Балық кәсіпшілігі учаскелерін бекіту және Балкаш көлі мен Алакөл көлдері жүйесінен балық аулау лимитін бөлу туралы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балық кәсіпшілігі учаскелерін бекіту және Балкаш көлі мен Алакөл көлдері жүйесінен балық аулау лимитін бөлу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.01.2004 № 1 -14 шешімімен. Қазақстан Республикасының «Жануарлпр дүннесін қорғау, өсіріп- өндіру және пайдалану туралы» Заңынын 14, 15, 16 баптары негізін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 шаруашылығының су айдындарында балық және теңіз аңын (тюленьді) аулаудың 2002 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы» № 158, 2000 жылғы 3-акпандағы «Кәсіпшілік балық аулау кейбір мәселелер және Жайық-Каспий бассейнінде, Балқаш көлі мен Алакөл көлдері жүйесінде балық және басқа су жануарларын аулаудың лимиттерін бөлу туралы» № 158 Қаулыларына сәйкес және тендерлік комиссияның ұсыныс шешімі негізінде (2002 жылдың 22-ақпанындағы хаттама облысының Әкімі ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. 2002 жылға кәсіпшлілік балык аулау құқығы берілсіл және Балқаш көлі мен Алакөл көлдері жүйесінен шекаралары, балық аулау лимиті көрсетіле отырып, табиғат пайдаланушылар қосымшаларға сәйкес бекітіліп берілсін.
Тармақ 2
2. Балықтың іріктелген түрлерін аулау лимиті төмендегіше белгіленсін: - ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін - 40 тонна Балқаш көлінен - 25 тонна, Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінің әрқайсынан - 5 тоннадан; - балық өсіру мақсатында өсіп-өндірумен айналысатын мемлекеттік кәсіпорындарға - 40 тонна, оның ішінде Балқаш көлінен -25 тонна, Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінін әрқайсынан-50 тоннадан; - спорттық-әуесқой балык аулаушылардың балық аулауы үшін-100 тонна, оның ішінде Балқаш көлінен-50 тонна, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінің әрқайсынан-10 тоннадан, Алакөл көлінен-30 тонна.
Тармақ 3
3. Алматы облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы (Ж. Дүйсенбеков). -Балқаш көлі мен Алакөл көлдері жүйесінен 2002 жылға балық аулаудың белгіленген көлемін табиғат пайдаланушыларға жеткізсін; -балық аулау учаскелерінің шекараларын және балық ресурстарын пайдалану тәртібін көрсете отырып, табиғат пайдаланушылармен шарт жасасын; -төлемдердің түсуіне, табиғатпайдаланушыларға бөлінген лимиттің игерілуіне, белгіленген суаттарда (учаскелерде) санитарлық тазалықтың сақталуына және балықшылар бригадасы (звеносы) журналының жүргізілуіне бақылауды қамтамасыз етсін; - балық аулаушы ұйымдар шарттың міндеттемелерін орындамаған, табиғатпайдаланушы балық аулауға белгіленғен лимиттен асып кеткен,жануралар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемдер төленген мерзімге сәйкес ауламаған және Казақстан Республикасының т.б. заңдарын бұрмалаған жағдайларда балық аулауды тоқтата тұрсын немесе тоқтатсын, шартты бұзып, рұқсат беру құжатын алып алсын; -«табиғатпайдаланушы» өзіне балық аулауға белгіленген лимитті игермеген, жарты жылдың қорытындысы бойынша жылдық лимиттің жартысын да игере алмаған жағдайда оны белгіленген тәртіппен қайта бөлсін; -«табиғатпайдаланушы» балық-су- мелиоративтік шараларға өз қаржысын құйып, өз күші мен жүзеге асырған, балық ресурстарын өндіру және пайдалану жөніндегі биологиялық негіздемені дайындаған жағдайда балық аулаудың қосымша лимитін бөлу және бекітілген учаскені кеңейту жөніндегі мәселе қарасын. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы Әкімінің орынбасары Ә.Ә. Тойбаевқа жүктелсін. Енгізуші: Алматы облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасының бастығы Ж. Дүйсенбеков Келісілді: Облыс Әкімінің орынбасары Ә. Тойбаев Облыс Әкімінің аппарат басшысы Н. Сүлейменов Заң бөлімі Н. Жұмабеков Жіберілсін: облыстық орман және биоресурстар басқармасына, заң бөліміне-3 дана Жалпы бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы М. Сыдықов Жіберілді: 2002ж наурыз «14»