Об утверждении перечня государств с льготным налогообложением Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 294-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті (Ж. Д. Іңкәрбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбек он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тiзбесi
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 8 ақпандағы №142 бұйрығымен бекітілген Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тiзбесi
Тармақ 1
1. Андорра Княздығы.
Тармақ 2
2. Антигуа және Барбуда.
Тармақ 3
3. Багам аралдары Достастығы.
Тармақ 4
4. Барбадос.
Тармақ 5
5. Бахрейн Корольдігі.
Тармақ 6
6. Белиз.
Тармақ 7
7. Бруней Даруссалам Сұлтанаты.
Тармақ 8
8. Вануату Республикасы.
Тармақ 9
9. Гайана Кооператив Республикасы.
Тармақ 10
10. Гватемала Республикасы.
Тармақ 11
11. Гренада.
Тармақ 12
12. Джибути Республикасы.
Тармақ 13
13. Доминика Республикасы.
Тармақ 14
14. Доминика Достастығы.
Тармақ 15
15. Испания Корольдігі (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана).
Тармақ 16
16. Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана).
Тармақ 17
17. Колумбия Республикасы.
Тармақ 18
18. Ислам Федеральдық Республикасы Комор аралдары.
Тармақ 19
19. Коста-Рика Республикасы.
Тармақ 20
20. Малайзия (Лабуан анклавы аумағы бөлігінде ғана).
Тармақ 21
21. Либерия Республикасы.
Тармақ 22
22. Ливан Республикасы.
Тармақ 23
Тармақ 24
24. Маврикий Республикасы.
Тармақ 25
25. Мавритания Ислам Республикасы.
Тармақ 26
26. Португалия Республикасы (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана).
Тармақ 27
27. Мальдив Республикасы.
Тармақ 28
28. Маршалл аралдары Республикасы.
Тармақ 29
29. Монако Княздығы.
Тармақ 30
30. Мальта.
Тармақ 31
31. Мариан аралдары.
Тармақ 32
32. Марокко Корольдігі (Танжер қаласы аумағы бөлігінде ғана).
Тармақ 33
33. Мьянма Одағы Республикасы.
Тармақ 34
34. Науру Республикасы.
Тармақ 35
35. Нидерланды Корольдігі (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана).
Тармақ 36
36. Нигерия Федеративтік Республикасы.
Тармақ 37
37. Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана).
Тармақ 38
38. Палау Республикасы.
Тармақ 39
39. Панама Республикасы.
Тармақ 40
40. Самоа Тәуелсіз Мемлекеті.
Тармақ 41
41. Сан-Марино Республикасы.
Тармақ 42
42. Сейшель аралдары Республикасы.
Тармақ 43
43. Сент-Винсент және Гренадины.
Тармақ 44
44. Сент-Китс және Невис Федерациясы.
Тармақ 45
45. Сент-Люсия.
Тармақ 46
46. Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):
Тармақша 1
1) Ангилья аралдары;
Тармақша 2
2) Бермуд аралдары;
Тармақша 3
3) Британдық Виргин аралдары;
Тармақша 4
4) Гибралтар;
Тармақша 5
5) Кайман аралдары;
Тармақша 6
6) Монтсеррат аралы;
Тармақша 7
7) Теркс және Кайкос аралдары;
Тармақша 8
8) Мэн аралы;
Тармақша 9
9) Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
Тармақша 10
10) Оңтүстік Георгия аралы;
Тармақша 11
11) Оңтүстік Сэндвич аралдары;
Тармақша 12
12) Чагос аралы.
Тармақ 47
47. Америка Құрама Штаттары (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):
Тармақша 1
1) Американдық Виргин аралдары;
Тармақша 2
2) Гуам аралы;
Тармақша 3
3) Пуэрто-Рико Достастығы;
Тармақша 4
4) Вайоминг штаты;
Тармақша 5
Тармақ 48
48. Суринам Республикасы.
Тармақ 49
49. Біріккен Танзания Республикасы.
Тармақ 50
50. Тонга Корольдігі.
Тармақ 51
51. Тринидад и Тобаго Республикасы.
Тармақ 52
52. Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы.
Тармақ 53
53. Филиппин Республикасы.
Тармақ 54
54. Француз Республикасы (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):
Тармақша 1
1) Кергелен аралдары;
Тармақша 2
2) Франциялық Полинезия;
Тармақша 3
3) Франциялық Гвиана.
Тармақ 55
55. Черногория.
Тармақ 56
56. Шри-Ланка Демократиялық Республикасы.
Тармақ 57
57. Ямайка.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 142 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1.«Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 595 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10097 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 қаңтарда жарияланған);
Тармақ 2
2.«Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 595 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 139 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10462 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 наурызда жарияланған);
Тармақ 3
3.«Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 393 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11833 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 тамызда жарияланған);
Тармақ 4
4. «Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердiң тiзбесiн бекiту туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 480 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 14296 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 қазанда жарияланған).