Об утверждении Положения о порядке оказания материальной помощи на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мұгедек балаларға материалдық көмек көрсету тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы 📌 Ескерту. 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап ШҚО мәслихатының ХХ сессиясының 2003 жылғы 28 наурыздағы N 20/15-II шешімімен кұші жойылды. "Қазақстан Республикасы мұгедектерінің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23 бабының және негізінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мұгедек балаларға материалдық көмек көрсету тәртібі туралы қосымша Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімді орындау облыстық еңбек, халықты жўмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жұктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2002 жылдың 1 қаңтарынан іске енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім Шығыс Қазақстан облыстық әділет басқармасында тіркелген сәттен бастап кұшіне енеді.
Басқа 5. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мұгедек балаларға материалдық көмек көрсету тәртібі туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2002 жылғы 29 наурыздағы N 14/11-II шешімімен бекітілген Үйде тәрбиеленетін және оқитын мұгедек балаларға материалдық көмек көрсету тәртібі туралы ЕРЕЖЕ "Қазақстан Республикасындағы мұгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес, ұйде тәрбиеленетін және оқитын мұгедек балаларға материалдық көмек мұгедек баланың тўрғылықты жерінде ата - анасының біреуінің немесе олардың орнындағылардың өтініші бойынша уәкілетті органдармен (қалалық (аудандық) халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерімен) жұргізіледі. Өтінішке облыстық білім басқармасының Ведомствоаралық психологиялық - медициналық- педагогикалық комиссиясы беретін мұгедек баланы ұйде тәрбиелеу және оқытудың қажеттігі жөніндегі анықтамасы тіркеледі. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мұгедек балалардың материалдық көмегі өтініш берілген айдан бастап және Ведомствоаралық психологиялық - медициналық - педагогикалық комиссиясының анықтамасымен белгіленген мерзімге тағайындалады. Материалдық көмектің тағайындалуының және төлемінің доғарылуына немесе қайта жаңартылуына әкелетін жағдайлар тұскенде (бала өлімі, ұй-интернатына жіберу, тўрғылықты жерді ауыстыру және т.б), көмектің тағайындалуы және төлемі осы жағдайлар тұскеннен кейінгі айдан басталады. Материалдық көмек алушылар уәкілетті органдарға көмек алуға әсер ететін барлық өзгерістер жөнінде хабарлауға міндетті. Болған өзгерістер жөнінде уәкілетті органдарға хабарламаған жағдайда, алынған сомалар заңнамада белгіленген тәртіппен қайтарылады. Уәкілетті орган өтінішті тұскен кұннен бастап материалдық көмек тағайындау жөніндегі барлық қажетті қўжаттармен бірге, 10 кұн мерзімінде қарайды. Уәкілетті орган материалдық көмек тағайындалмайтын жағдайда қабыл алынбаған себептері көрсетілген шешім шығарылғаннан кейін және шағым арыз беру тәртібінде өтінушіге барлық қўжаттарын қайтарып береді. Уәкілетті органның шешімі заңнамаларға сәйкес шағымданылады. Материалдық көмек тағайындау жөнінде өтініш барлық қажетті қўжаттармен бірге, сондай - ақ уәкілетті органның мұгедек балаларға материалдық көмек тағайындау жөніндегі шешімі, ұміткердің жеке ісінде сақталады. Материалдық көмектің мөлшері балалар ұй-интернатында мұгедек балаларды ўстау бағасы мөлшерінде, сәйкес жылға бекітіледі. Мұгедек балаларға материалдық көмектің төлемі заңнамада белгiленген тәртiппен қалалар мен аудандар бюджеттерінің қаржысы есебінен Қазақстан Республикасының Халық Акционерлік Банк филиалдары және олардың қўрылымдық бөлімшелері арқылы жұргізіледі. Материалдық көмек өткен айға есепке алынады.