О социальной поддержке персональных пенсионеров областного значения Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы
📌 Сноска. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімінің 16.09.2014 № 224 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Z010148_
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру мақсатында және облыс бұрындары қабылдаған "Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы" 2001 жылдың 24 сәуiрiндегi N 91 шешiмiн қайта қарай келiп, облыс әкiмияты қаулы етедi:
Тармақ 1
1. 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап бұрын облыстық дәрежедегi дербес зейнеткер атағы бар зейнеткерлерге облыстық бюджет қаржысынан ай айын қосымша ақы тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Облыстық дәрежедегi дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу ережелерi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Тармақ 3
3. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы (А.Баужанова) облыс қалалары, аудандары бойынша бұрын облысқа сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы тағайындалған адамдарға қосымша ақы тағайындау, төлеу және есепке алуды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (С.Б.Шаметова) 2001 жылдың облыстық бюджетiнiң жыл сайынғы шығыстар сметасы шегiнде осы қаулыны орындау шараларын алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалысын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Е.Күмiсқалиға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Облыс әкiмiнiң "Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы" 2001 жылдың 24 сәуiрдегi N 91 шешiмi күшi жойылған деп саналсын.
Басқа 7
Маңғыстау облысы әкiмияты
2001 ж. 24.04. N 42
қаулысымен бекiтiлген
Облыстық дәрежедегi дербес зейнеткерлерге
ай сайынғы қосымша ақы тағайындау
және төлеу
ЕРЕЖЕЛЕРI
Осы облыстық дәрежедегi дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу Ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ ҚРЗ
Z010148_
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына, Маңғыстау облыстық мәслихатының 2001 жылғы 28 наурыздағы N 11/85 "Облыстық мәслихаттың 2000 жылғы 19 желтоқсандағы 9/69 2001 жылға арналған облыстық бюджет туралы шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" шешiмiне сәйкес және облысқа сiңiрген еңбегi үшiн бұрын зейнетақы тағайындалған адамдардың зейнетақыларына қосымша ақыны тағайындау және төлеу тәртiбiн белгiлейдi.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Ережелерде төмендегiдей негiзгi түсiнiктер қолданылады:
Тармақша 1
1) облысқа сiңiрген еңбегi бар зейнеткер - облыстық дәрежедегi дербес зейнеткер (бұдан әрi - дербес зейнеткер);
Тармақша 2
2) дербес зейнеткердiң зейнетақысына қосымша ақы - (бұдан әрi - қосымша ақы) олардың табысына қарамастан жеңiлдiктердiң орнына берiлетiн ақшалай төлемақы;
Тармақша 3
3) қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлдi орган - аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi;
Тармақша 4
4) қосымша ақыны беру жөнiндегi уәкiлдi орган - Қазақстан Республикасының Халықтық банкi (бұдан әрi - банк).
Тармақ 2
2. Дербес зейнеткерлерге жеңiлдiктердiң орнына қосымша ақыны төлеу облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қосымша ақы ай сайын өткен ай үшiн облыс әкiмiнiң шешiмiмен бекiтiлген Ережелерге сәйкес төленедi.
Тарау 2. 2. Қосымша ақыны тағайындау тәртiбi
2. Қосымша ақыны тағайындау тәртiбi
Тармақ 4
4. Дербес зейнеткерлер қосымша ақы тағайындату үшiн тұрғылықты жерi бойынша қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлдi органға төмендегiдей құжаттар мен мәлiметтердi тапсырады:
Тармақша 1
1) өтiнiш;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 3
3) қосымша ақыны алуға құқығын растайтын құжат;
Тармақша 4
4) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
Тармақша 5
5) банкінің филиалдарында зейнетақысын алатын адамдардың банкіндегі
дербес есепшотының нөмірі;
Тармақша 6
6) тұрақты тұрғылықты жерiн растайтын анықтама.
