Об утверждении Правил осуществления задержания (приостановления) наличных денежных средств и (или) денежных инструментов, перемещаемых через таможенную границу Евразийского экономического союза, при получении информации, предоставляемой правоохранительными органами и (или) уполномоченным органом о возможной причастности к отмыванию доходов, полученных преступным путем, финансированию терроризма и финансированию распространения оружия массового уничтожения Қолданыста
Басқа 0
Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 13-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 15 ақпандағы
№ 193 бұйрығымен
бекітілген
Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 13-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларын айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Ұстауды жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Ұстауды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 2
2. Мемлекеттік кірістер органдары құқық қорғау органдарымен және қаржы мониторингі бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимылда құқық қорғау органдары және (немесе) қаржы мониторингі бойынша уәкілетті орган беретін ақпараттың негізінде ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын өткізуді ұстау арқылы ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдайды.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік кірістер органдары ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді пайдалана отырып, қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын ұстауды жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қолма-қол ақша қаражатын тоқтата тұру кезінде Қазақстан Республикасының «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияланған, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде мемлекеттік кірістер органдары қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартты басшылыққа алу қажет.
Тармақ 1. 1-параграф. Алынған қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын сақтау және ұстау мерзімдері
1-параграф. Алынған қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын сақтау және ұстау мерзімдері
Тармақ 5
5. Алынған қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын сақтау үшін аумақтық мемлекеттік кірістер органдары сөрелерімен, мөрлеп бекітілетін метал есіктерімен, табиғи және жасанды желдеткішпен, торланған терезелерімен, күзет және өрт дабылы жүйелерімен арнайы үй-жайлармен жабдықталады. Осындай үй-жай болмаған жағдайда мөрлеп бекітілетін құрылғысымен сейф (метал шкаф) не алынған қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын сенімді сақталуды қамтамасыз ететін және оларға бөгде адамдардың кіруін болдырмайтын өзге үй-жай бөлінеді.
Тармақ 6
6. Алынған қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдары мөрлеп бекітілген түрде сақтауға орналастырылады.
Бұл ретте Алынған қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын есепке алу журналында (бұдан әрі – Журнал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті белгі қойылады.
Тармақ 7
7. Алынған қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын сақтаға жауапты және оны (болмаған кезеңде) алмастыратын тұлға аумақтық мемлекеттік кірістер органы басшысының бұйрығымен (өкімімен) тағайындалады.
Тармақ 2. 2-параграф. Қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын тиісті ақпаратты берген құқық қорғау органдарымен және қаржы мониторингі бойынша уәкілетті органмен беру немесе қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын өткізген
адамға оларды қайтару
2-параграф. Қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын тиісті ақпаратты берген құқық қорғау органдарымен және қаржы мониторингі бойынша уәкілетті органмен беру немесе қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын өткізген
адамға оларды қайтару
Тармақ 8
8. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының алынған қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын тиісті ақпаратты берген құқық қорғау органдарымен және қаржы мониторингі бойынша уәкілетті органмен беруі, осындай құқық қорғау органдарымен және қаржы мониторингі бойынша уәкілетті органмен сұрау салуы негізінде жүзеге асырылады және оларды сақтауға жауапты тұлғаның қатысуымен, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырылатын Ұсталған (тоқтатыла тұрған) қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын беру акті бойынша жүргізіледі.
Алынған қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдары туралы ақпарат Журналдың 10-бағанда көрсетіледі.
Басқа 1. _____________бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті __________кеден бекеті
Алынған қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын есепке алу журналы
Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы
өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша
нысан
_____________бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті __________кеден бекеті
Алынған қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын есепке алу журналы
№
Регистрационный номер акта
Тіркеу күні
Заңды немесе жеке тұлғаның деректері
Қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарының атауы
Сомасы/мөлшері
Пломбалардың орын саны /нөмірі
Жауапты қызметкердің Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қолы
цифрмен
жазбаша түрде
Сақтауға алған
Сақтаудан берген
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
2
3
4
Басқа 2. Ұстап алынған (тоқтатыла тұрған) қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын беру АКТІ
Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша
нысан
Ұстап алынған (тоқтатыла тұрған) қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын беру АКТІ
20__ жылғы «___» ________________ №
___________________________________________________________
(акті жасалған жер (ел, елді-мекен)
_________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Ұстап алынған (тоқтатылған) қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдары
№
Қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарының атауы
Сомасы/мөлшері
Қолма-қол ақша қаражаттары және (немесе) ақша құралдары, оның ішінде бонкнот номиналы, чектер туралы мәліметтер
Әріптік-сандық нөмірі
цифрмен
Жазбаша түрде
Сәйкестендіру құралы ___________________________________________________________
(орын саны, пломбалар саны мен нөмірлері)
берді лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) лауазымы)____________ / ___________ (күні) (қолы) лауазымды
тұлғасы жеке нөмерінің таңбасы
_______________________________________________ қабылдап алды
(мемлекеттік органның/заңды тұлғаның атауы, мемлекеттік органның/заңды тұлғаның
лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы)
______________________ / _______________________
(күні) (қолы)
Актінің данасын алды: __________ ________ / __________________________
(күні) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе))