Об утверждении тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов в городе Аксу (без учета утилизации и переработки) Күшін жойған
Басқа 0
Ақсу қаласындағы тұрмыстық қатты
қалдықтарды жинауға, әкетуге және
көмуге (кәдеге жаратуды және қайта
өңдеуді есепке алмай) арналған
тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» № 404 бұйрығына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақсу қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қалалық мәслихатының әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Ақсу қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды
жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтер
Ақсу қалалық
мәслихатының 2018 жылғы
27 ақпандағы № 177/22 шешіміне
қосымша
Ақсу қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды
жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтер
№ р/н
Атауы
Есептік
бірлік
Бағасы
теңгемен/айына
1
Тұрмысқа жайлы үйлердің тұрғындары үшін қосылған құн салығын есепке алмай тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф
1 тұрғын
261,16
2
Тұрмысқа жайсыз үйлердің тұрғындары үшін қосылған құн салығын есепке алмай тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф
1 тұрғын
267,86
3
Заңды тұлғалар үшін қоршаған ортаға эмиссия төлемақысын есепке алмай, қосылған құн салығын есепке алмай, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф
1 м3
1607,14
4
Заңды тұлғалар үшін қоршаған ортаға эмиссия төлемақысын есепке алмай, қосылған құн салығын есепке алмай тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тариф
1 м3
245,69