Об утверждении Правил применения системы управления рисками по критериям, не являющимся конфиденциальной информацией Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтoқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 137-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығымен бекітілген Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Cалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 137-бабының 3-тармағына сәйкес және салық төлеушілердің салық міндеттемелерін өз еркімен орындауға ынталандыру, тәуекел дәрежесі төмен деп айқындалған салық төлеушілерге қатысты салықтық бақылауды барынша азайту мақсаттарында әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) санаттау субъектісі – тәуекелдер дәрежесін бағалауға жататын салық төлеушi (салық агенті);
Тармақша 2
2) тәуекел – салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіруі мүмкін және (немесе) нұқсан келтіре алатын салықтық міндеттемені орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы;
Тармақша 3
3) тәуекелдерді басқару жүйесі – тәуекелді анықтау және алдын алу мақсатында мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін іс-шаралар кешені.
Тармақ 3
3. Тәуекелдердің дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
Тармақша 1
1) санаттау субъектісі ұсынатын, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы, есептілік пен мәліметтердің мониторинг нәтижелері;
Тармақша 2
2) тексеру нәтижелерi;
Тармақша 3
3) бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелерi;
Тармақша 4
4) уәкілетті органдар мен ұйымдар табыс ететін мәліметтерді талдау нәтижелері.
Тарау 2. 2-тарау. Салық төлеушілерді санаттау нәтижелері туралы ақпараттандыру тәртібі мен мерзімі
2-тарау. Салық төлеушілерді санаттау нәтижелері туралы ақпараттандыру тәртібі мен мерзімі
Тармақ 4
4. Салық төлеуші тәукел басқару жүйесінің нәтижелері бойынша қай тәуекел дәрежесіне жататыны туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің http://kgd.gov.kz ресми сайтында (бұдан әрі – сайт) және «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшада осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес қол жетімді.
Тармақ 5
5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделінген салық төлеушілерді ақпараттандыру салық төлеушілерді санаттау жүргізілетін тоқсанның бірінші айының бірінші күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Сайттағы сұранымды өндеу бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізілуі тиіс.
Тарау 3. 3-тарау. Тиісті тәуекел дәрежесiне жатқызылған осындай салық төлеушiнiң қызметтерi бойынша өлшемшарттар туралы салық төлеушiлердi ақпараттандыру тәртібі және мерзімі
3-тарау. Тиісті тәуекел дәрежесiне жатқызылған осындай салық төлеушiнiң қызметтерi бойынша өлшемшарттар туралы салық төлеушiлердi ақпараттандыру тәртібі және мерзімі
Тармақ 6
6. Тәукелдерді басқару жүйесінде қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар туралы мәліметтер мен олардың негізінде өлшемшарттарды есептеу жүзеге асырылған көрсіткіштер, салық төлеушілердің «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасына салық төлеушілерді санаттау жүргізілетін тоқсанның бірінші айының бірінші күнінен кешіктірілмей осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.
Тармақ 7
7. Ақпараттандырылуы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылатын жеке тұлғаны қоспағанда, Салық кодексінің 137-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес және осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген тәртіппен салық төлеушіні ақпараттандыру 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттардың есебі мемлекеттік кірістер органдарында бар деректер бойынша салық төлеушілерді санаттау жүргізілетін тоқсанның алдындағы екінші айының бірінші күніндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Салық төлеушілер құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша мемлекеттік кірістер органдарына «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымша арқылы түсініктемені қажеттілік кезінде жолдайды.
Тармақ 10
10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген, мемлекеттік кірістер органдары алған түсіндірулер негізді болған жағдайда тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану кезінде, осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өзгертілген мәліметтерді «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасына жолдай отырып, есепке алуға жатады. Салық төлеушіні қолданыстағы санаттау есебіне өзгерістер енгізу мәліметтердің сәйкессіздігі анықталған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Тарау 4. 4-тарау. Салық төлеушілердің тәуекелдер дәрежесі (деңгейі) туралы ақпаратты өзектендіру тәртібі мен кезеңділігі
4-тарау. Салық төлеушілердің тәуекелдер дәрежесі (деңгейі) туралы ақпаратты өзектендіру тәртібі мен кезеңділігі
Тармақ 11
11. Санаттау субъектісінің тәуекел дәрежесі (деңгейі) құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекелдер дәрежесін (деңгейін) бағалау өлшемшарттары және құпия (қызметтік) ақпарат болып табылатын тәуекелдер дәрежесін (деңгейін) бағалау өлшемшарттары бойынша есептеледі және тоқсанына бір рет өзектендіріледі. Салықтық берешекті және (немесе) әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам өтемеген кезде, тәуекел дәрежесі (деңгейі) төмен деп айқындалған салық төлеушілер бойынша тәуекел дәрежесі (деңгейі) айына 1 (бір) реттен кем емес өзектендірілуге жатады.
Тарау 5. 5-тарау. Жеке тұлғаны қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын санаттауға арналған тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) өлшемшарттары
5-тарау. Жеке тұлғаны қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын санаттауға арналған тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) өлшемшарттары
Тармақ 12
12. Салық кодексінің 30-бабының 14-тармағына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициенті, есептеу қадиғаларының негізінде «Салықтық жүктеме» өлшемшарты анықталады. Өлшемшарт арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар, ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілер және корпоративтік табыс салығынан босатылатын салық төлеушілер бойынша есептелінбейді. Есеп айырысу жүргізілетін кезең, соңғы есепті күнтізбелік жылы болып табылады. Салыстыру үшін базалық көрсеткіш әрбір аймақ үшін есептелетін салықтық жүктеменің орташа салалық көрсеткіші болып табылады. Осы өлшемшарттың басымдылығы осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген. Салықтық жүктемені есептелген салықтардың салық салынатын кіріске қатынасы арқылы есептеуі тәуекел дәрежесіне әсер етпейтін қосымша өлшемшарт ретінде жүзеге асырылады. Қосымша өлшемшартты салыстыру үшін базалық көрсеткіш әрбір өңір үшін бөлек есептелетін тиісті салық ауыртпалығының орташа салалық көрсеткіші болып табылады.
Тармақ 13
Тармақ 14
14. «Салық есептілігінде көрсетілетін шығыстар және кірістер сомасы» өлшемшарты 0,98-ден 1-ді қоса алғанға дейінгі диапазонда болатын түзетулерді есепке ала отырып жылдық жиынтық кіріске түзетулерді есепке ала отырып корпоративтік табыс салығы бойынша шегерімдер сомасының арақатынасы ретінде айқындалады. Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы есепті күнтізбелік жылы болып табылады. Аталған өлшемшарттың басымдылығы – плюс 4 балл, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс. Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты микрокәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды.
Тармақ 15
Тармақ 16
16. «Салық есептілігінде бірнеше салықтық кезең бойы залалдарды көрсету» өлшемшарты, егер соңғы 3 (үш) салықтық кезең (жыл) ішінде салық есептілігінде залал көрсетілетін жағдайда айқындалады. Салықтық мониторингке жататын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін өлшемшарт соңғы бес жылдық кезең бойынша айқындалады. Залалдар кезеңінен инвестициялық салық преференциялары бойынша шегерімдерді қолдану себебінен қалыптасқан залалдар кезеңі алып тасталады. «Салық есептілігінде бірнеше салықтық кезең бойы залалдарды көрсету» өлшемшарттың басымдылығы – плюс 3 балл, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс. Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты микрокәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды.
Тармақ 17
17. «Бюджетке төленуге жататын салықтар сомасын азайта отырып, қосымша декларацияны табыс ету жолымен салықтарды төлеуден жалтару белгілері бар салық төлеушілер» өлшемшарты, салық төлеуші корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ету арқылы камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындағаннан кейін корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша азайтуға қосымша декларацияны табыс еткен кезде айқындалады. Осы өлшемшарттың басымдылығы – плюс 5 балл, тәуекелдер дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс. Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.
