О некоторых вопросах заключения срочного трудового договора Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мерзімді еңбек шартын жасасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 357 Жарлығымен бекiтiлген Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ереженiң 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған мерзiмдi еңбек шартының үлгiлiк нысаны бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық және ұйымдастыру-кадр жұмыстары департаментi және аумақтық органдардың басшылары Заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк қызметке қабылданатын және мiндеттi арнайы тексеруден өтпеген тұлғалармен мерзiмдi еңбек шартын жасасуды;
Тармақша 2
2) еңбек шарты жасалғаннан немесе бұзылғаннан кейiн қызметкерлердiң қабылданғаны немесе босатылғаны туралы бұйрық шығаруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржылық және ұйымдастыру-кадр жұмыстары департаментiне жүктелсiн.
Тармақ 4. МЕРЗIМДI ЕҢБЕК ШАРТЫНЫҢ YЛГIЛIК НЫСАНЫ
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қаржы министрi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 4 сәуірдегі N 164 бұйрығымен бекiтiлген МЕРЗIМДI ЕҢБЕК ШАРТЫНЫҢ YЛГIЛIК НЫСАНЫ Астана қаласы               2002 жылғы "___" _______   N ______ Бұдан әрi "Жұмыс берушi" деп аталатын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң атынан Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қаңтардағы N 48  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ереженiң негiзiнде әрекет ететiн ________________ (шартқа қол қоюға ________________ және бұдан әрi "Қызметкер" деп аталатын уәкiлеттi тұлғаның лауазымы, аты-жөнi) азамат ___________________________________________ (аты-жөнi, тегi) бұдан әрi бiрлесiп Тараптар деп аталатындар, "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 23.07.99 ж.  Заңының негiзiнде мына төмендегiлер туралы осы Шартты жасасты.
Тармақ 1. 1. Шарттың мән-жайы
1. Шарттың мән-жайы
Тармақ 1.1
1.1. Жұмыс берушi мiндеттi арнайы тексеруден өту кезеңiнде штат кестесiне сәйкес және осы Шартта анықталған ережелерде _____________________________________________________________ ______________ лауазымындағы жұмысты орындауды ұсынады, ал Қызметкер - конкурстың жеңiмпазы (немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң резервiнен қабылданған) келiседi.
Тармақ 2. 2. Шарттың әрекет ету мерзiмi
2. Шарттың әрекет ету мерзiмi
Тармақ 2.1
2.1. Осы Шарт ________________________________________ кезеңге арналып жасалды. Еңбек мiндеттерiн жүзеге асырудың басталу күнi: 200 жылғы "__"_________
Тармақ 2.2
2.2. Жұмыс iстеу кезеңiнде Қызметкерге "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының (бұдан әрi - Заң) нормалары, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерi және осы Шарттың ережелерi қолданылады.
Тармақ 3. 3. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi
3. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi
Тармақ 3.1
3.1. Қызметкер:
Тармақ 3.1.1
3.1.1. Заңда белгiленген тәртiппен жұмыс берушiмен жеке еңбек шартын жасасуға, өзгертуге және бұзуға;
Тармақ 3.1.2
3.1.2. қауiпсiздiк пен гигиена талаптарына жауап беретiн еңбек жағдайларына;
Тармақ 3.1.3
3.1.3. демалуға;
Тармақ 3.1.4
3.1.4. олардың еңбек мiндеттерiнiң орындалуына байланысты оның денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянның орнын толтыруға;
Тармақ 3.1.5
3.1.5. кепiлдiктер мен өтемақылар беруге;
Тармақ 3.1.6
3.1.6. Жұмыс берушіден жеке еңбек шартында Тарапты бiлдiретiн лауазымды тұлғаның өкiлеттiктерiн растауын талап етуге;
Тармақ 3.1.7
3.1.7. ұжымдық шартпен және жұмыс берушiнiң кесiмдерiмен танысуға және әзiрлеуге қатысуға;
Тармақ 3.1.8
3.1.8. өзiнiң кәсiби бiлiктiлiгiн көтеруге құқылы.
