Об упорядочении штатной численности учреждений и предприятий здравохранения Күшін жойған
Басқа 0
Денсаулық сақтау мекемелері мен кәсіпорындарынын штатты санын ретке келтіру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.12.2004 № 12-122 шешімімен.
Облыстык денсаулық сақтау басқармасының ұсынысын қарай келіп, халыққа медициналық көмек көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыру және Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 30 желтоқсандағы «2002 жылды - Денсаулық жылы деп жариялау туралы» № 571 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Денсаулық сақтау мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының медициналық және қызмет көрсететін персоналдарының штаттық саны денсаулық сақтауға арналған бюджетте қарастырылған қаржы шегінде № 1,2, 3, 4, 5, 6 қосымшаларға сәйкес жалпы облыс бойынша 936 ставкаға өсірілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Дүйсекеев А.) мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларын:
- бір апта мерзімде осы шешімге сәйкес штаттық кестені қайта бекітуді қамтамасыз етуді;
- қайта ашылған палаталардын, фельдшерлік пункттердің, қосымша төсек корының кеңейтілу жұмыстарын ұйымдастыруға бақылау жасауды;
- жедел жәрдем постыларын қолда бар арнаулы машиналар есебінен арнайы автокөлікпен қамтамасыз етуді міндеттесін.
Тармақ 3
3. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау мемлекеттік мекемелерінде бухгалтерлік есеп пен есеп беру ісін жүргізу жауапкершілігі селолық дәрігерлік амбулаториялар мен селолық ауруханалардың басшыларына жүктелсін.
Тармақ 4
4. № 6 қосымшаға сәйкес есеп жүргізетін қызметкерлер енгізілетін мекемелер тізбесін аудандық қаржы бөлімдері бастықтарының келісімі бойынша бағдарлама әкімгерлері анықгасын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнін орындалуын бакылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.