О повышении базовых ставок земельного налога на земли сельскохозяйственного назначения, не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 509-бабының 5-тармағына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Қорғалжын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 тамыздағы № 3/5 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қорғалжын ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5534 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қыркүйегінде аудандық «Нұр-Қорғалжын» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қорғалжын ауданының әкімі ______________ Қ. Рыскелдінов 13.02.2018 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қорғалжын ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекеме басшысы ____________________ М. Алибекова 13.02.2018