Тармақ 5
5. Қосымша ақыны алуға құқығын растайтын құжат болып, дербес зейнеткердiң куәлiгi немесе халық депутаттары Маңғыстау облыстық Кеңесiнiң 1992 жылғы 22 мамырдағы N Х/254 қаулысымен бекiтiлген облысқа сiңірген еңбегі үшiн зейнетақыларды белгiлеу жөнiндегi комиссияның облысқа сiңiрген ерекше еңбегі үшін зейнетақыны тағайындау туралы шешiмiнен көшірме саналады.
Тармақ 6
6. Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшірме түрiнде қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi органына тапсырылады. Ол құжаттар көшірмесін куәландырады, оларды іске қалыптастырады, тағайындалған сомалардың есебiн жүргiзу және кейiн компьютерлiк өңдеу үшiн қосымша ақыны тағайындау журналы бойынша жеті сандық тіркеу нөмірін береді, төленген сомалардың есебiн жүргiзу үшiн дербес есепшот ашады.
Тармақ 7
7. Қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган қосымша ақыны тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Уәкiлдi орган төмендегiлерге қосымша ақыны тағайындаудан бас тартады:
Тармақша 1
1) қосымша ақыны тағайындау құқығын растайтын құжаттарын тапсырмаған адамдарға;
Тармақша 2
2) дәл емес мәліметтерден тұратын құжаттар тапсырған адамдарға;
Тармақша 3
3) бас бостандығынан айыру түрiнде сотпен тағайындалған қылмыстық жазасын өтеп жүрген адамдарға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасындағы басқа облысқа және одан тысқары жерге сіңірген еңбегi бар зейнеткерлерге.
Қосымша ақыны тағайындаудан бас тартқан жағдайда қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлдi орган бас тарту себебiн жазбаша дәлелдеп түсiндiредi және өтiнiш берушiге құжаттарын қайтарады.
Тармақ 8
8. Қосымша ақыны алушылар өтiнiшiнде Ережелердiң 7 тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген, оны тағайындау үшін негiздерiн жойған жағдайларда, қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлдi органға бұл туралы 10 күннiң iшiнде хабарлауға мiндеттенедi.
Тармақ 9
9. Ай сайынғы қосымша ақы Маңғыстау облыстық мәслихатының шешiмiмен бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленген.
Тарау 3. 3. Қосымша ақыларды төлеудi тоқтату
және жаңғырту
3. Қосымша ақыларды төлеудi тоқтату
және жаңғырту
Тармақ 10
10. Дербес зейнеткерге қосымша ақыны төлеу Ережелердің 7 тармағының
Тармақша 3
3) тармақшасында көрсетiлген, оны тағайындау үшiн қайтыс болған күнiнен бастап тоқтатылады.
Тармақ 11
11. Қосымша ақыны төлеуді жаңғырту, дербес зейнеткердің оны тағайындауға қайта құқығын иеленген жағдайда, құқығы туындаған күннен бастап қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлдi органның шешiмi бойынша жүргiзiледi.
Тарау 4. 4. Қосымша ақыларды төлеу тәртiбi
4. Қосымша ақыларды төлеу тәртiбi
Тармақ 12
12. Дербес зейнеткерлерге қосымша ақыларды төлеудi жүзеге асыру үшiн уәкiлдi орган зейнетақыны алу тәртiбi көрсетiлген қосымша ақыларды тағайындау туралы шешiмдердiң, алушылардың жеке өтiнiштерiнiң негiзiнде (зейнетақы алатын орны мен алу тәртiбi көрсетiлген) төмендегiдей құжаттарды жасақтайды:
Тармақша 1
1) компьютерде қосымша ақыларды алушылар бойынша базаны;
Тармақша 2
2) елдi мекендер бойынша банктегi дербес есепшотқа қосымша ақылар сомаларын түсiру үшiн тiзiмдердi 2 данада;
Тармақша 3
3) банкiнiң филиалдары бар елдi мекендерде үйге әкелiп берудi қажет ететiн зейнеткерлерге қосымша ақыларды төлеуге тiзiм-ведомстыларды 3 данада;
Тармақша 4
4) банк филиалдары жоқ болған жағдайда, елдi мекендерде қосымша ақыларды төлеуге тiзiм-ведомстыларды 3 данада;
Тармақша 5
5) ағымдағы айдың 20-жұлдызындағы жағдай бойынша қосымша ақыларды төлеуге тапсырыс-сұранысты.
Тармақ 13
13. Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлдi орган ағымдағы айдың 20-жұлдызына дейiн облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасына өтiнiмдi табыс етедi.
Тармақ 14
14. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы қалалар мен аудандар бойынша Агенттiк келiсiммен көзделген, банкiге сыйақыны (0,6%) ескере отырып, жинақталған өтiнiмдi облыс бойынша жасайды және оны ағымдағы айдың 23-жұлдызына дейiн облыстық қаржы басқармасына жолдайды.
Тармақ 15
15. Облыстық қаржы басқармасы тиiстi бағдарламалар бойынша жергiлiктi бюджеттiң жазылған шығыстарына сәйкес ағымдағы айдың 25-жұлдызына дейiн облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасына өткен айдың қосымша ақыларын төлеу үшiн қажеттi қаражат бөледi.
Тармақ 16
16. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы ағымдағы айдың 28-жұлдызына дейiн төлем тапсырыстарымен алынған қаражатты қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлдi органның есепшотына қаржылық рұқсатпен бөлiнген сомалар шегiнде аударады.
Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлдi орган жасалған Агенттiк келiсiмнiң негiзiнде ағымдағы айдың 30-жұлдызына дейiн төлем тапсырыстарымен алынған қаражатты банкiнiң есепшотына аударады. Осымен бiр мезгiлде банкiге дербес зейнеткерлердiң банкiдегi дербес есепшоттарына қосымша ақыларды түсiру үшiн тiзiмдердiң бiр данасын, олардың файлдық нұсқасын және тiзiм-ведомостының екi данасын бередi.
Тармақ 17
17. Банк алынған тiзiмдерге сәйкес қосымша ақыларды төлеудi жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлдi орган арқылы банкiге қате немесе дербес зейнеткер қайтыс болғаннан кейiн аударылған сомалар, уәкiлдi органның хаты (өкiмi) негiзiнде облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасының тиiстi есепшотына қайтарылуға жатады. Хат (өкiм) көшiрмесi облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасына жолданады.
Тармақ 19
19. Бұрын төленбеген қосымша ақылар ағымдағы төлемақылармен бiрге төленедi.
Тарау 5. 5. Есеп жүргiзу және есеп беру
5. Есеп жүргiзу және есеп беру
Тармақ 20
20. Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлдi орган ай сайын, төлем жүргiзiлген айдан кейiнгi айдың 5-жұлдызынан кешiктiрмей, банкiмен салыстыру кесiмiн жасайды.
Тармақ 21
21. Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлдi орган ай сайын, әр айдың 10-жұлдызынан кешiктiрмей, төленген қосымша ақылар бойынша есеп берудi жасайды және облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасына бередi.
Тармақ 22
22. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы тоқсан сайын дербес зейнеткерлердiң зейнетақысына қосымша ақыны тағайындау және төлеу туралы ақпаратты облыстық қаржы басқармасына тапсырады.
Тарау 6. 6. Жауапкершiлiк
6. Жауапкершiлiк
Тармақ 23
23. Қосымша ақыларды алушылар артық төлеуге әкелiп соқтырған
жағдайларды жасырған жағдайда, қолданудағы заңнамаға сәйкес жауапкершiлiк артады.
Тарау 7. 7. Бақылау
7. Бақылау
Тармақ 24
24. Дербес зейнеткерлерге қосымша ақылардың тағайындалуы мен
төленуiне бақылауды облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы мен облыстық қаржы басқармасы жүзеге асырады.