Об утверждении Положения о порядке предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату жилищно-коммунальных услуг Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО мәслихатының 2004 жылғы 3 шілдедегі N 6/80-III шешімімен. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңының 6 бабының , " Тұрғын үй қатынастары туралы " Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 97 бабының негізінде облыстық мәслихат ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімді орындау облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2002 жылдың 1 сәуірінен іске енгізілсін.
Тармақ 4
4. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 наурыздағы N 8/8-II шешімінің күші жойылған болып табылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешім Шығыс Қазақстан облыстық әділет басқармасында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 6. Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2002 жылғы 29 наурыздағы N 14/10-II шешімімен бекітілген Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ Тұрғын үй көмегі "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы N 477-1 Заңына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және үй-коммуналдық қызметті тұтынуға ақы төлеу үшін көмек көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі, өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) бір рет беріледі. Тұрғын үй көмегі халыққа көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе оның жалгерлері болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына беріледі. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеу үшін шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 25 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Отбасының жиынтық табыстары осы Ережеде белгіленген тәртіппен есептеледі. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеуге алынған үйді ұстау шығындарының мөлшерін, коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, канализация, электрмен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару және лифттерді қамту) тұтыну нормативтерін Қазақстан Республикасы Өкіметінің 1997 жылғы 19 тамыздағы N 1266 Қаулысының негізінде жергілікті өкілді органдар белгілейді. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін алынатын барлық коммуналдық қызметтерге және олардың өзгерістеріне арналған тарифтерді қызмет көрсетушілер береді. Тұрғын үй көмегін беру шарттары Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйі жайын жалға (жалдауға) берген тұлға тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқы жоқ, оның ішіне 50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан), 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді күтетіндер, 16 жасқа дейінгі, бала кезінен мүгедектерді күтетіндер, 80 жастан асқандар немесе 7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар кірмейді. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмыс пен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан 6 айға айырылады. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, ережеге сәйкес, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады. Бұрынғы қарыздарының өтелуі коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісіледі және бақылауға алынады. Тоқсан сайын тұрғын үй көмегін алушыларды қайта аттестациялауды жүргізу керек. Бұл орайда, отбасының табыстары туралы анықтамалар және өтінген айдың алдындағы 3 айдың коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер тапсырылады. Егер отбасының ортажандық жиынтық табыстары кедейшілік белгісінің мөлшерінен төмен болса, үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке төлеу үшін тұрғын үй көмегін белгілегенде, жиынтық табыс бір есептік көрсеткішке кемиді. Жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлер мен мүгедектердің, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларының құқыларын белгілеп тұрғын үй көмегін есептегенде, оларды қолдау мақсатында, табыстары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақытта 2 есептік көрсеткішке кемиді. Орталықтан жылитын жеке үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларының тұрғын үй көмегін есептегенде, қызмет көрсетушілердің тұрғын үй көлемі әлеуметтік нормасының шегінде жоғалтылған жылудың төлемі тарифтерде есепке алынсын. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылыту мезгілінде жылу мен ыстық су қосылмаған және пәтерлері жергілікті жылыту құралдары арқылы жылитын пәтер иелеріне тағайындалады. Электр қуатының төлемі жылыту мен ыстық судың, тұрғын үй көлемі нормасы мен қызмет көрсетушінің тарифтеріне сәйкес, төлеміне эквивалентті есептелсін. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:
Тармақша 1
1) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтінгеннің мекенжайы бойынша тағайындалады. Бұл мекенжай бойынша тіркелмеген зайыбы немесе жұбайы өзінің тұрғылықты жерінен жәрдемақы алмайтынын дәлелдеу керек;
Тармақша 2
2) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы тағайындалмайды;
Тармақша 3
3) үміткердің үйіне ата-анасы басқа жерде тіркелген 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда, ол баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы тапсыру қажет;
Тармақша 4. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
4) үміткер оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып, жалғыз тұрған жағдайда ата-анасының табыстары және олардың тұрғын үй жәрдемақыларын алулары туралы анықтаманы тапсыруы қажет. Тұрғын үй жәрдемақыларын алудан үміткер немесе алушы отбасылар анықтама және келесі құжаттарды тапсыруы керек: төлқұжат немесе жеке куәлік (тоқсан сайын), тұрғын үйге құқық беретін құжат (жылына 1 рет, келесі жылдың аттестациясына дейін), отбасы құрамы туралы анықтама (жылына бір рет, келесі жылдың аттестациясына дейін немесе басқа өзгерістерге дейін), отбасы табыстары (еңбекақы, жәрдемақы, зейнетақы, т.б) туралы анықтама (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жасқа байланысты зейнетақы (жылына бір рет және тоқсан сайынғы аттестациядан өту, сақтау кітапшасы немесе жеткізу есеп қағазы), қызмет көрсетушіден тұрғын үйге ақы төлеу туралы анықтама (жылына бір рет, келесі жылдың аттестациялауына немесе тарифтер өзгергенге дейін), барлық коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртектер (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жұмыссыздарға жұмыспен қамту орталығынан анықтама (тоқсан сайын), жеке қосалқы шаруашылық туралы ақпарат (жылына 1 рет немесе басқа өзгерістер болса). Тапсырылған құжатттарды қараудың қорытындысы бойынша отбасына шарт-өтініш жасалады, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі. Шарт-өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады. Аталған шарт-өтініш тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады. Электр қуаты, газ, тұрғын үй тұтыну бойынша шығындар талаптану айдың алдындағы 3 айдың түбіртектері бойынша есептеледі. Тұрғын үй көмегі өтініш және басқа құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады, кезекті тоқсан сайынғы қайта аттестациядан белгілі себептерге байланысты өтпегендерден басқа (өтінушінің ауыруы, курорт, шипажайда емделуіне, туысқандарының ауыруына немесе қайтыс болуына байланысты тұрғылықты жерде болмаса). Тұрғын үй көмегін алушы және тұрғын үй көмегі қызметтері жасаған тізім бойынша тоқсан сайынғы аттестациядан өтетін отбасылар, құжаттарды дайындағанға қарамастан, тұрғын үй жәрдемақысын тоқсанға алады. Тоқсандық ағымында қайта аттестациядан өтпеген отбасылар, себептерге қарамастан, сол тоқсанға тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады. Екі тоқсан ағымында қайта аттестациядан өтпеген отбасыларына, себептерге қарамастан, тұрғын үй көмегі өтінген айдан бастап тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй қызметіне өз тұрғын үйінің меншік формаларының, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, статусының өзгеруі туралы хабарлауы керек. Берілген ақпараттың күмән пайда болса, тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй шығыстары және отбасы мүшелерінің нақты тұрғылықты жерлері туралы ақпаратты талап етуге құқылы. Заңды және жеке тұлғалар шүбәсіз ақпарат беруге міндетті. Талап етілген құжаттар берілмеген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне біле тұра жалған мәліметтер бергені үшін меншік иесі (жалгер) бір жылға жәрдемақы алу құқығынан айырылады, ал заңсыз алынған тұрғын үй жәрдемақысының сомасы заңнамада белгіленген тәртіппен қайтарылады. Тұрғын үй көмегінің мөлшері Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік иесінің (жалгердің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау формуласы П = МСПЖ - (t x д) П - тұрғын үй көмегінің мөлшері МСПЖ - тұрғын үйге ең жоғары әлеуметтік төлем t - тұрғын үй төлемінің шығыс нормативі (=25%) д - отбасының жиынтық табысы. Тұрғын үй жәрдемақысынан үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептеу Отбасының табысын анықтау үшін тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемақысынан үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептейді. Отбасының жиынтық табысын есептегенде тұрғын үй жәрдеміне өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсан үшін нақты алынған тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектен басқа табыстардың барлық түрлері есепке алынады. Жиынтық табыс өтінушінің алған табыстары жөнінде ұсынған мәліметтердің негізінде есептеледі. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстан басқа). Отбасының жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысы селолық жер тұрғындары үшін тоқсанына 3 есептік көрсеткіш мөлшерінде және қалалар мен қалалық үлгідегі кенттердің тұрғындары үшін 2 есептік көрсеткіш мөлшерінде есептеледі. Кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс, алименттер, мүліктік және жер пайынан түсетін табыстар мәлімделген болып саналады. Құжаттармен расталған табыс түрлеріне еңбектен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан түсетін табыстар жатады. Отбасының жиынтық табысы отбасының барлық мүшелерінің тоқсан ішіндегі табыстарын қосу жолымен есептеледі. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін бір жолғы төлемді алғанда, жиынтық табыста барлық табыс жиынын табыс алған айлар санына бөлуден алынып және 3 айға көбейтілген табыстың жиыны есепке алынады. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында, оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыттың табысы есепке алынады. Отбасының жан басына шаққандағы бір айлық табысы отбасының тоқсандық жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу жолымен есептеледі. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегі үй иесіне, ал жалдаушыларға үйді жалдау келісім шарты болған жағдайда беріледі. Егер үй иесімен бірге жұбайы, балалары, туыстары және әке-шешелерінен басқа тұратын жері жоқ біреулер болса, онда бұл отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. Қазақстан Республикасы Өкіметінің 1997 жылғы 19 тамыздағы N 1266 Қаулысына сәйкес бір шаршы метр пайдалы ауданды жылыту үшін қатты отын бөлу нормасы Шығыс Қазақстан облысы бойынша 77,9 кг шартты отынды құрайды. Шартты отынды табиғи отынға қайта есептеу коэффициенті табиғи көмірдің "Қаражыра" кен орны бойынша 0,6-ны құрайды. Сонда бір шаршы метр пайдалы ауданға көмір шығыны мынаны құрайды: 77,9 кг.ш.о :0,6 = 129,8 кг Өздері жылытатын, жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмір шығынының әлеуметтік нормасы жалпы ауданның 1 шаршы метріне 129,8 кг деп алынсын, бірақ бір үйге 5000 кг-нан аспауы керек. Көмірдің құнын есептеу үшін қала, аудан бойынша облыстық статистика және ақпарат басқармасының ұсынуымен орташа бағаны қолданамыз және тоқсанның соңғы айында есептелген әлеуметтік көмек мүмкіншілігіне қараймыз (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек). Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылатын басқа отын түрлерінің құны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалентті деп есептеу керек. Көмірді сатып алу мезгіліне байланысты көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын (көмірдің құнын) өтініш жасаған тоқсанына қарай әлеуметтік көмек есептегенде үш айға аламыз. Тұрғын үй көмегін есептегенде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының өткен тоқсандағы орташа кірістерін алу керек. Заң бойынша бір үйдің бірнеше иесі болса, онда тұрғын үй көмегі әр үй иесіне (жанұяға) тағайындалады, сонымен қатар көмірдің бір үйге арналған әлеуметтік нормасының бағасы әр отбасына, алып отырған ауданына байланысты сайма сай бөлінеді. Электр қуаты, газ, су, қоқыс шығындарын өтініш жасаған уақыттағы қызмет көрсетушілердің бір айға тарифімен есептеу керек. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрғын үй жәрдемақысын алатындарға бұрынғы бекітілген тұрғын үй ауданының, газ, электр қуатының, сумен қамтудың әлеуметтік шығын нормасы таратылсын. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі Тұрғын үй көмегі қалалар мен аудандардың бюджеті есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаржының есебінен азаматтардың салымы бойынша есепшоттарына есептелуі жолымен екінші деңгей банкілері (әрі қарай сәйкес банкілер) арқылы жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі төлемінің тәртібі мен шарты аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері және сәйкес банкілер арасындағы жасалған агенттік келісімімен айқындалады. Қазақстан Республикасының елді мекендерінде сәйкес банкілерінің филиалдары болмаған жағдайда, көрсетілген төлемдер агенттік келісім негізінде аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері айқындаған органдары арқылы жүргізіледі.