Тармақ 3.2
3.2. Қызметкер:
Тармақ 3.2.1
3.2.1. жұмыс кезеңiнде оған жүктелген функционалдық мiндеттер мен мiндеттердi сапалы және уақытылы орындауға;
Тармақ 3.2.2
3.2.2. Iшкi еңбек тәртiбi ережесiн, қауiпсiздiк техникасын, Жұмыс берушiнiң басқа да iшкi нормативтiк құқықтық кесiмдерiн сақтауға;
Тармақ 3.2.3
3.2.3. Жұмыс берушiнiң мүлкiне ұқыпты қарауға, залалды болдырмау үшiн шаралар қабылдауға;
Тармақ 3.2.4
3.2.4. өз қызметiнде осы Шарттың ережелерiн, Жұмыс берушiнiң шешiмдерiн, бұйрықтарын және өкiмдерiн, тiкелей басшының нұсқауларын басшылыққа алуға мiндеттенедi.
Тармақ 3.3
3.3. Жұмыс берушi:
Тармақ 3.3.1
3.3.1. Заңда белгiленген тәртiппен Қызметкермен жеке еңбек шартын жасасуға, өзгертуге және бұзуға;
Тармақ 3.3.2
3.3.2. Қызметкерден белгiлi еңбек түрiмен айналысу және (немесе) белгiлi қызметпен айналысу мүмкiндiгiн растайтын Заңда көзделген құжаттарды ұсынуды талап етуге;
Тармақ 3.3.3
3.3.3. өз құзыретiнiң шегiнде жұмыс берушiнiң кесiмдерiн шығаруға;
Тармақ 3.3.4
3.3.4. Заңда және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерде белгiленген тәртiппен Қызметкердi көтермелеуге, оны тәртiптiк және материалдық жауапкершiлiкке тартуға;
Тармақ 3.3.5
3.3.5. оған Қызметкер келтiрген зиянның орнын толтыруға;
Тармақ 3.3.6
3.3.6. сот шешiмi бойынша заңсыз деп танылған ереуiлдi ұйымдастыруға және жүргiзуге ол қатысқан кезде Қызметкердi жұмыстан босатуға;
Тармақ 3.3.7
3.3.7. Қызметкерге сынақ мерзiмiн белгiлеуге құқылы.
Тармақ 3.4
3.4. Жұмыс берушi:
Тармақ 3.4.1
3.4.1. Қызметкерге осы Шартпен негiзделген жұмысты ұсынуға, Қызметкердi үй-жаймен, жабдықтармен, қажеттi құжаттамамен, ақпаратпен, нұсқаулықтармен, нормативтiк құқықтық кесiмдермен және оның мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi өзге де материалдармен қамтамасыз етуге;
Тармақ 3.4.2
3.4.2. Қызметкерге жалақыны және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде көзделген өзге төлемдердi уақытылы және толық көлемде төлеуге;
Тармақ 3.4.3
3.4.3. гигиена мен қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн еңбек жағдайын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
Тармақ 4. 4. Тараптардың жауапкершілiгi
4. Тараптардың жауапкершілiгi
Тармақ 4.1
4.1. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi:
Тармақ 4.1.1
4.1.1. Жұмыс берушi Қызметкерге толық және уақытылы еңбекақы төленуi үшiн жауап бередi.
Тармақ 4.2
4.2. Қызметкердiң жауапкершiлiгi:
Тармақ 4.2.1
4.2.1. Қызметкер өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде Жұмыс берушiге келтiрген материалдық залал үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап бередi. Қызметкер келтiрген залалдың мөлшерi тиiстi құжаттарды ресiмдей отырып, бухгалтерлiк есеп деректерiнiң негiзiнде iс жүзiндегi шығын бойынша анықталады;
Тармақ 4.2.2
4.2.2. Залалдың орнын толтыру Тараптар арасында келiсiм бойынша, оның iшiнде "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабына сәйкес "Қызметкерге" тиесiлi жалақыны ұстау арқылы да жүргiзiледi;
Тармақ 4.2.3
4.2.3. Қызметкер келiспеген жағдайда, мәселе сот тәртiбiмен шешiледi.
Тармақ 5. 5. Жұмыс уақыты
5. Жұмыс уақыты
Тармақ 5.1
5.1. Қызметкер үшiн екi демалыс күнi бар бес күндiк жұмыс аптасы белгiленсiн.
Тармақ 6. 6. Демалыс уақыты
6. Демалыс уақыты
Тармақ 6.1
6.1. Қызметкерге демалуға және тамақтануға 13.00-ден бастап 14.00-ге дейiн уақыт берiледi.