Тармақ 18
18. «Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды» өлшемшарты камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы орындармаған хабарламалардың болуы, олардың салық заңнамасы бойынша орындау белгіленген күнінен он бес және одан да көп күн өтуі жағдайда анықталады. Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы алты ай болып табылады. Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекелдер деңгейіне әсер етуі – теріс.
Тармақ 19
Тармақ 20
20. «Салықтық мониторингке қатысу» өлшемшарты көлденең мониторинг туралы келісім, сондай-ақ көлденең мониторинг бойынша пилоттық жобада болған жағдайларда айқындалады. Осы өлшемшарттың артықшылығы – 4 балл алу, тәуекел деңгейіне әсер етуі – оң.
Тармақ 21
Тармақ 22
22. «Салық төлеушінің стандартты тексеру файылын қолданғандағы» өлшемшарты салық төлеушінің стандартты тексеру файылын қолданған жағдайда анықталады. Осы өлшемшарттың артықшылығы – 4 балл алу, тәуекел деңгейіне әсер етуі – оң.
Тармақ 23
23. «Салықтар және әлеуметтік төлемдер бойынша дәйекті берешектің болмауы» өлшемшарты осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген күннің алдындағы 6 (алты) айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша айқындалады. Осы өлшемшарттың басымдылығы – минус 3 балл, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң. Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.
Тармақ 24
24. «Қосымша құн салығы бойынша арнайы шотты пайдалану» өлшемшарты қосымша құн салығы бойынша арнайы шотты пайдаланған жағдайда анықталады. Осы өлшемшарттың артықшылығы – 5 балл алу, тәуекел деңгейіне әсер етуі – оң.
Тармақ 25
25. «Салықтар және әлеуметтік төлемдер бойынша дәйекті берешектің болмауы» өлшемшарты осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген күннің алдындағы алты айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша анықталады. Осы өлшемшарттың басымдылығы – 3 балл алу, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – оң.
Тармақ 26
26. «Виртуалдық қойма» модулін қолдану» өлшемшарты «Виртуалдық қойма» модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттары ай сайын ресімдеген және тауарларға ілеспе жүкқұжаттары негізінде шот-фактураны электрондық түрде жазып берген жағдайда айқындалады. Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 6 (алты) ай. «Виртуалдық қойма» модулін қолдану» өлшемшартының басымдылығы осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң. Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.
Тармақ 26-1
26-1. «Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін табыс етпеу» өлшемшарты. Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 12 (он екі) ай. Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекелдер дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.
Тармақ 26-2
26-2. «Салық төлеуші Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылған сенімсіз салық төлеушілердің тізімінде тұр» өлшемшарты. Осы өлшемшарттың басымдылығы – 5 балл қосу, тәуекелдер дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.
Тармақ 26-3
26-3. «Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кеткен сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаға қатысушы» өлшемшарты Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік кірістер органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей ұсынатын, салық төлеушіні пилоттық жобаға қатысушы ретінде тіркеу туралы мәліметтері негізінде айқындалады. Осы өлшемшарттың артықшылығы – минус 1 балл, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.
Тармақ 27
27. «Үш компонентті интеграцияланған жүйені қолдану» өлшемшарты салық төлеуші үш компонентті интеграцияланған жүйені нақты қолданған жағдайда анықталады. Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 6 (алты) ай. «Үш компонентті интеграцияланған жүйені қолдану» өлшемшарттың басымдылығы – 2 балл алу, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – оң.
Тармақ 28
28. «Виртуалдық қойма» модулін қолдану» өлшемшарты тауарларға ілеспе жүкқұжаттары ай сайын ресімдеген және «Виртуалдық қойма» модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттары негізінде шот-фактураны электрондық түрде жазып берген жағдайда анықталады. Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 6 (алты) ай. «Виртуалдық қойма» модулін қолдану» өлшемшарттың басымдылығы осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – оң.
