Об утверждении формы сведений о плательщиках платы за пользование лицензией на занятие отдельными видами деятельности и объектах обложения Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтердің нысанын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 555-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтердің нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электрондық және қағаз түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің м.а. ___________________ Е. Қожағапанов 2018 жылғы 15 ақпан
Басқа 8
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген Нысан № Ли­цен­зи­я­ны ал­ған заң­ды тұ­лға­лар­дың ата­уы және да­ра кә­сіп­кер­лер­дің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де) Са­лық тө­ле­у­ші­нің ор­на­лас­қан же­рі­нің ме­кен­жайы БСН /ЖСН Ли­цен­зи­я­ның бе­рі­л­ген кү­ні және нө­мі­рі Ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет тү­рі Тө­ле­ма­қы­ның жыл­дық мөл­шер­ле­ме­сі (АЕК) Тө­ле­ма­қы­ның жыл­дық со­ма­сы (7-б. х АЕК) Ли­цен­зи­я­ны пай­да­ла­ну ке­зе­ңі тоқ­сан­да (ай са­ны) Ағым­да­ғы тоқ­сан­да бюд­жет­ке ен­гі­зі­лу­ге жа­та­тын тө­ле­ма­қы со­ма­сы (8-б./12 х 9-б.), тең­ге 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ЖИЫ­НЫ: _______________________________________________________________ ______________ (Лицензияларды беру бойынша тиісті әрекеттерді жүзеге асыратын (қолы) уәкілетті мемлекеттік орган басшысының (ол болған кезде) не оны алмастыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) _______________________________________________________________ ______________ (Ақпараттарды жасауға жауапты жұмыскердің тегі, аты, әкесінің (қолы) аты (ол болған кезде) МО Жасалған күні 20___ ж. «___» ____________ Ескертпе: «Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген. Аббревиатураны ашып жазу: БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі; ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі; АЕК- республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш.
Басқа 9
«Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер» нысанына қосымша
Тармақ 1
1. Нысан «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 555-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Нысанды ақпараттарды жасауға жауапты лауазымды тұлға толтырады және тоқсан сайын аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмейтін мерзімде ұсынады.
Тармақ 3
3. Нысанға бірінші басшы не оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ ақпараттарды жасауға жауапты лауазымды тұлға қол қояды және мөрмен бекітіледі.
Тармақ 4
4. «№» деген 1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі. Одан кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс.
Тармақ 5
5. «Лицензияны алған заңды тұлғалардың атауы және дара кәсіпкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)» деген 2-бағанда лицензияны алған заңды тұлғалардың атауы және дара кәсіпкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.
Тармақ 6
6. «Салық төлеушінің орналасқан жерінің мекенжайы» деген 3-бағанда салық төлеушінің облысы, ауданы, қаласы, кенті, ауылы, көшенің атауы (даңғыл, тұйық көше, шағын аудан), үй, кеңсе нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 7
7. «БСН/ЖСН» деген 4-бағанда 2-бағанда көрсетілген заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе 2-бағанда көрсетілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 8
8. «Лицензияның берілген күні және нөмірі» деген 5-бағанда «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен лицензияларды беру бойынша тиісті әрекеттерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органы берген лицензияның нөмірі және күні көрсетіледі.
Тармақ 9
9. «Лицензияланатын қызмет түрі» деген 6-бағанда лицензиялардың түрі көрсетіледі.
Тармақ 10
10. «Төлемақының жылдық мөлшерлемесі (АЕК)» деген 7-бағанда республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен шыға отырып төлемақының жылдық мөлшерлемесі көрсетіледі.
Тармақ 11
11. «Төлемақының жылдық сомасы» (7-б х АЕК) деген 8-бағанда республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен шыға отырып төлемақының жылдық сомасы көрсетіледі.
Тармақ 12
12. «Лицензияны пайдалану кезеңі тоқсанда (ай саны)» деген 9-бағанда лицензияны пайдаланған айдың саны көрсетіледі.
Тармақ 13
13. «Ағымдағы тоқсанда бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы (8-б./12 х 9-б.), теңге» деген 10-бағанда ағымдағы тоқсанда бюджетке енгізілуге жататын есепке жазылған сома теңгеде көрсетіледі.