Қолданыстағы ред. 27.08.2000

«Атырау облысының Құрметті азаматы атағын белгілеу туралы от 27.08.2000 г. № 76-II («Атырау облысының Құрметті азаматы атағын белгілеу туралы)

0

«Атырау облысының Құрметті азаматы атағын белгілеу туралы
Атырау облыстық мәслихатының VI сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. «Атырау облысының құрметті азаматы» атағы белгіленсін.

2

2. «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы туралы Ереже беркітілсін (жалғанды).

3

3. «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағын беруге байланысты мәселелерді зерттеп және қарау үшін облыстық мәслих комиссиясы құрылсын (комиссия құрамы жалғанды).

4

4. Аталған атаққа ие болғандарға «Атырау облысының Құрметті азаматы» омырауға тағатын белгісі мен куәлігі тапсырылатын боп белгіленсін.

5

5. Облыс әкімдігіне омырауға тағатын белгі мен куәлікті жасау үшін қаржы қарастыру тапсырылсын.

6

Облыстық Мәслихаттың
2000 жылғы 28 тамыз
№ 76-II шешіміне жалғама № 1
«Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы туралы ЕРЕЖЕ

1

1. «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы мендегідей сіңірген айырықша еңбегі үшін беріледі:
- халық шаруашылығының барлық саласында, оның ішінде өнеркәсіпке,ауылшаруашылығына, құрылысқа , көліктік қатынас саласында техникалық, технологиялық, техникалықөэкономикалық жана сапалы, жоғарғы дәрежелі жаналықтар енгізген нәтижелі істермен қатар, осы салалардағы ұзақ және жемісті еңбектері үшін;
- оқу процесінде халықтық педагогиканы шеберлікпен пайдаланғаны, білім беру жүйесінің ұйымдастыруды едәуір жетілдірген, өскелең ұрпақтарды, оқушыларды және студент жастарды азаматтылыққа және мәдениеттілікке тәрбиелеудегі жетістіктері үшін;
- Қазақстан Республикасы халықтарының мәдениетін дамытып және байытқаны; әдебиеттегі, өнердегі және журналистикадағы жоғары көркемдік шығармалар жасағаны үшін;
- облыс халқының денсаулығын жақсартқаны, аймақтағы қоршаған ортаның ахуалын сауықтырғаны, халық арасында емдеу – алдын алу жұмыстарының экономикалық жағынан тиімді түрлерін енгізгені; облыста дене шынықтыру ісі мен спортты дамытқаны үшін;
- өз уақытында облыстағы мемлекеттік қызметте жоғары құрметтелген беделге ие болғаны, еңбекке және адамдарға деген қарым-қатынастың жоғарғы үлгісін көрсеткені; бүгінгі күні зейнеткерлікте жүрген, өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне белсене қатынасатын және басқа да өзекті мәселелерді шешуге жағдай жасағаны үшін;
- заңдылық пен құқық тәртібін нығайтудағы жұмысы үшін әскери борышты өтеу кезінде көрсеткен қаһармандығы мен ерлігі үшін, Қазақстан Републикасының және шетелдік азаматтарға облыс алдында сіңірген еңбектері үшін беріледі.
- «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағына үміткерлерді таңдаған кезде олардың ҚР мемлекеттік наградылармен марапатталғандығы, мемлекеттік сыйлықтар Құрметті атақтары бары назарға алынады.

2

2. Аудандық, қалалық өкілді және атқарушы органдары мақұлдаған «атырау облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы кәсіпорындар мен мекемелердің еңбек ұжымдарының қоғамдық ұйымдардың, азаматтар жиналыстарының өтініштері алдын ала комиссияда қаралып, облыстық мәслихаттың көпшілік дауыс алған шешімімен бекітіледі.
Еңбек ұжымдарының өтініштері жалпы жиналыстарда немесе конференцияларда талқыланып, көпшілік дауыс алған жағдайда ұсынылады.
Халықтың неғұрлым көп бөлігін қамтып алдын ала талқылау үшін үміткелердің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жарияланады. Осы мақсатта жергілікті жерлерде қоғамдық комиссиялар құрылып, олар облыстық Мәслихат комиссиясына ұсыныстар енгізеді.

3

3. «Атырау облысының «Құрметті азаматы» атағын беруге облыс Әкімі ұсыныс бере алады.
Облыстық мәслихатқа жолданатын өтініш пен ұсынысқа мыналар жалғанады:

1

1) Ұсыныс туралы азаматтар жиналысының, конференцияның хаттамасы;

2

2) үміткердің өмірбаяны;

3

3) үміткердің Атырау облысы алдында ерекше еңбек сіңіргендігіне куә болатын құжаттар.

4

4. «Атырау облысының Құрметті азаматы» куәлігі мен Құрметті азаматтың омырауға тағатын белгісі облыстық мәслихаттың сессиясында немесе еңбек ұжымында тапсырылады.

14

Облыстық Мәслихаттың
2000 жылғы 28 тамыз
№ 76-II шешіміне жалғама № 2
«Атырау облысының Құрметті азаматы» атағын беру мәселелерін жан-жақты зерттеп, қарау жөніндегі облыстық мәслихат комиссиясының ҚҰРАМЫ:
Табылдиев х.Б. – облыстық мәслихат хатшысы, комиссия төрағасы
Бисенұлы У. – әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет мәселері және жастар істері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы
Каримов Т.А. – облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппаратының жетекшісі
Монастырская Л.М. – тексеру комиссияның төрайымы
Омарова А.Қ. – заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және депутаттық этика туралы тұрақты комиссиясының төрайымы
Шырдабаев М.Т. –экономика, кәсіпкерлікті дамыту, қаржы және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы
Қайрешев С.М. – облыстық еңбек, халықты жұмыс пен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы