Об утверждении форм сведений о плательщиках платы за эмиссии в окружающую среду и объектах обложения, выданных экологических разрешениях, установленных нормативах эмиссий в окружающую среду, изменениях, внесенных в экологические разрешения и в установленные нормативы эмиссий в окружающую среду, а также по природопользователям, касающиеся временного хранения ими отходов производства и потребления, и о фактических объемах эмиссий в окружающую среду, установленных в ходе осуществления проверок по с Күшін жойған
Басқа 0
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, берілген экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері, экологиялық рұқсаттарға және қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтеріне енгізілген өзгерістер, сондай-ақ өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауға қатысты табиғат пайдаланушылар бойынша, және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтердің нысандарын және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтерді табыс етудің қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 573-бабы 2 және 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, берілген экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері, экологиялық рұқсаттарға және қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтеріне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтердің нысаны;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауға қатысты табиғат пайдаланушылар бойынша мәліметтердің нысаны;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтердің нысаны;
Тармақша 4
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтерді табыс етудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________ Қ.А.Бозымбаев
2018 жылғы 27 ақпан
Басқа 1. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, берілген экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері, экологиялық рұқсаттарға және қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтеріне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер
20 ___ жылғы ____ тоқсан үшін
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 289 бұйрығына 1-қосымша
нысан
Уәкілетті мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның
атауы _______________________________________________________
БСН _________________________
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, берілген экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері, экологиялық рұқсаттарға және қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтеріне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер
20 ___ жылғы ____ тоқсан үшін
№
Та
би
ға
т
па
й
да
ла
ну
шы
ны
ң
а
т
а
у
ы
ЖСН/
БСН
Рұқсат құжаты
ның нөмірі, күні
Рұқсат құжатының
қолданылу мерзімі
Объектінің орналасқан жері
Э
м
и
с
с
и
я т
ү
р
і
Өнеркәсіптік қалдықтардың қауіптілік деңгейі
(болған кезде)
Жылдар бойынша белгіленген лимит (тонн)
Ескертпе
20__
20__
20__
20__
20__
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Ж
И
Ы
Н
Ы
:
________________________________________________________________________________________
(Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы немесе жергілікті атқарушы органы
басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))
________________________________________________________________________________________
(Мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))
Жасалған күні 20__ ж. «___» ______________
Ескертпе: Толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Басқа 1-1. «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, берілген экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері, экологиялық рұқсаттарға және қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтеріне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер» нысанды толтыру бойынша түсіндірме
«Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы
төлеушілер және салық салу объектілері,
берілген экологиялық рұқсаттар, қоршаған
ортаға эмиссиялардың белгіленген
нормативтері, экологиялық рұқсаттарға
және қоршаған ортаға эмиссиялардың
белгіленген нормативтеріне енгізілген
өзгерістер туралы мәліметтер»
нысанына қосымша
«Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, берілген экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері, экологиялық рұқсаттарға және қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтеріне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер» нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 1
1. Нысан «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 573-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Нысанды қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, берілген экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері, экологиялық рұқсаттарға және қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтеріне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерді (бұдан әрі - мәліметтер) жасауға жауапты лауазымды тұлға толтырады.
Тармақ 3
3. Нысанға бірінші басшы не орынбасары қол қояды, ол электрондық цифрлық қолтаңбасымен ЭҚАБЖ арқылы электронды түрде жіберіледі.
Тармақ 4
4. «Уәкілетті мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы » деген жолда мәліметті табыс ететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы көрсетіледі.
Тармақ 5
5. «БСН» деген жолда мәліметті табыс ететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 6
6. «№» деген 1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі. Кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс.
Тармақ 7
7. «Табиғат пайдаланушының атауы» деген 2-бағанда қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алған заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің толық атауы және жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.
Тармақ 8
8. «БСН/ЖСН» деген 3-бағанда 2-бағанда көрсетілген заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе 2-бағанда көрсетілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 9
9. «Рұқсат құжатының нөмірі, күні» деген 4-бағанда рұқсат құжатының нөмірі және күні көрсетіледі.
Тармақ 10
10. «Рұқсат құжатының қолданылу мерзімі» деген 5-бағанда рұқсат құжатының қолданылу мерзімі (күн, ай, жыл)-дан бастап (күн, ай, жыл) дейін көрсетіледі.
Тармақ 11
11. «Объектінің орналасқан жері» деген 6-бағанда рұқсат құжатына сәйкес қоршаған ортаға эмиссияның өндірістік объектісінің орналасқан жері көрсетіледі.
Тармақ 12
12. «Эмиссия түрі» деген 7-бағанда эмиссия түрі көрсетіледі. Эмиссияның бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда, нысан рұқсат құжатында көрсетілген ластағыш заттардың әр түрі бойынша жеке жолмен толтырылады, мұнда:
А – тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары;
В – ластағыш заттардың шығарындылары;
С – өндіріс және тұтыну қалдықтарының орналастырылуы;
D – күкірттің орналастырылуы.
Тармақ 13
13. «Өнеркәсіптік қалдықтардың қауіптілік деңгейі (болған кезде)» деген 8-бағанда өнеркәсіптік қалдықтардың қауіптілік деңгейі (болған кезде) көрсетіледі.
Тармақ 14
14. «Жылдар бойынша белгіленген лимит (тонн)» деген 9, 10, 11, 12 және 13-бағандарда жылдар бойынша белгіленген лимит көрсетіледі.
Тармақ 15
15. «Ескертпе» деген 14-бағанда бұдан бұрын берілген экологиялық рұқсаттарға өзгерістер енгізілген жағдайда «Өзгерістер» деген мәртебе көрсетіледі.
Басқа 2. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауға қатысты табиғат пайдаланушылар бойынша мәліметтер
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 289 бұйрығына 2-қосымша
нысан
Уәкілетті мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның
атауы _______________________________________________________
БСН _________________________
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауға қатысты табиғат пайдаланушылар бойынша мәліметтер
№
Заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің атауы және жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
ЖСН/ БСН
Қалдықтардың атауы
Қалдықтардың қауіптілік деңгейі
(болған кезде)
Өндіріс және тұтыну қалдықтарының уақытша сақталған көлемі, (тн)
Қалдықтарды
уақытша сақтаудың
белгіленген
мерзімі
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың нақты мерзімі
Қалдықтарды уақытша сақтау мерзімі асып кеткен жыл және тоқсан
1
2
3
4
5
6
7
8
9
ЖИЫНЫ:
_______________________________________________________________________________________
(Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы немесе жергілікті атқарушы органы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_______________________________________________________________________________________
(Мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Жасалған күні 20__ ж. «___» ______________
Ескертпе: Толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Басқа 2-1. «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауға қатысты табиғат пайдаланушылар бойынша мәліметтер» нысанды толтыру бойынша
түсіндірме
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын
уақытша сақтауға қатысты табиғат
пайдаланушылар бойынша мәліметтер»
нысанына қосымша
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауға қатысты табиғат пайдаланушылар бойынша мәліметтер» нысанды толтыру бойынша
түсіндірме
Тармақ 1
1. Нысан «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 573-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Нысанды өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауға қатысты табиғат пайдаланушылар бойынша мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) жасауға жауапты лауазымды тұлға толтырады.
Тармақ 3
3. Нысанға бірінші басшы не орынбасары, мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды адам қол қояды және электрондық цифрлық қолтаңбасымен ЭҚАБЖ арқылы электронды түрде жіберіледі.
Тармақ 4
4. «Уәкілетті мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы» деген жолда мәліметті табыс ететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы көрсетіледі.
Тармақ 5
5. «БСН» деген жолда мәліметті табыс ететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 6
6. «№» деген 1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі. Кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс.
Тармақ 7
7. «Заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің атауы және жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), мекен жайы» деген 2-бағанда заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің толық атауы және жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оның мекен-жайы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. «БСН/ЖСН» деген 3-бағанда 2-бағанда көрсетілген заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе 2-бағанда көрсетілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 9
9. «Қалдықтардың атауы» деген 4-бағанда өндіріс және тұтыну қалдықтарының атауы көрсетіледі.
Тармақ 10
10. «Қалдықтардың қауіптілік деңгейі (болған кезде)» деген 5-бағанда өнеркәсіптік қалдықтардың қауіптілік деңгейі (болған кезде) көрсетіледі.
Тармақ 11
11. «Өндіріс және тұтыну қалдықтарының уақытша сақталған көлемі, (тн)» деген 6-бағанда өндіріс және тұтыну қалдықтарының уақытша сақталған көлемі тоннада көрсетіледі.
Тармақ 12
12. «Қалдықтарды уақытша сақтаудың белгіленген мерзімі» деген 7-бағанда қалдықтарды уақытша сақтаудың белгіленген мерзімі көрсетіледі.
Тармақ 13
13. «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың нақты мерзімі» деген 8-бағанда өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың нақты мерзімі есепті тоқсан үшін айда көрсетіледі.
Тармақ 14
14. «Қалдықтарды уақытша сақтау мерзімі асып кеткен жыл және тоқсан» деген 9-бағанда қалдықтарды уақытша сақтау мерзімі асып кеткен жыл және тоқсан көрсетіледі.
Басқа 3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтер
20 ___ жылғы ____ тоқсан үшін
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 289 бұйрығына 3-қосымша
нысан
Уәкілетті мемлекеттік органның атауы ______________________________________
_______________________________________________________________________
БСН _________________________
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтер
20 ___ жылғы ____ тоқсан үшін
№
Бұзушының атауы, мекен- жайы
Ж
С
Н
/
Б
С
Н
Мемлекеттік экологиялық бақылау актісінің нөмірі және күні
Анықталған бұзушылықтың кезеңi (жыл және тоқсан)
Э
м
и
с
с
и
я т
ү
р
і
Объектінің
орналасқан жері
Ластағыш заттың, қалдықтың түрі
Өнеркәсіптік қалдықтардың қауіптілік деңгейі
(болған кезде)
Бақылау нәтижелері бойынша қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемі
Салық есептілігінің деректері бойынша қоршаған ортаға эмиссияның көлемі
Бақылау және салық есептілігінің деректері арасындағы көлемдер айырмашылығы
Өлшем бірлігі (тн, Гбк, кг)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
ЖИ
ЫН
Ы:
_________________________________________________________________________________________
(Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_________________________________________________________________________________________
(Мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Жасалған күні 20__ ж. «___» ______________
Ескертпе: Толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Басқа 3-1. «Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтер» нысанды толтыру бойынша түсіндірме
«Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес Қазақстан Республикасының
экологиялық заңнамасын (мемлекеттік
экологиялық бақылау) сақтау бойынша
тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды
есепке ала отырып осындай тексерулерді
жүзеге асыру барысында белгіленген
қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты
көлемдері туралы мәліметтер» нысанына
қосымша
«Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтер» нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 1
1. «Уәкілетті мемлекеттік органның атауы» деген жолда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтерді (бұдан әрі-мәліметтер) табыс ететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.
Тармақ 2
2. «БСН» деген жолда мәліметті табыс ететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 3
3. «№» деген 1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі. Кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс.
Тармақ 4
4. «Бұзушының атауы, мекен-жайы» деген 2-бағанда бұзушылыққа жол берген заңды тұлғалардың толық атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекен-жайы көрсетіледі.
Тармақ 5
5. «БСН/ЖСН» деген 3-бағанда 2-бағанда көрсетілген заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе 2-бағанда көрсетілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 6
6. «Мемлекеттік экологиялық бақылау актісінің нөмірі және күні» деген 4-бағанда мемлекеттік экологиялық бақылау актісінің нөмірі және күні көрсетіледі.
Тармақ 7
7. «Анықталған бұзушылықтың кезеңi (жыл және тоқсан)» деген 5-бағанда анықталған бұзушылықтың жылы және тоқсаны көрсетіледі.
Тармақ 8
8. «Эмиссия түрі» деген 6-бағанда эмиссия түрі көрсетіледі. Эмиссияның бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда, нысан ластағыш заттардың әр түрі бойынша жеке жолмен толтырылады, мұнда:
А – тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары;
В – қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары (болған кезде);
С – ластағыш заттардың шығарындылары;
D – өндіріс және тұтыну қалдықтарының орналастырылуы.
Тармақ 9
9. «Объектінің орналасқан жері» деген 7-бағанда қоршаған ортаға эмиссиялар көзінің (объектінің) орналасқан жерінің мекенжайы көрсетіледі.
Тармақ 10
10. «Ластағыш заттың немесе қалдықтың түрі» деген 8-бағанда ластағыш заттың немесе қалдықтың түрі көрсетіледі.
Тармақ 11
11. «Өнеркәсіптік қалдықтардың қауіптілік деңгейі (болған кезде)» деген 9-бағанда өнеркәсіптік қалдықтардың қауіптілік деңгейі (болған кезде) көрсетіледі.
Тармақ 12
12. «Бақылау нәтижелері бойынша қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемі» деген 10-бағанда бақылау нәтижелері бойынша қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемі көрсетіледі.
Тармақ 13
13. «Салық есептілігінің деректері бойынша қоршаған ортаға эмиссияның көлемі» деген 11-бағанда салық есептілігінің деректері бойынша қоршаған ортаға эмиссияның көлемі көрсетіледі.
Тармақ 14
14. «Бақылау және салық есептілігінің деректері арасындағы көлемдер айырмашылығы» деген 12-бағанда бақылау және салық есептілігің деректері арасындағы көлемдер айырмашылығы көрсетіледі.
Тармақ 15
15. «Өлшем бірлігі (тн, Гбк, кг)» деген 13-бағанда өлшем бірлігі тоннамен, гигабеккерел немесе килограммен көрсетіледі.
Басқа 4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтерді табыс етудің қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 289 бұйрығына 4-қосымша
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтерді табыс етудің қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтерді табыс етудің қағидалары «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 573-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Мәліметтер нысанын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдануды есепке ала отырып осындай тексерулерді жүзеге асыру барысында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемдері туралы мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлға толтырады.
Тармақ 3
3. Мәліметтер нысанын бірінші басшы не орынбасары, мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды адам қол қояды және электрондық цифрлық қолтаңбасымен ЭҚАБЖ арқылы электронды түрде жіберіледі.
Тармақ 4
4. Мәліметтер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық органдары өзінің орналасқан жеріндегі салық органдарына табыс етеді.
Тармақ 5
5. Мәліметті табыс ету мерзімі - Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша тексерулердің нәтижелеріне шағымдану мерзімдері өткен соң он жұмыс күнінен кешіктірмей.