармақ 33
33. Нысандағы 30-бағанда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 34
34. Нысандағы 31-бағанда алушы заңды және жеке тұлғаның атауы көрсетіледі.
Тармақ 35
35. Нысандағы 32-бағанда этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің (толысылған шараптан басқа) күннің соңындағы өнімнің қалдығы көрсетіледі.
Басқа 5. Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемі туралы есебі 20 __жылғы _______ жағдай бойынша
Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымша нысан Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемі туралы есебі 20 __жылғы _______ жағдай бойынша № Өн­ді­ру­шінің биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (бұ­дан әрі -БСН) Өн­ді­руші кә­сі­по­рын­ның ата­уы Мұ­най өні­мі­нің тү­рі Да­ра сәй­кестен­ді­ру ко­ды Ти­еп жө­нел­ті­л­ген бен­зин (авиа­ци­я­лық бен­зин­ді қо­с­па­ған­да) және ди­зель отын, га­зо­хол, бен­за­нол, мұ­най еріт­кі­ші, же­ңіл кө­мір­су­лар­дың қо­с­па­ла­ры, эко­ло­ги­я­лық отын (тон­на­да) Операция ко­ды Іле­с­пе жүкқұ­жа­тының кү­ні Іле­с­пе жүк­құ жа­ты­ның нө­мі­рі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Кестенің жалғасы Алушы­ның БСН-і Алушы кә­сі­по­рын­ның ата­уы Бен­зин (авиа­ци­я­лық бен­зин­ді қо­с­па­ған­да) және ди­зель оты­нын, га­зо­хол­ды, бен­за­нол­ды, мұ­най еріт­кі­шін, же­ңіл кө­мір­су­лар­дың қо­с­па­ла­рын, эко­ло­ги­я­лық отын­ды жет­кі­зу ме­кен­жайы Ти­еп жө­нел­ту тү­рі (те­мір жол, ав­то­кө­лік, құ­быр же­лі­сі ар­қы­лы) 10 11 12 13 Орындаушы: ___________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) байланыс телефоны Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілді.
Басқа 5.1. «Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемі туралы есебі» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемі туралы есебінің нысанына қосымша «Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемі туралы есебі» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемі туралы есебі» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) осы бұйрықпен бекітілген Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларының 12-тармағына сәйкес әзірленді. Нысанды жүргізудің негізгі міндеті бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемі бойынша мәліметтерді алу.
Тармақ 2
2. Нысанды акциз бекетінде болғаннан кейінгі келесі жұмыс күні аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері толтырады, Нысанды ақпараттық жүйе арқылы Комитетке беруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Нысан мұнай өндіруші кәсіпорындар ұсынған деректер негізінде толтырылады және ұсынылады.
Тарау 2. 2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 4
4. Нысанның 1-бағанында реті бойынша нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 2-бағанында өндірушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 3-бағанында өндіруші кәсіпорынның атауы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 4-бағанында бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, газахолдың, бензанолдың, мұнай еріткішінің, жеңіл көмірсулар қоспаларының, экологиялық отынның түрі көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 5-бағанында дара сәйкестендіру коды көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 6-бағанында тиеп жөнелтілетін мұнай өнімінің көлемі (тоннада) көрсетіледі
Тармақ 10
10. Нысанның 7-бағанында операцияның коды көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Нысанның 8-бағанында ілеспе жүкқұжаттың күні көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның 9-бағанында ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Нысанның 10-бағанында алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Нысанның 11-бағанында алушы кәсіпорынның атауы көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Нысанның 12-бағанында бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, газахол, бензанол, мұнай еріткішінің, жеңіл көмірсулар қоспалары, экологиялық отынды жеткізу мекенжайы көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Нысанның 13-бағанында тиеп жөнелту түрі (теміржол, автокөлік, құбыржелісі арқылы) көрсетіледі.
Басқа 6. Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемі туралы есебі 20 __жылғы _______ жағдай бойынша
Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 6-қосымша нысан Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемі туралы есебі 20 __жылғы _______ жағдай бойынша Мың да­на № Өн­ді­рі­л­ген те­ме­кі өнім­де­рі Те­ме­кі өнім­де­рі­нің им­пор­ты Те­ме­кі өнім­де­рін өт­кі­зу Бар­лы­ғы Отан­дық өн­ді­ріс Им­порт өн­ді­рі­сі Экс­порт­қа 1 2 3 4 5 6 7 Орындаушы: ___________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) байланыс телефоны Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілді
Басқа 6.1. «Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемдері туралы есебі» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемдері туралы есебінің нысанына қосымша «Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемдері туралы есебі» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемдері туралы есебі» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) осы бұйрықпен бекітілген Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларының 12-тармағына сәйкес әзірленді. Нысанды жүргізудің негізгі міндеті темекі өнімдерін өндіру және импортының көлемі бойынша мәліметтерді алу.
Тармақ 2
2. Нысанды акциз бекетінде болғаннан кейінгі келесі жұмыс күні аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері толтырады, Нысанды ақпараттық жүйе арқылы Комитетке беруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Нысан темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындар ұсынған деректер негізінде толтырылады және ұсынылады.
Тарау 2. 2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 4
4. Нысанның 1-бағанында реті бойынша нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 2-бағанында өндірілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 3-бағанында импортталатын темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 4-бағанында өткізілген темекі өнімдерінің жалпы саны мың данада көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 5-бағанында өткізілген отандық өндірілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 6-бағанында өткізілген импорттық өндірілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 7-бағанында экспортқа өткізілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.
Басқа 7. Акцизделетін өнімдердің өндірісі мен өткізуін есепке алу журналы
Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 7-қосымша Акцизделетін өнімдердің өндірісі мен өткізуін есепке алу журналы Кү­ні Са­лық тө­ле­у­ші­нің ата­уы Са­лық тө­ле­у­ші­нің биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Ак­ц­и­з­де­ле­тін өнім­дер­дің өн­ді­рі­сі және өт­кі­зуі (этил спир­ті мен ал­ко­голь өні­мі үшін - де­ка­литр, те­ме­кі өні­мі үшін – мың да­на, бен­зин (авиа­ци­я­лық бен­зин­ді қо­с­па­ған­да) және ди­зель оты­ны, га­зо­хол, бен­за­нол, мұ­най еріт­кі­ші, же­ңіл кө­мір­су­лар қо­с­па­ла­ры, эко­ло­ги­я­лық отын үшін – тон­на) Ак­циз де­ле­тін өнім­ді өн­ді­ру­ші­нің жа­у­ап­ты ада­мы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (егер ол же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та көр­се­тіл­се) және қо­лы Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­га­ны­ның ла­у­а­зым­ды қыз мет­ке­рі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (егер ол же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та көр­се­тіл­се) және қо­лы Күннің ба­сын­да­ғы қалдық Бір күн­де өн­ді іл­ге­ні Өн­дір іс­ке жі­бер іл­ге­ні Өн­ді­рі­стік шы­ғын­дар Бір, күнде өт­кіз іл­ге­ні Күн со­ңында­ғы қал­дық 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11