Об утверждении Перечня дипломатических и приравненных к ним представительств иностранных государств, консульских учреждений иностранного государства, аккредитованных в Республике Казахстан, в отношении которых осуществляется возврат налога на добавленную стоимость Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 436-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі оның қағаз және электронды көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді басылымдарға жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары М.Б. Тілеубердіге жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «Келісілді» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б. Сұлтанов _________________ 2018 жылғы «___»___________ «Келісілді» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Р. Дәленов _______________ 2018 жылғы «___»____________
Басқа 1. Қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 11-1-4/66-2 бұйрығына 1-қосымша Қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Аустрия Республикасының Елшілігі.
Тармақ 2
2. Америка Құрама Штаттарының Елшілігі.
Тармақ 3
3. Армения Республикасының Елшілігі.
Тармақ 4
4. Әзербайжан Республикасының Елшілігі.
Тармақ 5
5. Беларусь Республикасының Елшілігі.
Тармақ 6
6. Бельгия Корольдігі Елшілігі.
Тармақ 7
7. Болгар Республикасының Елшілігі.
Тармақ 8
Тармақ 9
9. Біріккен Араб Әмірліктерінің Елшілігі.
Тармақ 10
10. Ватикан (ҚасиеттіТақ) Елшілігі.
Тармақ 11
11. Венесуэла Боливариан Республикасының Өкілдігі.
Тармақ 12
12. Германия Федеративтік Республикасының Елшілігі.
Тармақ 13
13. Грек Республикасының Елшілігі.
Тармақ 14
14. Грузия Елшілігі.
Тармақ 15
15. Жапония Елшілігі.
Тармақ 16
16. Израиль Мемлекеті Елшілігі.
Тармақ 17
17. Индонезия Республикасының Елшілігі.
Тармақ 18
18. Иордан Хашимит Корольдігі Елшілігі.
Тармақ 19
19. Ирак Республикасының Елшілігі.
Тармақ 20
20. Иран Ислам Республикасының Елшілігі.
Тармақ 21
21. Испания Корольдігі Елшілігі.
Тармақ 22
22. Италия Республикасының Елшілігі.
Тармақ 23
23. Канада Елшілігі.
Тармақ 24
24. Корей Республикасының Елшілігі.
Тармақ 25
Тармақ 26
26. Кувейт Мемлекетінің Елшілігі.
Тармақ 27
27. Қатар Мемлекетінің Елшілігі.
Тармақ 28
28. Қырғыз Республикасының Елшілігі.
Тармақ 29
29. Қытай Халық Республикасының Елшілігі.
Тармақ 30
30. Латвия Республикасының Елшілігі.
Тармақ 31
31. Ливан Республикасының Елшілігі.
Тармақ 32
32. Ливия Елшілігі.
Тармақ 33
33. Литва Республикасының Елшілігі.
Тармақ 34
34. Мажарстан Елшілігі.
Тармақ 35
35. Македония Республикасының Елшілігі.
Тармақ 36
36. Малайзия Елшілігі.
Тармақ 37
37. Марокко Корольдігінің Елшілігі.
Тармақ 38
38. Моңғолия Елшілігі.
Тармақ 39
39. Мысыр Араб Республикасының Елшілігі.
Тармақ 40
40. Нидерланд Корольдігінің Елшілігі.
Тармақ 41
41. Норвегия Корольдігінің Елшілігі.
Тармақ 42
42. Оман Сұлтандығының Елшілігі.
Тармақ 43
43. Оңтүстік Африка Республикасының Елшілігі.
Тармақ 44
44. Өзбекстан Республикасының Елшілігі.
Тармақ 45
45. Палестина Мемлекетінің Елшілігі.
Тармақ 45-1
45-1. Пәкістан Ислам Республикасының Елшілігі.
Тармақ 46
46. Польша Республикасының Елшілігі.
Тармақ 47
47. Португалия Республикасының Елшілігі.
Тармақ 48
48. Ресей Федерациясының Елшілігі.
Тармақ 49
49. Румыния Елшілігі.
Тармақ 50
50. Сауд Арабиясы Корольдігінің Елшілігі.
Тармақ 51
51. Сербия Республикасының Елшілігі.
Тармақ 52
52. Словак Республикасының Елшілігі.
Тармақ 53
53. Тәжікстан Республикасының Елшілігі.
Тармақ 54
54. Таиланд Корольдігінің Елшілігі.
