Об утверждении Правил планирования и реализации институциональных проектов, реализуемых за счет привлечения государственных займов Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік қарыздар тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 206-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қарыз тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Р.Т. Мейрханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және осы бұйрық қолданысқа енгізілгенге дейін күшіне енген қарыз шарттарына және олар тоқтатылғанға дейін оларды іске асыру жөніндегі құқықтық қатынастарға қолданылмайды. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің м.а. Р. Дәленов _______________ 2018 жылғы 23 ақпан
Басқа 0. Мемлекеттік қарыздар тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 287 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қарыздар тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидалары
Тарау 1. 1-Тарау. Жалпы ережелер
1-Тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік қарыздар тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 206-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қарыз тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
Тармақша 2
2) институционалдық жоба – саланы (аяны) институционалдық дамытуға бағытталған, бюджеттік бағдарлама әкімшісі белгілі бір уақыт кезеңі ішінде тікелей іске асыратын, аяқталған сипаттағы және қарыз шартын жасасу жолымен мемлекеттік қарыз алу арқылы қаржыландырылатын іс-шаралар жиынтығы;
Тармақша 3
3) институционалдық жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасы (бұдан әрі – ҚЭҚ) – институционалдық жобаның орындылығы, негізділігі жөніндегі мәліметтерді, тиімділігінің қаржылық есептемелерін, сондай-ақ нәтижесін бағалауды және институционалдық жобаны іске асырудан күтілетін пайданы қамтитын құжат;
Тармақша 4
4) нәтижелерді бағалау – орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің ел немесе өңір экономикасының, экономиканың жекелеген саласының (аясының), қоғамның дамуына әсер етуін объективті бағалау, мемлекеттік орган қызметі нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау.
Тарау 2. 2-Тарау. Институционалдық жобаларды жоспарлау
2-Тарау. Институционалдық жобаларды жоспарлау
Тармақ 1. 1-параграф. Институционалдық жобаларды жоспарлау
1-параграф. Институционалдық жобаларды жоспарлау
Тармақ 3
3. Институционалдық жобаларды жоспарлау мынадай екі кезеңмен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) институционалдық жобалардың ҚЭҚ-ын әзірлеу;
Тармақша 2
2) бюджеттi әзiрлеу сатысында институционалдық жобаларды iрiктеу.
Тармақ 2. 2-параграф. Институционалдық жобалар бойынша талаптар
2-параграф. Институционалдық жобалар бойынша талаптар
Тармақ 4
4. Институционалдық жобаларға мынадай талаптар қойылады:
Тармақша 1
1) ұлттық жобаларда және (немесе) үкіметтік бағдарламаларда институционалдық жобалардың болуы;
Тармақша 2
2) қысқа мерзімді және орта мерзімді кезеңдерде институционалдық жобаны іске асыру нәтижесінің нақты және анық көрсеткіштерінің және пайдасының болуы;
Тармақша 3
3) тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамту үлесі тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттың тиісті құнынан кемінде 65%-ды құрайды;
Тармақша 4
4) семинарларға, сапарларға, дөңгелек үстелдерге арналған шығыстар институционалдық жобаның құнынан 10%-дан асуы мүмкін емес;
Тармақша 5
5) институционалдық жобаны іске асырумен байланысты жабдықтарды сатып алу жобаның құнынан 30%-дан аспауы тиіс;
Тармақша 6
6) консультанттардың сыйақысын, үй-жай жалдауды, көліктік қызметтер мен байланыс қызметтерін төлеуді, сондай-ақ өзге де операциялық шығыстарды қамтитын институционалдық жобаны іске асыру тобын ұстауға арналған шығыстар институционалдық жоба құнының 3%-нан асуы мүмкін емес.
Тармақ 3. 3-параграф. Институционалдық жобалар бойынша шектеулер
3-параграф. Институционалдық жобалар бойынша шектеулер
Тармақ 5
5. Институционалдық жобалар бойынша мынадай шектеулер қолданылады:
Тармақша 1
1) құқықтық актілерді әзірлеу бойынша іс-шараларды қаржыландыруға жол берілмейді;
Тармақша 2
2) институционалдық жоба консультанттары мен мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды қаржыландыруға жол берілмейді;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органның тұрақты сипаттағы мемлекеттік функциялармен өкілеттіктерді орындау жөніндегі қызметін қамтамасыз етуге бағытталған шығыстарды және мемлекеттік органның олармен байланысты барлық ағымдағы шығыстарын қаржыландыруға жол берілмейді.
Тармақ 4. 4-параграф. Институционалдық жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасын әзірлеу
4-параграф. Институционалдық жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасын әзірлеу
Тармақ 6
6. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Қағидаларда айқындалған тәртіппен институционалдық жобаның ҚЭҚ-ын дайындау бойынша іс-шараларды жүргізеді.
Тармақ 7
7. Институционалдық жобаның ҚЭҚ мынадай құрылымға сәйкес келеді:
Тармақша 1
1) Институционалдық жобаның ҚЭҚ-ның түйіндемесі;
Тармақша 2
2) «Жобаның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігінің негіздемесі» бөлімі;
Тармақша 3
3) «Экологиялық» бөлім;
Тармақша 4
4) «Институционалдық» бөлім;
Тармақша 5
5) «Қаржылық-экономикалық» бөлім;
Тармақша 6
6) «Кадрлармен қамтамасыз етілу» бөлімі;
Тармақша 7
7) «Тәуекелдерді талдау» бөлімі;
Тармақша 8
8) жалпы тұжырымдар.
Тармақ 8
8. Институционалды жобаның ҚЭҚ-ның түйіндемесінде:
Тармақша 1
1) институционалдық жобаның қысқаша сипаттамасы көрсетіледі;
Тармақша 2
2) институционалдық жобаның қазіргі бар саяси (хаттамалық және өзге де тапсырмаларды, нормативтік құқықтық актілерді көрсете отырып), әлеуметтік-экономикалық және басқа да шарттары сипатталады;
Тармақша 3
3) институционалдық жобаның мақсаттары мен нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізудің ықтимал нұсқалары көрсетіледі.
Тармақ 9
9. «Жобаның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігінің негіздемесі» бөлімі:
Тармақша 1
1) институционалдық жобаның әлеуметтік-экономикалық орындылығы мен тиімділігін талдауды;
Тармақша 2
2) институционалдық жобамен және институционалдық жобасыз әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдауды;
Тармақша 3
3) тиісті саланы институционалдық дамытуға арналған институционалдық жобаны іске асырудан күтілетін әсерді қамтиды.
Тармақ 10
10. «Экологиялық» бөлімі жобаның қоршаған ортаға әсері болған жағдайда талап етіледі.
Тармақ 11
11. «Институционалдық» бөлімі жобаның институционалдық схемасын, оның ішінде:
Тармақша 1
1) институционалдық жобаның институционалдық схемасын;
Тармақша 2
2) құқықтық негізін көрсете отырып, институционалдық жобаны басқару схемасын қамтиды. Қажет болған жағдайда, институционалдық жобаға қатысушылар бойынша толық заңды атауы, шыққан елі, ұйымдық-құқықтық нысаны, құрылған жылы, негізгі қызмет түрлері, осы саладағы жобаларды іске асыру тәжірибесі көрсетіледі.
Тармақ 12
12. «Қаржы-экономикалық» бөлімі мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) институционалдық жобаны қаржыландыру көздерін көрсете отырып, құрауыштар, кіші құрауыштар, іс-шаралар бойынша қаржыландыру есебі;
Тармақша 2
2) қаржыландыру көздерін, шарттары мен көлемдерін (оның ішінде қаржыландыруды жылдарға бөле отырып) көрсете отырып, қаржыландыру схемасының негіздемесі;
Тармақша 3
3) институционалдық жобаның мыналарды қамтитын қаржылық-экономикалық талдауы: қаржылық есеп; ең аз шығындардың талдауы немесе шығындар тиімділігінің талдауы немесе институционалдық жобаның экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің есебі, оның ішінде экономикалық пайдалар мен шығындарды бағалау.
Тармақ 13
13. «Кадрлармен қамтамасыз етілу» бөлімі институционалдық жобаның білікті мамандармен қамтамасыз етілуін талдауды қамтиды, оның ішінде:
Тармақша 1
1) қажетті консультанттар саны мен талап етілетін оларды мамандандыру негіздемесі;
Тармақша 2
2) жергілікті (отандық) және халықаралық (шетелдік) консультанттардың нарығын салыстырмалы талдау;
Тармақша 3
3) тиісті халықаралық сертификаттардың талаптары мен жұмыс тәжірибесі;
Тармақша 4
4) консультанттардың белгіленген сыйақы мөлшерлемелерінің негіздемесі, оның ішінде әрбір консультанттың жылдар бойынша қаржыландыруын бөле отырып.
Тармақ 14
14. «Тәуекелдерді талдау» бөлімі:
Тармақша 1
1) тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалаудың пайдаланылған әдістері туралы ақпаратты;
Тармақша 2
2) тәуекелдердің басталу ықтималдығын және тәуекелдердің басталуынан келетін залалды айқындау нәтижелерін, сондай–ақ тәуекелдерді азайту бойынша болжанатын іс-шараларды ұсына отырып, институционалдық жобаны іске асыру кезеңінде басталуы ықтимал сәйкестендірілген тәуекелдердің (экологиялық, институционалдық, қаржылық, әлеуметтік) тізбесін қамтиды.
Тармақ 15
15. Жалпы тұжырымдар:
Тармақша 1
1) институционалдық жобаны іске асырудың неғұрлым оңтайлы нұсқасын таңдаудың негіздемесін;
Тармақша 2
2) институционалдық жобаны іске асырудың таңдалған нұсқасының негізгі кемшіліктері мен артықшылықтарын;
Тармақша 3
3) таңдалған нұсқа бойынша негізгі көрсеткіштерді: институционалдық жобаның іске асырылатын орнын; нәтиженің (тікелей, аралық және түпкілікті) көрсеткіштерін; институционалдық жобаның құрауыштарын; қаржыландырылуы жылдар және құрамдауыштар бойынша бөлінген институционалдық жобаның жалпы құнын қамтиды. ҚЭҚ-ға қосымшалар қосымша ақпаратты: диаграммаларды, суреттерді, жергілікті жердің карталарын және ҚЭҚ-да келтірілген ақпаратты растайтын және ашатын басқа да материалдар мен құжаттарды қамтуы мүмкін.
Тармақ 16
16. Егер институционалдық жобаның ҚЭҚ-ы бекітілгеннен кейін екі жыл ішінде институционалдық жоба іске асырылмаса,институционалдық жобаға ҚЭҚ ескірген болып есептеледі.
Тармақ 17
17. Институционалдық жобаны әзірлеу қажет болған жағдайда бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі осы Қағидалардың 6-параграфында көзделген рәсімдерді жүргізе отырып, институционалдық жобаның ҚЭҚ-ын өзектендіру бойынша рәсімдерді жүргізеді.
Тармақ 18
18. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері институционалдық жобаның ҚЭҚ-ның негізділігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 5. 5-параграф. Салалық қорытынды
5-параграф. Салалық қорытынды
Тармақ 19
19. Институционалдық жобаның ҚЭҚ-на бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің салалық қорытындысы мыналардың:
Тармақша 1
1) институционалдық жобаны іске асыру орындылығын;
Тармақша 2
2) саланың одан әрі дамуына ықпал ететін оның ағымдағы жай-күйінің проблемаларын;
Тармақша 3
3) институционалдық жобаны іске асыру болжанатын қолданыстағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да жағдайларды;
Тармақша 4
4) іс-шараларға бар және болжанатын сұраныстың және әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктің (институционалдық жобаның өмірлік циклының кезеңіне) көрсеткіштерін;
Тармақша 5
5) институционалдық жобаны іске асырудан болатын пайдалар мен шығындарды бөлуді;
Тармақша 6
6) институционалдық жобаны іске асыру кестесін;
Тармақша 7
7) баға шешімдерін, оның ішінде институционалдық жобаның ҚЭҚ-ында келтірілген институционалдық және пайдалану шығындарының барлық құрауыштары бойынша баға-сапа ара қатынасын, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жоспарланып отырған бағаларды тиісті нарықтық бағалармен салыстыруды;
Тармақша 8
8) институционалдық жобаны таңдаудың негіздемесімен қоса, проблеманы шешу нұсқасын таңдау кезінде оны шешудің оңтайлы жолы ретінде қаралған баламалы нұсқаларды;
Тармақша 9
9) институционалдық жобаны іске асырған және іске асырмаған жағдайдағы экономика саласындағы (аясындағы) ахуалдың ықтимал нұсқаларын;
Тармақша 10
10) институционалдық жобаны іске асырған жағдайда болжанатын тәуекелдерді және оларды азайту жөніндегі іс-шараларды бағалауды қамтиды.
Тармақ 20
20. Институционалдық жобаға салалық қорытындыны тиісті саладағы орталық уәкілетті орган ұсынады, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісін қандай да бір салаға жатқызу мүмкін болмаған жағдайда салалық қорытындыны бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өзі ұсынады. Егер институционалдық жобаны іске асыру бірнеше салалық орталық мемлекеттік органдардың қызмет аясын қозғайтын болса, көрсетілген салалық орталық мемлекеттік органдар институционалдық жобаға тиісті салалық қорытындыларын қосымша ұсынады. Бұл ретте, қосымша салалық қорытындыларды тиісті салалық орталық мемлекеттік органдар институционалдық жобаны іске асырудың жетекшілік ететін салаға ықпалын бағалау және саланың басымдықтарына сәйкестігі бөлігінде ғана ұсынады.
Тармақ 6. 6-параграф. Институционалдық жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасын қарау тәртібі
6-параграф. Институционалдық жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасын қарау тәртібі
Тармақ 21
21. Институционалдық жобаның ҚЭҚ-ын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекітеді.
Тармақ 22
22. Институционалдық жобаның ҚЭҚ-на салалық қорытынды және институционалдық жобаның ерекшелігіне байланысты қажетті басқа да қорытындылар талап етіледі.
Тармақ 23
23. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі салалық қорытындысы бар институционалдық жобаның ҚЭҚ-ын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізеді.
Тармақ 24
24. Институционалдық жобаның ҚЭҚ-ын қарау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) институционалдық жобаның құрылымы мен мақсаттары көрсетілген өтінім-хат;
Тармақша 2
2) институционалдық жобаны іске асырудың орындылығын растайтын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің салалық қорытындысы;
Тармақша 3
3) институционалдық жобаны іске асырудың орындылығын растайтын ресми хат нысанында ұсынылған жобаның ерекшелігіне байланысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қосымша салалық қорытындысы;
Тармақша 4
4) институционалдық жобаның ерекшелігіне байланысты қажетті басқа да қорытындылар және құжаттар.
Тармақ 25
25. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган институционалдық жобаның ҚЭҚ-ын институционалдық жобаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 26
26. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның институционалдық жобаның ҚЭҚ-ын оң қарау нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі институционалдық жобаның ҚЭҚ-ын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізеді.
Тармақ 27
27. Институционалдық жобаның ҚЭҚ-ын қарау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) институционалдық жобаның құрылымы мен мақсаттары көрсетілген өтінім-хат;
Тармақша 2
2) институционалдық жобаны іске асырудың орындылығын растайтын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің салалық қорытындысы;
Тармақша 3
3) институционалдық жобаны іске асырудың орындылығын растайтын ресми хат нысанында ұсынылған жобаның ерекшелігіне байланысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қосымша салалық қорытындысы;
Тармақша 4
4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның институционалдық жобаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан келісу-хаты;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да қорытындылар және институционалдық жобаның ерекшелігіне байланысты қажетті құжаттар.
Тармақ 28
28. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган институционалдық жобаның ҚЭҚ-ын 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қарайды және ол бойынша есептер мен қаржыландыру көлемінің негізділігі тұрғысынан келісу-хатты бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жібереді.
Тармақ 7. 7-параграф. Институционалдық жобаларды іріктеу тәртібі
7-параграф. Институционалдық жобаларды іріктеу тәртібі
Тармақ 29
29. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі институционалдық жобаның бекітілген ҚЭҚ-ын барлық қорытындылармен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізеді.
Тармақ 30
30. Институционалдық жобаларды іріктеуді және республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығаруды бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 66-бабында көрсетілген құжаттарды, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның есептер мен қаржыландыру көлемінің негізділігі тұрғысынан келісу-хатын және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның институционалдық жобаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан келісу-хатын ұсынған кезде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 31
31. Институционалдық жобаларды республикалық бюджет жобасына енгізу үшін негіздеме:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның институционалдық жобаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан келісу-хаты;
Тармақша 2
2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның есептер мен қаржыландыру көлемінің негізділігі тұрғысынан келісу-хаты;
Тармақша 3
3) республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болып табылады.
Тарау 3. 3-Тарау. Институционалдық жобаларды іске асыру
3-Тарау. Институционалдық жобаларды іске асыру
Тармақ 1. 1-параграф. Институционалдық жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасын түзету тәртібі
1-параграф. Институционалдық жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасын түзету тәртібі
Тармақ 32
32. Институционалдық жоба құрылымының және (немесе) мақсатының елеулі өзгеруіне және (немесе) қосымша шығындарға әкелетін институционалдық жобаның белгіленген қаржылық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда институционалдық жобаның ҚЭҚ-ын түзету жүргізіледі.
Тармақ 33
33. Институционалдық жобаның түзетілген ҚЭҚ-ын бюджеттік бағдарлама әкімшісі бекітеді.
Тармақ 34
34. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі институционалдық жобаның бекітілген түзетілген ҚЭҚ-ын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 35
35. Осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, институционалдық жобаның түзетілген ҚЭҚ-ын қарау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) тиісті салыстырма кестені қоса бере отырып, өзгеруі болжанатын институционалдық жобаның құрылымы мен (немесе) мақсаты және (немесе) қосымша шығыстар көрсетілген өтінім-хат;
Тармақша 2
2) институционалдық жобаның құрылымы мен (немесе) мақсатының өзгеруінің және (немесе) қосымша шығыстардың орындылығын растайтын, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің салалық қорытындысы;
Тармақша 3
3) жобаның ерекшелігіне байланысты ресми хат нысанында тиісті уәкілетті мемлекеттік органның институционалдық жобаның құрылымы мен (немесе) мақсатының өзгеруінің және (немесе) қосымша шығыстардың орындылығын растайтын қосымша салалық қорытынды;
Тармақша 4
4) институционалдық жобаның ерекшелігіне байланысты қажетті басқа да қорытындылар және құжаттар;
Тармақша 5
5) қорытындыларды және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісу-хаттарын қоса институционалдық жобаның бастапқы бекітілген ҚЭҚ;
Тармақша 6
6) қосымша шығыстарға әкеп соқтыратын институционалдық жобаның белгіленген қаржы-экономикалық өлшемдері өзгерген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ, құжаттар берілген күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей белгіленген, институционалдық жоба бойынша қаржыландыру басталған болса, бұзушылықтардың болмауы туралы актісін ұсыну қажет.
Тармақ 36
36. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган институционалдық жобаның түзетілген ҚЭҚ-ын 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 37
37. Институционалдық жобаның түзетілген ҚЭҚ-ын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісуі нәтижесі бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі институционалдық жобаның түзетілген ҚЭҚ-ын тиісті қорытындылармен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізеді.
Тармақ 38
38. Институционалдық жобаның түзетілген ҚЭҚ-ын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қарауы мынадай жағдайларда талап етілмейді:
Тармақша 1
1) институционалдық жобаның құрылымы мен (немесе) мақсатын өзгертпей, және қосымша шығындарға әкелмейтін іс-шараларды іске асыру реттілігінің өзгеруі;
Тармақша 2
2) өткізілген сатып алу және (немесе) валюта бағамының өзгеруі нәтижесінде институционалдық жоба құнының азаюы.
Тармақ 39
39. Осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, институционалдық жобаның түзетілген ҚЭҚ-ын қарау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) тиісті салыстырма кестені қоса бере отырып, өзгеруі болжанатын институционалдық жобаның құрылымы мен (немесе) мақсаты және (немесе) қосымша шығыстар көрсетілген өтінім-хат;
Тармақша 2
2) институционалдық жобаның құрылымы мен (немесе) мақсатының өзгеруінің және (немесе) қосымша шығыстардың орындылығын растайтын, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің салалық қорытындысы;
Тармақша 3
3) жобаның ерекшелігіне байланысты ресми хат нысанында тиісті уәкілетті мемлекеттік органның институционалдық жобаның құрылымы мен (немесе) мақсатының өзгеруінің және (немесе) қосымша шығыстардың орындылығын растайтын қосымша салалық қорытынды;
Тармақша 4
4) институционалдық жобаның ерекшелігіне байланысты қажетті басқа да қорытындылар және құжаттар;
Тармақша 5
5) қорытындыларды және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісу-хаттарын қоса институционалдық жобаның бастапқы бекітілген ҚЭҚ;
Тармақша 6
6) қосымша шығыстарға әкеп соқтыратын институционалдық жобаның белгіленген қаржы-экономикалық өлшемдері өзгерген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ, құжаттар берілген күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей белгіленген, институционалдық жоба бойынша қаржыландыру басталған болса, бұзушылықтардың болмауы туралы актісін ұсыну қажет.
Тармақ 40
40. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган институционалдық жобаның түзетілген ҚЭҚ-ын 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 41
41. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қарауының нәтижесінде институционалдық жобаның түзетілген ҚЭҚ-ын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекітеді.
Тармақ 42
42. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі институционалдық жобаның түзетілген бекітілген ҚЭҚ-ын тиісті қорытындылармен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізеді.
Тармақ 43
43. Қосымша шығыстарға әкеп соқтыратын институционалдық жобаның ҚЭҚ-ның белгіленген қаржы-экономикалық өлшемдері өзгерген жағдайда институционалдық жобаның түзетілген ҚЭҚ-ы республикалық бюджет комиссияның қарауына шығарылады, қалған жағдайларда республикалық бюджет комиссияның қарауына шығару талап етілмейді.
Тармақ 2. 2-параграф. Институционалдық жобаларды іске асыру
2-параграф. Институционалдық жобаларды іске асыру
Тармақ 44
44. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі:
Тармақша 1
1) белгiленген штат саны шегiнде институционалдық жобаны iске асыруға жауапты құрылымдық бөлiмшенi анықтайды;
Тармақша 2
2) кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет институционалдық жобасын қалыптастыру кезiнде институционалдық жобаны қаржыландыру көлемiн белгiленген тәртiппен жоспарлайды;
Тармақша 3
3) қарыз шартында көзделген рәсiмдерге сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу жолымен институционалдық жобаны iске асыруды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) қарыз берушiмен келiсiлген конкурстық комиссияның шешiмi негiзiнде тауарларды және көрсетілетін қызметтердi сатып алуға келiсiмшарттар жасасады;
Тармақша 5
5) жасасқан келiсiмшарттардың мониторингiн, сондай-ақ сыртқы қарыз қаражатының және республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру қаражатының нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 6
6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен негізделген себептері мен қажетті растайтын құжаттарды ұсына отырып, қарыз шартына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi, оның iшiнде қарыз санаттары бойынша қаражатты қайта бөлу, қарыз қаражатына қол жеткiзу және қарыз қаражатын жою мерзiмiн ұзартуды келiседi.
Тармақ 45
45. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурстар өткізу кезінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі:
Тармақша 1
1) қарыз берушімен сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшеліктерін, консультанттар үшін техникалық тапсырмаларды әзірлейді және келіседі;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын бағалау үшін конкурстық комиссия құрады. Төрағаны қоса алғанда, конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемі үш адам болуы тиіс;
Тармақша 3
3) егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады;
Тармақша 4
4) жоба шеңберінде жасалған келісімшарттардың орындалуын бақылайды.
Тармақ 46
46. Конкурсқа қатысушылардың біліктілігіне қойылатын талаптарды, тауарлардың техникалық ерекшеліктерін, сондай-ақ консультанттар үшін техникалық тапсырмаларды әзірлеу кезінде қарыз берушімен алдын-ала келісе отырып, консультанттардың жергілікті қамтуын жасалатын келісімшарттардың жалпы құнынан кемінде 65% шектеуді есепке алу.
Тармақ 47
47. Белгіленетін біліктілік талаптарының дәрежесі келісімшарттардың уақытылы және сапалы атқарылуы үшін талаптарға сәйкес келеді, сондай-ақ өз кезегінде отандық компаниялардың конкурсқа қатыспай қалуына себеп болуы мүмкін негізсіз жоғары талаптардың орын алуын болдырмайды.
Тармақ 48
48. Қарыз берушінің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі қағидаларында отандық тауарлар өндірушілерге (өнім берушілерге) және консультанттарға көзделген жеңілдіктер орын алған жағдайда бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі конкурстық құжаттарда көзделген жеңілдіктерді ескере отырып түскен конкурстық ұсыныстарды бағалау және салыстыру рәсімдері сипатталған тиісті баптарды көздейді.
Тармақ 49
49. Егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, үкіметтік сыртқы қарыз шеңберінде қаржыландырылатын жобаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының бірлесіп қаржыландыру қаражатынан тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 50
50. Мемлекеттік сыртқы қарыздар мен республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 206-бабы 2-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 51
51. Мемлекеттік қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылатын институционалдық жобаларды іске асыру нәтижелерін бағалау орталық мемлекеттік органдар қызметі нәтижелерін бағалау шегінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 113-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 52
52. Институционалдық жобаларды қаржыландыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаның тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштері, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органның мемлекеттік органның даму жоспарында көрсетілген мақсатты индикаторлары институционалдық жобаның ҚЭҚ-да көрсетілген нәтижелерге және жобаны дамытудың мақсаттарына қол жеткізу индикаторларына сәйкес болуы тиіс.
Тармақ 53
53. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы бюджеттік бағдарлама нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізбеуге әкеп соққан бюджет қаражатын игермегені үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 104-бабының 6-тармағына сәйкес белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 54
54. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 113-бабының 4-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламаларда айқындалған тікелей және түпкілікті нәтижелерге, оның ішінде бюджет қаражатын толық игеру кезінде қол жеткізбегені үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы және бюджеттік бағдарламаның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.