Об утверждении формы сводной ведомости (реестра) по приобретенным товарам, выполненным работам, оказанным услугам дипломатических и приравненных к ним представительств иностранных государств, консульских учреждений иностранного государства, аккредитованных в Республике Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша жиынтық ведомосының (тізілімінің) нысанын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 436-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша жиынтық ведомосының (тізілімінің) нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша жиынтық ведомосы (тізілімі) нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 13 тамыздағы № 408 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6479 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ______________________Қ. Әбдірахманов 2018 жылғы 16 ақпан
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 212 бұйрығымен бекітілген нысан Ескертпе: Жиынтық ведомосын (тізілімді) толтыру бойынша түсіндірме «Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша жиынтық ведомосы (тізілімі)» нысанына қосымшада келтірілген.
Басқа 1
«Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша жиынтық ведомосы (тізілімі)» нысанына қосымша
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша жиынтық ведомосы (тізілімі)» 013.00 нысаны (бұдан әрі – нысан) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 436-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Нысанды Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелері жасайды (бұдан әрі - Өкiлдiк).
Тармақ 3
3. Нысан мемлекеттік кірістер органына табыс етіледі.
Тармақ 4
4. Нысанға Өкiлдiктің басшысы не оған уәкілетті лауазымды тұлғасы қол қояды және мөрмен куәландырылады.
Тармақ 5
5. Нысанды толтыру кезінде: «Өкiлдiк туралы жалпы ақпарат» нысан бөлiмiнде:
Тармақша 1
1) Өкiлдiктiң - жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі);
Тармақша 2
2) жиынтық ведомосы (тізілім) жасалған кезең көрсетіледі. Тоқсан, тоқсанның тиісті реттік нөмірі араб сандарымен көрсетіледі;
Тармақша 3
3) Өкiлдiктің атауы; жеке сәйкестендiру коды (ЖКС) мен бенифициар коды (БеК);
Тармақша 4
4) салық төлеушiнің - банктiң бизнес сәйкестендіру нөмірін, банктiк сәйкестендiру кодын (БСК) және банк атауын қамтитын, банк деректемелерi;
Тармақша 5
5) тiзiлiмге 1-қосымша бойынша парақ саны;
Тармақша 6
6) тiзiлiмге 2-қосымша бойынша парақ саны көрсетіледі;
Тармақша 7
7) жиынтық ведомосының (тiзiлiмнiң) түрі - кезекті немесе қосымша - тиісті ұяшыққа белгі қойылады. «Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомасы» бөлiмiнде:
Тармақша 1
1) 013.00.001 жол сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомасы, оның ішінде:
Тармақша 2
2) А-бағанында - Өкілдіктің шотына қайтаруға тиісті қосылған құн салығының сомасы;
Тармақша 3
3) В-бағанында - Осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдарға, бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдарға, консулдық қызметшілерге, бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда (бұдан әрі – Персонал) адамдардың шотына қайтаруға жататын қосылған құн салығының сомасы. «Өкілдіктің жауапкершілігі» нысаны бөлімінде:
Тармақша 1
1) «Өкілдіктің уәкілі немесе басшының Т.А.Ә.» нысаны жолында - тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және басшының не өзге Өкілдіктің уәкілетті өкілінің қолы қойылады және мөрімен куәландырылады;
Тармақша 2
2) «Тізілімді тапсырған күні» бағанында - мемлекеттік кірістер органына жиынтық ведомосының (тізілімнің) табыс етілген күні көрсетіледі;
Тармақша 3
3) мемлекеттік кірістер органының коды бағанында - Өкілдіктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды және басшының не өзге Өкілдіктің уәкілетті өкілімен көрсетіледі;
Тармақша 4
4) «Тізілімді қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә.» жолында жиынтық ведомосын (тізілімді) қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;
Тармақша 5
5) «Тізілімді қабылдаған күні» бағанында - сәйкес жиынтық ведомосының (тізілімнің) табыс етілген күні көрсетіледі;
Тармақша 6
6) «Құжаттың кіріс нөмірі» бағанында - мемлекеттік кірістер органымен берілген тіркеу нөмірі көрсетіледі;
Тармақша 7
7) «Пошта штемпелінің күні» бағанында - Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі. Тізілімді толтыру кезінде: «Өкiлдiк туралы жалпы ақпарат» бөлiмiнде:
Тармақша 1
1) Өкiлдiктiң – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 2
2) жиынтық ведомосы (тізілім) жасалған кезең көрсетіледі. Тоқсан, тоқсанның тиісті реттік нөмірі араб сандарымен көрсетіледі;
Тармақша 3
3) Өкiлдiктің атауы; «Қазақстан Республикасы аумағында Өкілеттік сатып алған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомасы» бөлiмiнде: А-бағанында – жолдың реттік нөмірі; В-бағанында – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе салық төлеушінің-өнім берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі; С-бағанында – өнім берушіні ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің сериясы мен нөмірі; D-бағанында – сатып алуға арналған құжаттың нөмірі; E-бағанында – сатып алуға арналған құжатының жазылып берілген күні; F-бағанында – жолдың реттік нөмірі; G-бағанында – төлеуге жазылып берілген құжаттың нөмірі; Н-бағанында – төлеуге алынған құжаттың жазылып берген күні; I-бағанында – ҚҚС-сыз сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер құны; J-бағанында – ҚҚС сомасы көрсетіледі. «Қазақстан Республикасы аумағында сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомасы» Тізіліміне 1-қосымша «ҚҚС сомасы» J-бағанының қортынды шамасы Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша жиынтық ведомосы (тізілімі) 013.00.001 «А» жолына ауыстырылады. Қосымша шотта қосылған құн салығын қайтару жүргізілетін Өкілдік персоналдары туралы мәліметтерді көрсету үшін көзделген.
Тармақ 1
1. «Жалпы ақпарат» бөлiмiнде:
Тармақша 1
1) персоналдың жеке сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 2
2) Өкiлдiктiң бизнес сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 3
3) жиынтық ведомосы (тізілім) жасалған кезең. Тоқсан, тоқсанның тиісті реттік нөмірі араб сандарымен көрсетіледі;
Тармақша 4
4) персоналдың тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендiру коды (ЖКС) мен бенифициар коды (БеК);
Тармақша 5
5) салық төлеушiнің – банктiң бизнес сәйкестендіру нөмірін, банктiк сәйкестендiру кодын (БСК) және банк атауын қамтитын, банк деректемелерi;
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы аумағында Өкілеттік сатып алған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомасы» бөлiмiнде: А-бағанында – жолдың рет нөмірі; В-бағанында – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе салық төлеушінің-өнім берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі; С-бағанында – өнім берушіні ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің сериясы мен нөмірі; D-бағанында – сатып алуға арналған құжаттың нөмірі; E-бағанында – сатып алуға арналған құжатының жазылып берілген күні; F-бағанында – жолдың реттік нөмірі; G-бағанында – төлеуге жазылып берілген құжаттың нөмірі; Н-бағанында – төлеуге алынған құжаттың жазылып берген күні; I-бағанында – ҚҚС-сыз сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер құны; J-бағанында – ҚҚС сомасы көрсетіледі. «Қазақстан Республикасы аумағында сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомасы» Тізіліміне 2-қосымша «ҚҚС сомасы» J-бағанының қортынды шамасы Қазақстан Республикасында шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша жиынтық ведомосы (тізілімі) 013.00.001 «В» жолына ауыстырылады.