Тармақ 55
55. Түркия Республикасының Елшілігі.
Тармақ 56
56. Түрікменстан Елшілігі.
Тармақ 57
57. Украина Елшілігі.
Тармақ 58
58. Үндістан Республикасының Елшілігі.
Тармақ 59
59. Финляндия Республикасының Елшілігі.
Тармақ 60
60. Француз Республикасының Елшілігі.
Тармақ 61
61. Хорватия Республикасының Елшілігі.
Тармақ 62
62. Чех Республикасының Елшілігі.
Тармақ 63
63. Швейцария Конфедерациясының Елшілігі.
Тармақ 64
64. Эстония Республикасының Елшілігі.
Тармақ 65
65. Ақтау қаласындағы Әзірбайжан Республикасының Бас консулдығы.
Тармақ 66
66. Алматы қаласындағы Мажарстанның Бас консулдығы.
Тармақ 67
67. Алматы қаласындағы Германия Федеративтік Республикасының Бас консулдығы.
Тармақ 68
68. Ақтау қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы.
Тармақ 69
69. Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы.
Тармақ 70
70. Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулдығы.
Тармақ 71
71. Алматы қаласындағы Қырғыз Республикасының Бас консулдығы.
Тармақ 72
72. Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы.
Тармақ 73
73. Алматы қаласындағы Литва Республикасының Бас консулдығы.
Тармақ 73-1
73-1. Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы.
Тармақ 73-2
73-2. Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығы.
Тармақ 73-3
73-3. Тәжікстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы.
Тармақ 74
74. Алматы қаласындағы РесейФедерациясының Бас консулдығы.
Тармақ 75
75. Ақтау қаласындағы Түркия Республикасының Бас консулдығы.
Тармақ 76
76. Алматы қаласындағы Түркия Республикасының Бас консулдығы.
Тармақ 77
77. Алматы қаласындағы Польша Республикасының Бас консулдығы.
Тармақ 78
78. Алматы қаласындағы Швейцария Конфедерациясының Бас консулдығы.
Тармақ 79
79. Орал қаласындағы Ресей Федерациясының Бас Консулдығы.
Тармақ 80
80. Өскемен қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы.
Тармақ 80-1
80-1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Алматы қаласындағы географиялық жағынан қашық орналасқан офисі.
Тармақ 81
81. Астана қаласындағы Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның Аусыл бойынша субөңірлік үйлестіру кеңсесі.
Тармақ 82
82. Азиялық Даму Банкінің өкілдігі.
Тармақ 83
83. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығы.
Тармақ 84
Тармақ 85
85. Біріккен ҰлттарҰйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдігі.
Тармақ 86
86. Біріккен ҰлттарҰйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқармасы (БҰҰ БЖКБ).
Тармақ 87
87. Біріккен ҰлттарҰйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелер іжөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) кластерлік бюросы.
Тармақ 88
88. Біріккен ҰлттарҰйымының Даму бағдарламасы.
Тармақ 89
Тармақ 90
90. Дүниежүзілік Даму Банкінің өкілдігі
Тармақ 91
91. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ОАӨ АҮО).
Тармақ 92
92. Еуразиялық даму банкінің өкілдігі.
Тармақ 93
93. Еуропалық Одақтың өкілдігі.
Тармақ 94
94. Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің өкілдігі.
Тармақ 95
95. Ислам Даму Банкінің өкілдігі.
Тармақ 96
Тармақ 97
Тармақ 98
Тармақ 99
99. Орталық Азия Университеті.
Тармақ 100
Тармақ 101
101. Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК).
Тармақ 102
102. Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ).
Тармақ 103
Тармақ 104
104. Халықаралық Қызыл Крест комитеті өкілдігі.
Тармақ 105
105. Біріккен Араб Әмірліктерінің Шымкент қаласындағы Бас консулдығы.
Тармақ 106
106. Түркі академиясы.
Тармақ 107
107. Халықаралық Валюта Қоры өкілдігі.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күші жойылатын кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 ж 23 ақпандағы № 11-1-4/66-2 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күші жойылатын кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 11-1-2/314 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12036 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 қыркүйекте жарияланған);
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 11-1-2/347 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14193 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 қазанда жарияланған);
Тармақ 3
3. «Қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін өкілдіктердің тізбесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 шілдедегі № 11-1-2/295 және «Қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 11-1-2/314 бұйрықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 11-1-2/277 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15439 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 22 тамызда жарияланған).