Об установлении тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Аксу Күшін жойған
Басқа 0
Ақсу қаласында жолаушылар
мен багажды автомобильмен
тұрақты тасымалдау тарифін
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабы 2, 5-тармақтарына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақсу қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау барлық маршруттар үшін бірыңғай тариф бір сапар үшін:
қала ішінде 70 (жетпіс) теңге көлемінде;
қоныстану аймағы сыртына 90 (тоқсан) теңге көлемінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары К.З. Арыновқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақсу қалалық
мәслихатының хатшысы
М. Омаргалиев ____________
2018 жылғы «27» ақпан