Об установлении норматива отчисления части чистого дохода областных коммунальных государственных предприятий Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
«Мемлекетік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Әкімдіктің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 63 қаулысына
қосымша
Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Тармақ 1
1. Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін облыстық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:
таза кіріс 3 000 000 теңгеге
дейін
таза кіріс сомасынан 5 пайыз
таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз
таза кіріс 50 000 001 теңгеден
250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз
таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз.
Тармақ 2
2. Денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыратын облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі 5 пайыздан көп емес мөлшерінде белгіленеді.