Об утверждении схемы пастбищеоборотов на основании геоботанического обследования пастбищ по Бейнеускому району Күшін жойған
Басқа 0
Бейнеу ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 9 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Бейнеу ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ж.Теміров) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Қ.Әбілшеевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Бейнеу аудандық ауыл
шаруашылығы және ветеринария
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
С.Қабиев
« 19 » 02 2018 жыл
«Бейнеу аудандық жер қатынастары,
сәулет және қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж.Теміров
« 19 » 02 2018 жыл
Басқа 5
Бейнеу ауданының әкімдігінің
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 33 қаулысына қосымша
Бейнеу ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы