Об утверждении Правил, сроков и формы представления сведений лицами, осуществляющими пересылку, перевозку, доставку товаров при электронной торговле товарами по запросу органов государственных доходов Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидаларын, мерзімдері мен нысанын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 28-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидалары, мерзімдері және нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдау, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидалары, мерзімдері мен нысаны
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 221 бұйрығына қосымша Мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдау, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидалары, мерзімдері мен нысаны
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидалары, мерзімдері мен нысаны әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидаларын, мерзімдері мен нысанын айқындайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік кірістер органдары салықтық тексеру барысында не жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша алшақтықтарды анықтаған кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген тұлғалардан қосымша ақпараттарды алу мақсатында тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жіберуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаларға сұрау салуды жолдайды. Бұл ретте, мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы салық төлеушіге (салық агентіне) келу тәртібінде не хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы табыс етіледі.
Тармақ 3
3. Салық төлеуші (салық агенті) мемлекеттік кірістер органының сұрау салуында көрсетілген мәліметті және (немесе) құжаттарды мемлекеттік кірістер органына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табыс етеді.
Тармақ 4
4. Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жіберуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлға мәліметті осындай сұрау салуды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде ілеспе хатпен қағаз тасығышта келу тәртібінде, пошта арқылы тапсырыс хатпен не электрондық нысанда табыс етеді.
Басқа 1. Мемлекеттік кірістер органының
Мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлардың электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидалары, мерзімдеріне мен нысанына 1-қосымша нысан Мемлекеттік кірістер органының 20__ жылдан бастап 20___ жылға дейінгі кезеңге мәліметтерді беруге сұрау салуы Салық төлеушінің (салық агентінің) атауы___________________________________________________ ЖСН /БСН __________________________________________ Сұрау салуды жолдаудың себептері _________________________________________________________________________ Осыған байланысты, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса отырып, тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жіберуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыру туралы мәліметтерді беру қажет. Мемлекеттік кірістер органының басшысы (орынбасары) ______________________________________________________________ (Т.А.Ә. (ол болған кезде) қолы, мөрі) Ескертпе: аббревиатураны ашып жазу: ЖСН /БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі .
Басқа 14
Мемлекеттік кірістер Органдарының сұрау салуы бойынша тауарлардың электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидалары, мерзімдеріне мен нысанына 2-қосымша нысан Негіздеме: ______________________ мемлекеттік кірістер басқармасының 201__ жылғы «___» _________ №____ сұрау салуы бойынша Салық төлеушінің (салық агентінің) атауы _______________________________________________ ЖСН/БСН _______________________
Тармақ 1
1. Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушіге жеткізілген тауарлар бойынша мәлімет: № Жет­кі­зу­ші­нің ата­уы Жет­кі­зу­ші­нің ЖСН /БСН (бар бол­са) Ел Шарт, № Шарт, кү­ні Та­у­ар­дың ата­уы Өл­шем­нің бір­лі­гі Са­ны Ва­лю­та ко­ды Та­у­ар­дың ба­ға­сы Та­у­ар­лар­дың жал­пы са­ны Қыз­мет­тің құ­ны (тең­ге) Жет­кі­зу кү­ні Барлығы, жалпы сомасы : _______теңге.
Тармақ 2
2. Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушіден жеткізілген тауарлар бойынша мәлімет: № Шарт, № Шарт, күні Сатып алушының ЖСН Сатып алушының Т.А.Ә. (ол болған кезде) (жеке тұлға) Жеткізу күні Саны
Тармақ 3
3. Орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін төлемдер туралы мәлімет: № Төлем құжатының түрі Төлем құжаты, күні Төлем құжаты, нөмірі Сомасы Ескертпе Барлығы, сомасы:
Тармақ 4
4. Қосымша ақпарат (өзара талаптарды өтеу, тауар алмасу және өзге де қолма-қол ақшасыз операциялар, бартер, өтеусіз беру) № Опе­ра­ци­я­лар­дың ата­уы Маз­мұ­ны Кұ­жат, № Кұ­жат, кү­ні Опе­ра­ци­я­ның со­ма­сы Бух­гал­тер­лік есеп­те көр­се­тіл­ді (Ия/Жоқ) Са­лық есеп­ті­лі­гін­де көр­се­тіл­ді (Ия/Жоқ) ҚҚС бой­ын­ша де­кла­ра­ци­яда көр­се­тіл­ді (ке­зең)
Тармақ 5
5. Алушы мен жеткізушінің арасындағы берешек (кредиторлық және дебиторлық):: Салық кезеңінің басында: 20__ жылғы «___»________,  _________ (теңге) тең Салық кезеңінің соңында: 20__ жылғы «___»________, _________ (теңге) тең.
Тармақ 6
6. _________________________________________________________ сұрау салу бойынша ұсынуға қажетті құжаттардың көшірмелері Мемлекеттік кірістер органдарының заңды талаптарын орындамаған жағдайда Сізге «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік жаза шаралары қолданылатын болады. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 187-бабына сәйкес салық төлеуші немесе оның уәкілетті өкілі мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сотқа шағым жасауына құқылы. Заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің басшысы _________________________________________________ (Т.А.Ә. (ол болған кезде) қолы) Ескертпе: Сұрау салудың 1, 2, 3, 4, 5-тармақтары бойынша мәліметтерді осындай қаржы-шаруашылық операциялар болған жағдайда салық төлеуші (салық агенті) толтырады. Аббревиатураларды ашып жазу: ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру немесе бизнес- сәйкестендіру нөмірі; Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.