Об утверждении формы сведений о плательщиках сбора и объектах обложения Күшін жойған
Басқа 0
Алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтердің нысанын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 550-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтердің нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Аукцион өткізушілердің аукционнан алымды төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты ұсыну нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 313 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8593 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2013 жылғы 20 тамызда № 123 (2498) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электрондық және қағаз түріндегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделінген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 273 бұйрығымен
бекітілген
нысан
Мәліметті беруші уәкілетті мәмлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы
уәкілетті ұйымның атауы _______________________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі _________________________
Алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер
р/с №
Оларды жүзеге асыру кезінде алымдардың алуы қарастырылған, олардың мүдделерінде уәкілетті мемлекеттік органдары әрекет жасайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Бизнес сәйкестендіру нөмірі /
жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде)
Заңды мекен-жайы немесе тұрғылықты мекен- жайы
Тіркеу әрекетінің түрі және (немесе) алым көзделген құжаттың немесе телнұсқасының түрі
Алым ставкасы
(айлық есептiк көрсеткiш)
Бюджетке енгізуге жататын алым сомасы (теңге)
Бюджетке енгізілген
алым сомасы (теңге)
Алымның бюджетке төленгенін растайтын төлем құжатының нөмірі және күні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
ЖИЫНЫ:
________________________________________________________________________
(Бірінші басшының (оның міндетін атқарушы адамның) немесе уәкілетті мемлекеттік органның немесе азаматтық авиация
саласындағы уәкілетті ұйымның оқшауланған бөлiмшесiнің басшысының (оның міндетін атқарушы адамның) тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)
________________________________________________________________________
(Мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Мәліметтер жасалған күні 20__ жылғы «___»__________________
__________
(қолы)
__________
(қолы)
Басқа 1. «Алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
«Алымды төлеушілер
және салық салу
объектілері туралы мәліметтер» нысанына
қосымша
«Алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 1
1. Нысан 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексi) 550-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Нысанды мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлға толтырады.
Тармақ 3
3. Нысанға мәліметтерді беретін уәкілетті мемлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бірінші басшысы (оның міндетін атқарушы адам) немесе уәкілетті мемлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның оқшауланған бөлiмшесiнің басшысы (оның міндетін атқарушы адам) және мәліметті жасауға жауапты лауазымды тұлға қол қояды.
Тармақ 4
4. «Уәкілетті мемлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы» деген жолда мәліметтерді табыс ететін уәкілетті мемлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы көрсетіледі.
Тармақ 5
5. «Бизнес сәйкестендіру нөмірі» деген жолда мәліметті табыс ететін уәкілетті мемлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 6
6. 1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі. Кейінгі мәлімет реті бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс.
Тармақ 7
7. 2-бағанда оларды жүзеге асыру кезінде алымдардың алуы қарастырылған, олардың мүдделерінде уәкілетті мемлекеттік органдар немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның әрекет жасайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің толық атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 3-бағанда 2-бағандағы көрсетілген заңды тұлғаның (жеке тұлғаның) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі, ол болған кезде. Егер 2-бағанда көрсетілген тұлға Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда 3-баған толтырылуға міндетті.
Тармақ 9
9. 4-бағанда 2-бағанда қөрсетілген заңды тұлғаның мекен-жайы немесе тұлғаның тұрғылықты мекен-жайы, облыс, қала, көше, үйдің, пәтердін нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 5-бағанда Салық кодексінің 553 және 554-баптарына сәйкес тіркелу әрекетінің және (немесе) алым көзделген құжаттың немесе құжаттың телнұсқасының түрі көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 6-бағанда республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің мөлшерінен шыға отырып, Салық кодексінің 553 және 554-баптарына сәйкес алымдарды төлеу күнiне қолданылатын алым мөлшерлемесі көрсетіледі. Уәкілетті мемлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ведомстволық ақпараттық жүйесінде, осындай ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы мәліметтерді қалыптастыру кезінде аталған көрсеткіш болмаған жағдайда бұл бағанды толтыру міндетті болып табылмайды.
Тармақ 12
12. 7-бағанда бюджетке теңгемен төленуге жататын алым сомасы көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 8-бағанда бюджетке теңгемен төленген алымның сомасы көрсетіледі.
Тармақ 14
14. 9-бағанда бюджетке алымның төленгенін растайтын төлем құжатының нөмірі және күні көрсетіледі.