Тарау 6. 6-тарау. Салық төлеуші - жеке тұлғаға қатысты қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын санаттауға арналған тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) өлшемшарттары
6-тарау. Салық төлеуші - жеке тұлғаға қатысты қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын санаттауға арналған тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) өлшемшарттары
Тармақ 29
29. «Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілмеген, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегілерді қоспағанда, активтер» деген өлшемшарты уәкілетті органдар мен ұйымдардың мәліметтері негізінде айқындалады. Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – теріс.
Тармақ 30
30. «Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілмеген шетелдік активтер және (немесе) шоттар» деген өлшемшарты салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру үшін мемлекеттер арасында ақпарат алмасу туралы шарттар негізінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мүліктің болуы туралы мәліметтер негізінде айқындалады. Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – теріс.
Тармақ 31
31. «Жеке тұлғаның жиынтық жылдық табысынан екі және одан да көп есе асатын сомаға активтердің ұлғаюы» деген өлшемшарты алдыңғы кезеңдер үшін жеке тұлғаның салық декларациясындағы монетарлық активтердің сомаларын есепке ала отырып, сатып алынған активтердің құны және жеке тұлғаның соңғы тізбекті 3 (үш) салық кезеңіндегі жиынтық жылдық табысының сомасы туралы деректердің негізінде айқындалады. Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – теріс.
Тармақ 32
32. «Шетелдік интернет дүкендерінде сатып алынған жеке пайдалануға арналған тауарларды Қазақстан Республикасына көп рет әкелу» деген өлшемшарты, егер тоқсан ішінде біртекті тауарларды әкелу 3 (үш) реттен артық жүзеге асырылған және «Жеке пайдалануға арналған тауарлармен байланысты жекелеген мәселелер туралы» Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 шешімінің 1-қосымшасында белгіленген жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелген нормалардан аспаған жағдайда айқындалады. Осы өлшемшарттың басымдылығы – 3 балл қосу, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – теріс.
Тармақ 33
33. «Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды» өлшемшарты камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы орындармаған хабарламалардың болуы, олардың салық заңнамасы бойынша орындау белгіленген күнінен 15 (он бес) және одан да көп күн өтуі жағдайда анықталады. Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы 6 (алты) ай болып табылады. Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – теріс.
Тарау 7. 7-тарау. Мерзімдік салықтық тексеру субъектілерінің (объектілерінің) салық төлеушілерін іріктеу үшін тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) тәртібі мен өлшемшарттары
7-тарау. Мерзімдік салықтық тексеру субъектілерінің (объектілерінің) салық төлеушілерін іріктеу үшін тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) тәртібі мен өлшемшарттары
Тармақ 32
32. Мерзімдік салықтық тексерулер құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау өлшемшарттары мен құпия (қызметтік) ақпарат болып табылатын тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау өлшемшарттары бойынша тағайындалады.
Тармақ 33
33. Мерзімдік салықтық тексерулерге осы Тарауда көзделген өлшемшарттарды бір мезгілде сақтай отырып санаттау нәтижелері бойынша ең жоғарғы балл көрсеткіші бар салық төлеушілер жатады.
Тармақ 34
34. «Cалық мiндеттемесiнiң орындалуы мәселелері бойынша кешенді тексеруде кезеңі төрт жылға тең және одан да көп жылы қамтылмаған, ірі салық төлеушілер мониторингінде тұрғандарды қоспағанда, салық мiндеттемесiнiң орындалуы мәселелері бойынша кешенді тексеруде кезеңі екі жылға тең және одан да көп жылы қамтылмаған заңды тұлғалар ретінде тіркелген салық төлеушілер» өлшемшарты.
Тармақ 35
35. «Соңғы санаттау нәтижелері бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне (деңгейіне) жатқызылған салық төлеушілер» өлшемшарты.
Басқа 1. Салық төлеушіні санаттарға бөлу нәтижелері туралы ақпарат
Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 1-қосымша Салық төлеушіні санаттарға бөлу нәтижелері туралы ақпарат БСН (ЖСН) Тәу­е­кел­дер дә­ре­же­сі Есеп үшін пай­да­ла­ны­л­ған де­ректер­дің өзек­ті­лік кү­ні
Басқа 2. Салық төлеушінің қызметі тиісті тәуекел дәрежесіне жатқызылған өлшемшарттар туралы мәлімет
Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 2-қосымша Салық төлеушінің қызметі тиісті тәуекел дәрежесіне жатқызылған өлшемшарттар туралы мәлімет № р/с Өлшемшарттардың атауы Есеп үшін деректердің өзектілік күні Есеп нәтижелері бойынша мәндер Базалық мәндер Базалық мәндер бойынша ескертпе Балл саны 1.
Басқа 3. Салық төлеушінің қызметі тиісті тәуекел дәрежесіне жатқызылған өлшемшарттардың есептеуін жүзеге асыру бойынша көрсіткіштері
Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 3-қосымша Салық төлеушінің қызметі тиісті тәуекел дәрежесіне жатқызылған өлшемшарттардың есептеуін жүзеге асыру бойынша көрсіткіштері № р/с Өлшемшарттардың атауы Есеп үшін деректердің өзектілік күні Көрсіткіш Мәні Ескертпе 1.
Басқа 4. «Салықтық жүктеме» өлшемшарттың басымдылығы
Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 4-қосымша «Салықтық жүктеме» өлшемшарттың басымдылығы № р/с Орташа салалық көрсеткіштен ауытқу пайызы Тәуекелдер дәрежесіне әсер етуі Басымдылығы 1. 50 пайыздан жоғары теріс 5 бал қосу 2. 10-нан 50 пайызға дейін теріс 3 бал қосу 3. 5-тен 10 пайызға дейін теріс 2 балл қосу 4. минус 5-тен минус 10 пайызға дейін оң 3 балл алу 5. минус 10-нан минус 30 пайызға дейін оң 4 балл алу 6. минус 30 пайыздан жоғары оң 5 балл алу
Басқа 5. «Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы» өлшемшарттың басымдылығы
Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 5-қосымша «Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы» өлшемшарттың басымдылығы № р/с Орташа салалық көрсеткіштен ауытқу пайызы Тәуекелдер дәрежесіне әсер етуі Басымдылығы 1. 50 пайыздан жоғары теріс 1 бал қосу 2. 5-тен 50 пайызға дейін теріс 0,5 балл қосу 3. минус 5-тен минус 50 пайызға дейін оң 0,5 балл алу 4. минус 50 пайыздан жоғары оң 1 балл алу
Басқа 6
Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 6-қосымша № Бюд­жет­ке тө­лен­ген са­лық­тар мен бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер со­ма­сы­ның өсі­мі (ал­дың­ғы жар­ты­жыл­дық­та­ғы тө­лем өт­кен жыл­дың ұқсас ке­зең­де­гі тө­лем­ді алып та­с­та­ған­да) Тәу­е­кел дә­ре­же­сіне әсер етуі Ба­сым­ды­лы­ғы 1 1 мил­ли­он тен­ге­ден 5 мил­ли­он тең­ге­ні қо­са ал­ған­ға дей­ін оң 2 балл алу 2 5 мил­ли­он тең­ге­ден жо­ға­ры 10 мил­ли­он тең­ге­ні қо­са ал­ған­ға дей­ін оң 3 балл алу 3 10 мил­ли­он тең­ге­ден жо­ға­ры 25 мил­ли­он тең­ге­ні қо­са ал­ған­ға дей­ін оң 4 балл алу 4 25 мил­ли­он тең­ге­ден жо­ға­ры оң 5 балл алу
Басқа 7
Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 7-қосымша № Та­у­ар­лар­ға рә­сім­дел­ген іле­с­пе жүк­құ­жат­та­ры­ның ор­та­ша ай­лық са­ны Тәу­е­кел дә­ре­же­сіне әсер етуі Ба­сым­ды­лы­ғы 1 1-ден 5 мың­ға дей­ін оң 1 балл алу 2 5 мың­нан 10 мың­ға дей­ін оң 2 балл алу 3 10 мың­нан 100 мың­ға дей­ін оң 3 балл алу 4 100 мың­нан 500 мың­ға дей­ін оң 4 балл алу 5 100 мың­нан жо­ға­ры оң 5 балл алу