О Межведомственной областной комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі ведомствоаралық облыстық комиссия туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімдігінің 2003.10.21. N 223 қаулысымен. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен іс-қимыл жасаудың облыстық жүйесін одан ары жетілдіру, тұрғындар мен аумақтарды апаттардан, сұрапыл бүліншіліктерден және күтпеген қайғылы жағдаяттардан қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесінде жергілікті атқарушы органдардың, облыстық ұйымдардың және меншіктік нысандарына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілердің әрекеттерін үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі ведомствоаралық облыстық комиссия құрылсын (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі ведомствоаралық облыстық комиссия туралы Ереже бекітілсін (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі ведомствоаралық қалалық және аудандық комиссияларды құрсын, оған басшылық жасауды өзінің бір орынбасарына жүктесін.
Тармақ 4
4. Облыстық салалық басқармалардың, комитеттер мен бөлімдердің, акционерлік қоғамдар мен шаруашылық жүргізуші объектілердің басшылары қажет болған жағдайда төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі тиісті салалық және объектілік комиссиялар құрсын, оларға өздері басшылық жасасын.
Тармақ 5
5. "Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі ведомствоаралық облыстық комиссия туралы" облыс Әкімінің 1997 жылғы 21 қазандағы N 280 шешімі күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары А.Қ.Қажыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Бұл қаулы бекітуге Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатына берілсін.
Басқа 8. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі ведомствоаралық облыстық комиссияның
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2002 жылғы 11 ақпандағы N 75 қаулысына N 1 қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі ведомствоаралық облыстық комиссияның құрамы Облыс Әкімі аппаратының басшысы Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының
Басқа 9. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық ведомствоаралық комиссиясы туралы
2002 жылғы 11 ақпандағы N 75 қаулысына N 2 қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық ведомствоаралық комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық Шығыс Қазақстан облыстық комиссиясы (ары қарай комиссия) консультативтік-кеңес беруші орган болып табылады және апаттардан, сұрапыл бүліншіліктерден, күтпеген табиғи және басқа жағдаяттардан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі ұсыныстарды жасау мақсатында құрылған.
Тармақ 2
2. Комиссия өзінің өкілеттілігін жергілікті атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындарымен, мекемелерімен, ұйымдарымен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар бойынша ұсыныстар жасау болып табылады:
Тармақша 1
1) облыс аумағында апаттардан, сұрапыл бүліншіліктерден, күтпеген табиғи және басқа қайғылы жағдаяттардан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүргізу;
Тармақша 2
2) апаттардан, сұрапыл бүліншіліктерден, күтпеген табиғи және басқа жағдаяттардан туындайтын төтенше жағдайлардан тұрғындардың, облыс аумағының қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және басқа шаралардың жүйесін қалыптастыру;
Тармақша 3
3) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою күштері мен құралдарын құру мен дамыту саласында біртұтас техникалық саясатты жүргізу;
Тармақша 4
4) төтенше жағдайлардың алдын алу мен әрекет етудің облыстық жүйесін жетілдіру мен онан ары дамытудың негізгі бағыттарын айқындау;
Тармақша 5
5) төтенше жағдайлардың алдын алуға, тұрғындар мен облыс аумағының төтенше жағдайлардан қорғалуына және осы бағдарламаларды орындау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруге бағытталған мақсатты және ғылыми-техникалық облыстық бағдарламалардың жобаларын жасауды ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) апаттардың, сұрапыл бүліншіліктердің, күтпеген табиғи және басқа қайғылы жағдаяттардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық қорғау, медициналық сауықтыру мәселелері бойынша облыстық басқармалардың, комитеттердің, департаменттердің, жергілікті атқару органдарының қызметін үйлестіру;
Тармақша 7
7) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мәселелерінде Қазақстан Республикасының көршілес облыстары мен Ресей Федерациясының төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігінің Алтай Өлкесі мен Алтай Республикасының шекара маңындағы аймақтарының аумақтық органдарымен бірлескен қызметтің бағыттарын белгілеу.
Тармақ 4
4. Облыс Әкімінің тапсыруы бойынша комиссия мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) өз құзыры шеңберінде барлық облыстық, аймақтық ведомстволық мемлекеттік билік органдары, меншік түріне қарамастан облыс аумағында орналасқан кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар және басқа шаруашылық жүргізуші құрылымдар міндетті түрде орындауға тиісті хаттамалар түрінде шығарылатын шешімдер қабылдауға;
Тармақша 2
2) комиссияның құзырына жататын қажетті нормативтік-құқықтық және заң актілерінің жобаларын жасауға қатысуға;
Тармақша 3
3) комиссияның құзырына жататын мәселелер бойынша жергілікті атқару органдарының, облыстық басқармалардың, департаменттердің, комитеттердің және шаруашылық жүргізуші құрылымдардың лауазымды адамдарын тыңдауға;
Тармақша 4
4) жергілікті атқару органдарынан, облыстық басқармалардан және шаруашылық жүргізуші субъектілерден олардың қызметі туралы комиссияның жұмысына қажетті ақпаратты сұрауға;
Тармақша 5
5) облыстық кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының мамандарын (олардың басшыларымен келісіп) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мәселелері бойынша талдау, сараптау және басқа жұмыстарды орындауға тартуға.
Тармақ 5
5. Комиссияның төрағасы облыс Әкімінің орынбасары болып табылады, оны облыс Әкімі тағайындайды.
Тармақ 6
6. Комиссия өз қызметін оның төрағасы бекіткен жұмыс жоспары бойынша жүзеге асырады. Комиссияның мәжілістері қажетіне қарай, бірақ тоқсан сайын бір рет өткізіледі. Комиссияның шешімдері хаттамамен рәсімделеді. Комиссия мәжілістерінің аралығында шешімдерді оның төрағасы немесе оның орынбасары облыс аумағында орындалуға міндетті тиісті нұсқаулар мен тапсырмалар түрінде қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық жағынан қамтамасыз ету Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің аппаратына жүктеледі.
Тармақ 8
8. Облыс Әкімінің шешуін талап ететін мәселелер бойынша комиссия белгіленген тәртіппен тиісті ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 9
9. Өз құзырына сәйкес комиссия қабылдайтын шешімдер ұсыныстық сипатқа ие.
Тармақ 10
10. Комиссия өзі қараған және шешкен неғұрлым маңызды мәселелер бойынша облыс Әкімін хабарландырып отырады. Облыс Әкімі аппаратының басшысы