Тармақ 6.2
6.2. Қазақстан Республикасында белгiленген мерекелiк күндерi жұмыс жүргiзiлмейдi.
Тармақ 6.3
6.3. Демалыс күндерi жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда рұқсат етiледi:
Тармақ 6.3.1
6.3.1. төтенше жағдайларды немесе табиғи апаттарды, өндiрiстi апатты болдырмау не олардың салдарын тезарада жою үшiн;
Тармақ 6.3.2
6.3.2. тұтастай алғанда ұйымның немесе оның жеке бөлiмшелерiнiң одан әрi қалыпты жұмыс iстеуi шұғыл орындалуына байланысты кезек күттiрмейтiн, алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау үшiн.
Тармақ 6.4
6.4. Жұмыс берушiге жұмыс орнын (қызметiн) және орташа жалақысын сақтай отырып, ұзақтығы 30 күнтiзбелiк күн жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысына кепiлдiк берiледi.
Тармақ 6.5
6.5. Тараптардың келiсiмi бойынша Қызметкердiң өтiнiшi негiзiнде жалақысы сақталмайтын демалыс берiлуi мүмкiн.
Тармақ 6.6
6.6. Шарт оның негiзiне қарамастан бұзылған жағдайда, Қызметкерге егер ол жыл сайынғы еңбек демалысына өз құқығын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған болса, өтемақы төленедi.
Тармақ 6.7
6.7. Қызметкерге емтихан тапсыру, дипломдық жобасын дайындау және қорғау, бiтiру емтихандарын тапсыру кезеңiнде ақысы төленбейтiн қосымша демалыс берiледi.
Тармақ 7
7. Шартты бұзудың ере желерi
Тармақ 7.1
7.1. Осы Шарт Тараптардың екi жақты келiсiмi бойынша жазбаша түрде баяндалған өзара келiсiлген ережелермен, Шарттың әрекет ету мерзiмi аяқталғанға дейiн бұзылуы мүмкiн.
Тармақ 7.2
7.2. Осы Шарт: - осы Шарттың ережелерiн бұзған, Қызметкердiң тарапынан дәлелдi себептерсiз лауазымдық мiндеттемелерi орындалмаған жағдайда; - заңнамада көзделген басқа да жағдайларда Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзылуы мүмкiн.
Тармақ 7.3
7.3. Осы Шарт Қызметкердiң бастамасы бойынша бұзылуы мүмкiн, ол туралы Қызметкер Жұмыс берушiге болжамдалып отырған бұзу күнiне дейiн бiр айдан кешiктiрмей жазбаша түрде хабарлауы тиiс.
Тармақ 8. 8. Толықтырулар мен өзгерiстер
8. Толықтырулар мен өзгерiстер
Тармақ 8.1
8.1. Осы Шартқа барлық өзгерiстер мен толықтырулар жазбаша түрде енгiзiледi және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 9
9. Даулар мен ала уыздықтар
Тармақ 9.1
9.1. Қызметкер мен Жұмыс берушi арасында туындайтын даулар мен келiспеушiлiктердi Тараптар келiссөздер жолымен, ал өзара келiсiмге қол жеткiзу мүмкiн болмаған кезде - сот тәртiбiмен шешедi.
Тармақ 10. 10. Ерекше жағдайлар
10. Ерекше жағдайлар
Тармақ 10.1
10.1. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысында сақталатын екi данада мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жасанды және бiрдей заң күшi бар.
Тармақ 10.2
10.2. Осы Шарт 200_ ж. "___"________ бастап күшiне енедi.
Тармақ 11. 11. Тараптардың деректемелері
11. Тараптардың деректемелері
Тармақ 11.1
11.1. "Жұмыс беруші": Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, ____________________________________________________________ Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 33, Министрліктер үйі. ______________________________________________________
Тармақ 11.2
11.2. "Қызметкер":____________________________________ жеке куәлігі (төлқұжаты)______________________________ берген:_______________________________________________ тұрғылықты жері:______________________________________ әлеуметтік жеке коды__________________________________ салық төлеушінің тіркеу нөмірі________________________ телефоны:_____________________________________________
Тармақ 12. 12. Тараптардың қолдары
12. Тараптардың қолдары Жұмыс беруші ______________         Қызметкер ________ (қолы)                           (қолы) М.О.