Об утверждении перечня категорий товаров, подвергающихся быстрой порче, в отношении которых применяется первоочередной порядок совершения таможенных операций Күшін жойған
Басқа 0
Кедендік операцияларды бірінші кезекте жасау тәртібі қолданылатын тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар санаттарының тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 147-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған кедендік операцияларды бірінші кезекте жасау тәртібі қолданылатын тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар санаттарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министірінің орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
____________ Ө. Шөкеев
2018 жылғы « »
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
____________ Е. Біртанов
2018 жылғы « »
Басқа 0. Кедендік операцияларды бірінші кезекте жасау тәртібі қолданылатын тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар санаттарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 271
бұйрығымен бекітілді
Кедендік операцияларды бірінші кезекте жасау тәртібі қолданылатын тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар санаттарының тізбесі
Тармақ 1
1. Егер Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде тамақ өнімдерінің жеке түрлеріне өзгеше белгіленбесе, жарамдылық мерзімі 5 (бес) тәуліктен аспайтын, адам денсаулығы үшін қауіпті деңгейлерге дейін онда ауру тудыратын микроорганизмдердің, бүлдіру микроорганизмдерінің дамуының және (немесе) уыттар түзілуінің алдын алу мақсатында сақтауға және тасымалдауға (көлікпен тасымалдаудың) арнайы құрылатын температуралық режимді қажет ететін тауарлар.
Тармақ 2
2. Төменде келтірілген кестеге сәйкес тауарлар:
№
Тауардың қысқаша атауы
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасына сәйкес тауар коды
Кезең ішінде бірінші кезектей тәртібінде жасалатын кедендік операциялар
1.
ірі қара малдың жас немесе тоңазытылған еті
0201
Жыл бойы
2.
ет және тағамдық қосымша өнімдер, жас немесе тоңазытылған
0203-0208 ден
Жыл бойы
3.
тірі балық, оның ішінде балық отырғызу материалы
0301
жыл бойы
4.
жас немесе тоңазытылған балық
0302
Жыл бойы
5.
балық кесек еті (жентекті қоса алғанда) және басқа да балық еті жас немесе тоңазытылған
0304 тен
Жыл бойы
6.
шаянтектестер, моллюскалар, тірі су омыртқасыздары, жас немесе тоңазытылған
0306-0308 ден
Жыл бойы
7.
сүт және сүт өнімдері
0401-0406
Жыл бойы
8.
жұмыртқа
0407-0408
Жыл бойы
9.
тірі ағаштар және басқа да өсімдіктер, баданалар, тамырлар және басқа да ұқсас өсімдіктің бөліктері, кесілген гүлдер және әшекейлі шөптер
06 топ
Жыл бойы
10.
қызанақ
0702 00 000
қаңтар-маусым, қазан-желтоқсан
11.
қырыққабат
0704 90 900 0 ден
қаңтар-маусым, қазан-желтоқсан
12.
салат-латук
0705 11 000 0
Жыл бойы
13.
қияр және корнишондар
0707 00
қаңтар-маусым, қазан-желтоқсан
14.
жаңа піскен саңырауқұлақтар
0709 дан
Жыл бойы
15.
баялдылар
0709 30 000 0
қаңтар-маусым, қазан-желтоқсан
16.
балдыркөк
0709 40 000 0
Жыл бойы
17.
тәтті бұрыш
0709 60 100
Жыл бойы
18.
жаңа піскен банандар
0803 90 100 0
Жыл бойы
19.
жаңа піскен ананастар
0804 30 000 1
Жыл бойы
20.
авокадо
0804 40 000 0
Жыл бойы
21.
тәтті жаңа піскен апельсиндер
0805 10 200 0
қаңтар-маусым, қазан-желтоқсан
22.
мандарин
0805 21 000 0
қаңтар-маусым, қазан-желтоқсан
23.
клементин
0805 22 000 0
қаңтар-маусым, қазан-желтоқсан
24.
помелло, манап
0805 40 000 0
қаңтар-маусым, қазан-желтоқсан
25.
лимоны, лайм
0805 50
қаңтар-маусым, қазан-желтоқсан
26.
жаңа піскен жүзім
0806 10
Жыл бойы
27.
қауын, қарбыз, папайя
0807
сәуір-қыркүйек
28.
алмұрттар
0808 30 900 0
Жыл бойы
29.
сары өріктер
0809 10 000 0
сәуір-қыркүйек
30.
жаңа піскен шие және қызыл шиелер
0809 21 000 0-0809 29 000 0
сәуір-қыркүйек
31.
шабдалы және шірнелер
0809 30
сәуір-қыркүйек
32.
өріктер
0809 40 050 0
Маусым-қазан
33.
жаңа піскен жидектер
0810 10 000 0- 0810 40 900 0
Жыл бойы
34.
киви
0810 50 000 0
қаңтар-маусым, қазан-желтоқсан
35.
құрма
0810 70 000 0
қаңтар-маусым, қазан-желтоқсан
36.
анар
0810 90 750 0 ден
қаңтар-маусым, қазан-желтоқсан
37.
ашытқы
2102
Жыл бойы