Об утверждении Правил направления запросов лицам, осуществлявшим операции с налогоплательщиком (налоговым агентом), в отношении которого органом государственных доходов проводится комплексная или тематическая проверка, с целью получения от указанных лиц дополнительной информации о таких операциях, а также предоставления лицами сведений и (или) документов по таким запросам Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік кірістер органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіп отырған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асырған тұлғаларға, көрсетілген тұлғалардан осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында сұрау салулар, сондай-ақ осындай сұрау салулар бойынша тұлғалардың мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну қағидаларын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 140-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіп отырған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асырған тұлғаларға, көрсетілген тұлғалардан осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында сұрау салулар, сондай-ақ осындай сұрау салулар бойынша тұлғалардың мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мемлекеттік кірістер органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіп отырған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асырған тұлғаларға, көрсетілген тұлғалардан осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында сұрау салулар, сондай-ақ осындай сұрау салулар бойынша тұлғалардың мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 198 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіп отырған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асырған тұлғаларға, көрсетілген тұлғалардан осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында сұрау салулар, сондай-ақ осындай сұрау салулар бойынша тұлғалардың мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік кірістер органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіп отырған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асырған тұлғаларға, көрсетілген тұлғалардан осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында сұрау салулар, сондай-ақ осындай сұрау салулар бойынша тұлғалардың мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес әзірленді және салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асыратын, осындай операциялар туралы аталған тұлғалардан қосымша ақпарат алу, сондай-ақ осындай сұрау салулар бойынша тұлғалардың мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну мақсатында оларға қатысты мемлекеттік кірістер органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізетін тұлғаларға сұрау салулар жіберудің тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. «Пирамида» талдамалық есебі салық төлеуші (салық агенті) ұсынған қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті және ақпараттық жүйелерінің мәліметтерін зерделеу және талдау негізінде мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын бақылаудың нәтижелері болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік кірістер органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіп отырған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асырған тұлғаларға, көрсетілген тұлғалардан осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында сұрау салулар, сондай-ақ осындай сұрау салулар бойынша тұлғалардың мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік кірістер органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіп отырған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асырған тұлғаларға, көрсетілген тұлғалардан осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында сұрау салулар, сондай-ақ осындай сұрау салулар бойынша тұлғалардың мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну тәртібі
Тармақ 3
3. Мемлекеттік кірістер органдары салықтық тексеру барысында салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асыратын, «Пирамида» талдамалық есебі бойынша анықталған алшақтықтар жөнінде аталған тұлғалардан қосымша ақпарат алу мақсатында оларға қатысты мемлекеттік кірістер органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізетін тұлғаларға сұрау салулар жібереді.
Тармақ 4
4. Сұрау салулар мынадай: электр және (немесе) жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметтерiн (егер тізбеленгендер тауар болып табылмайтын жағдайда) жеткізуді жүзеге асыратын; салық мониторингіне жататын; Салық кодексінің 91-бабында айқындалған тәртіппен әрекетсіз деп танылған; соттың заңды күшіне енген үкiмi немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорындар деп танылған; заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тіркелуі (қайта тіркелуі) жарамсыз деп танылған; Қазақстан Республикасы қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын және қызметтерін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын жұмыстарды (қызметтерді) орындаған бейрезиденттер; Салық кодексінің 314-бабының 1-тармағында белгіленген салық кезеңінде, оның ішінде көрсетілген салық кезеңінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізудің жалпы сомасы мемлекеттік кірістер органы оларға қатысты кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізетін салық төлеушімен (салық агентімен) азаматтық-құқықтық мәміле (мәмілелер) бойынша 50 000 000 теңгеден асып кеткен жағдайда салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты жіберілмейді.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы салық төлеушіге (салық агентіне) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі, онда сұрау салу жіберу себептері, операциялар қандай жеткізушімен немесе сатып алушымен жүргізілгені, осындай операцияларды растау қажет болатын кезең, сондай-ақ олардың шеңберінде осындай сұрау салу жіберіліп отырған кешенді немесе тақырыптық тексеру барысында туындайтын өзге де мәліметтер, сондай-ақ осындай сұрау салу бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қажет құжаттардың көшірмелері көрсетіледі. Бұл ретте мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы салық төлеушіге (салық агентіне) келуі тәртібінде не хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы табыс етіледі.
Тармақ 6. 20__ жылдан бастап 20___ жылға дейінгі кезең үшін мәліметтерді ұсынуға мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы
6. Мемлекеттік кірістер органының сұрау салуында көрсетілген мәліметтерді және (немесе) құжаттарды салық төлеуші (салық агенті) сұрау салуды жіберген мемлекеттік кірістер органына осындай сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, ілеспе хатпен өзінің апарып беру тәртібімен немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы беруі тиіс. Мемлекеттік кірістер органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіп отырған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асырған тұлғаларға, көрсетілген тұлғалардан осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында сұрау салулар, сондай-ақ осындай сұрау салулар бойынша тұлғалардың мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну қағидаларына қосымша нысан 20__ жылдан бастап 20___ жылға дейінгі кезең үшін мәліметтерді ұсынуға мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы Салық төлеушінің (салық агентінің) атауы _______________________________ ЖСН /БСН _______________________________________________________________ Сұрау салуды жіберу себептері___________________________________________ ________________________________________________________________________ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ салық төлеушінің (салық агентінің) атауы, ЖСН-і, БСН-і ________________________________________________________________________ _______________________________________________________ салық төлеушінің (салық агентінің) атауы, ЖСН-і, БСН-і контрагент бойынша мынадай мәліметтерді ұсыну қажет:
Тармақ 1
1. Тиеп-жөнелтілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша мәліметтер: № К о н т р ­ а г е н т ­ т і ң ( ж е т ­ к і­ з у ­ ш і ­ н і ң , с а ­ т ы п а л у ш ы ­ н ы ң ) а т а ­ у ы Контр­агент­тің (жет­кі­зу­ші­нің, са­тып алушы­ның) ЖСН/БСН-і Ш а р ­ т т ы ң н ө ­ м і ­ р і Ш а р ­ т т ы ң к ү ­ н і Ш о т - ф а к ­ т у ­ р а ­ н ы ң к ү ­ н і Шот-фак­ту­ра­ның нө­мі­рі Та­у­ар­дың (жұ­мыстар­дың, қыз­мет­тер­дің) ата­уы Ө л ­ ш е м б і р ­л і ­ г і Са­ны Құ­ны Ж а л ­ п ы с о ­ м а ­ с ы Қ Қ С с о ­ м а ­ с ы Бух­гал­тер­лік есеп­те көр­се­ті­л­ген (Иә/Жоқ) Са­лық есеп­ті­лі­гін­де көр­се­ті­л­ген (Иә/Жоқ) ҚҚС бой­ын­ша де­кла­ра­ци­яда көр­се­ті­л­ген (ке­зең) Барлық жалпы сомасы: _________________________ теңге. Барлық ҚҚС сомасы: ______________________ теңге.
Тармақ 2
2. Тиеп-жөнелтілген тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге ақы төлеу туралы мәліметтер: № Төлем құжатының түрі Төлем құжатының күні Төлем құжатының нөмірі Сома сы Ескертпе Барлық сомасы:
Тармақ 3
3. Қо­сым­ша мә­лі­мет­тер (өза­ра та­лап­тар­ды өтеу, та­у­ар ал­ма­су және өзге де ақ­ша­сыз опе­ра­ци­я­лар, бар­тер, өте­у­сіз бе­ру және бас­қа) : № Опе­ра­ция ата­уы Маз­мұ­ны Құ­жат­тың ата­уы Құ­жат­тың нө­мі­рі мен кү­ні Опе­ра­ция со­ма­сы Бух­гал­тер­лік есеп­те көр­се­ті­л­ген (Иә/Жоқ) Са­лық есеп­ті­лі­гін­де көр­се­ті­л­ген (Иә/Жоқ) ҚҚС бой­ын­ша де­кла­ра­ци­яда көр­се­ті­л­ген (ке­зең)
Тармақ 4
4. Алушы мен жеткізушінің арасындағы берешек (кредиторлық және дебиторлық): Салық кезеңінің басында: 20__ жылғы «___»__________, _________ (теңге) тең. Салық кезеңінің аяғында: 20__ жылғы «___»__________, _________ (теңге) тең.
Тармақ 5
5. __________________________________________________________________________________________ сұрау салу бойынша ұсынылуы қажет құжаттардың көшірмелері. Мемлекеттік кірістер органдарының заңды талаптарын орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 288-бабына сәйкес әкімшілік жазаға тарту шаралары қолданылады. Салық кодексінің 187-бабына сәйкес салық төлеуші немесе оның уәкілетті өкілі мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына немесе сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шағым жасауға құқылы. Мемлекеттік кірістер органының басшысы (орынбасары) _____________________________________ (Т.А.Ә.(ол болған кезде), қолы, мөрі) Ескертпе: Салық төлеуші (салық агенті) сұрау салудың 1-4-тармақтары бойынша осындай қаржы-шаруашылық операциялары болған жағдайда мәліметтерді толтырады. Аббревиатураларды таратып жазу: ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру немесе бизнес- сәйкестендіру нөмірі; ҚҚС – қосылған құн салығы.