Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Байганинском районе Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Байғанин ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Байғанин ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Байғанин аудандық әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Байғанин аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімінің орынбасары Ж. Жаңабайға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Байғанин аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 37 қаулысымен бекітілген Байғанин ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері
Бөлім 1. 1. Көтермелеудің түрлері
1. Көтермелеудің түрлері
Тармақ 1
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) грамотамен марапаттау;
Тармақша 3
3) ақшалай сыйақы беру болып табылады.
Бөлім 2. 2. Көтермелеудің тәртібі
2. Көтермелеудің тәртібі
Тармақ 2
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Байғанин аудандық әкімдігімен құрылған қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және ашуға ықпал еткен азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.
Тармақ 3
3. Қоғамдық тәртіпті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына Байғанин ауданының полиция бөлімінің бастығы енгізеді.
Тармақ 4
4. Комиссия қабылдаған шешім – көтермелеу үшін, ал комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаменті бастығының бұйрығы – көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 5
5. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.
Бөлім 3. 3. Ақшалай сыйақының мөлшері
3. Ақшалай сыйақының мөлшері
Тармақ 6
6. Ақшалай сыйақының мөлшерi комиссиямен белгiленеді және он еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.
Тармақ 7
7. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебiнен Байғанин ауданының полиция бөлімімен жүргiзіледі.
Тармақ 8
8. Көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаменті шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделедi.