Об утверждении формы и Правил представления талона о прохождении государственного контроля, выдаваемого структурными подразделениями территориального подразделения Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның нысаны және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 442-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның нысаны;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткендігі туралы талон нысанын және оны табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 224 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2013 жылғы 2 мамырдағы № 219 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8495 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2013 жылғы 20 маусымда № 90 (2465) жарияланған).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 85 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 6 ақпандағы № 5 нс бірлескен бұйрығына 1-қосымша нысан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту уақыты 20___ жыл «___» ________ М.О. * Өткізу пунктінің атауы _________________ АКҚ түрі (тиісті торкөзде көрсетіңіз) Жүк Автобус Жеңіл АКҚ мемлекеттік тиесілігі (тиісті торкөзде көрсетіңіз) Қазақстан Ресей Беларусь Өзбекстан Қырғызстан Басқа мемлекет_______________________ АКҚ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің нөмірі ________________________________________ АКҚ тіркемесінің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің нөмірі ________________________________________ Талонды толтырушы тұлғаның немесе импортталатын тауарға жауапты тұлғаның (ЖСН) ** ЖСН Тауарларды импорттайтын заңды тұлғалардың (БСН) БСН Талонды толтырушы тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________________________/ ________________ Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған (қолы) жағдайда) Аббревиатуры ашып жазу: АКҚ – автокөлік құралы; БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі; ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі; М.О. – мөртабан орны. ескертпе: * автомобиль өткізу пунктінің атауын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күнінің көрсетілуімен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшесі мөртабанының орны. ** заңды тұлғаның атынан талонды толтырған, тұлға толтырады.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 85 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 6 ақпандағы № 5 нс бірлескен бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды (бұдан әрі – талон) ұсыну қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 442-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні талон негізінде айқындалады. Салық төлеушінің импортталған тауарларды есепке қабылдаған күні, атап айтқанда, тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн салық салынатын импорттың жасалған күні болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну тәртібі
2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонды ұсыну тәртібі
Тармақ 3
3. Талонды беруді тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері жүргізеді.
Тармақ 4
4. Автомобиль өткізу пункттерінде талонды тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға бір данада толтырады.
Тармақ 5
5. Тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға талонды толтырғаннан кейін Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан автокөлік құралының өткендігі туралы талонға автомобиль пунктінің атауы мен кесіп өту мерзімі көрсетілген мөртабан қояды.
Тармақ 6
6. Егер тауар бірнеше салық төлеушілерге тиесілі болған жағдайда, тасымалдаушы немесе тауарға жауапты тұлға талонның түпнұсқасын салық төлеушіге тауар алғаш жеткізілген кезде береді, қалған салық төлеушілерге талонның көшірмелерін береді.
Тармақ 7
7. Талонмен автомобиль өткізу пункттеріндегі Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері қамтамасыз етуді мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.