Об утверждение Правил о порядке исчисления совокупного дохода семьи (лица) при назначении жилищного пособия Күшін жойған
Басқа 0
Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау
кезінде отбасының (адамның) жиынтық табысын
есептеу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының ХXII сессиясының 2006.07.05 N 332 шешімімен.
“Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы” 1999 жылғы 16 қарашадағы заңымен өзгерістер енгізілген Қазақстан Республикасының “Тұрғын үй қатынастары туралы” 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы 97 бабы 2 тармағының екінші бөліміне сәйкес тұрғын үй көмек көрсету мөлшері мен тәртібін жергілікті өкілетті органдар анықтайды.
Бекітуге ұсынылған тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезінде отбасының (адамның) жинақталған кірісін есептеу тәртібі туралы Ережені қарастыра отырып, облыстық мәслихат
ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезінде отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу тәртібі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (Ә.Е.Әбілаев), қалалық және аудандық мәслихаттар мен әкімияттар осы ережені бекітілген бюджеттер шегінде тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға қолдансын.
Тармақ 3
3. Облыс тұрғындарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2002 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау әлеуметтік-мәдени дамыту және халықты әлеуметтік қорғау (С.М.Әдекенов), өнеркәсіп, құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық (С.Н.Кривов) жөніндегі тұрақты комиссияларға жүктелсін.
Басқа 6. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезінде
Отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
Қарағанды облыстық Мәслихатының
XVII сиссиясының 2002 жылғы
4 сәуірдегі № 12 шешімімен
бекітілген
Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезінде
Отбасының (адамның) жиынтық табысын есептеу тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже “Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы” 1999 жылғы 16 қарашадағы заңымен өзгерістер енгізілген Қазақстан Республикасының “Тұрғын үй қатынастары туралы” 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы 97 бабы 2 тармағының екінші бөліміне, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің “Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын белгілеудің ережесін бекіту туралы” 13.02.002 ж. №31-п бұйрығының 2 тармағына сәйкес әзірленген.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:
Отбасы - бір мекен-жай бойынша бірге тұратын және тіркелген, отбасы құрамында тұратын зейнеткерлерді (балалар, немерелер) есепке алмағанда некеден, туыстық, асырып алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың басқа да үлгілерінен шығатын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысатын және пәтер иесі болып табылатын (зейнеткерлерге жәрдемақы тағайындау кезінде балаларды мен немерелері есепке алынбайды) тұлғар саны.
Өтініш беруші (жеке тұлға) – жеке өз басы немесе отбысы атынан тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш беруші тұлға (әрі қарай – өтініш беруші).
Жиынтық кіріс – тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау құқығын анықтау кезінде есепке алынатын табыстар түрінің сомасы;
Тармақ 2
2. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй көмекке өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан ішінде ақшалай немесе заттай алынған атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй жәрдемақысынан басқа, отбасының жиынтық табысының барлық түрлері есептеледі.
Тармақ 2.1
2.1. жалақы түріндегі табыстар;
Тармақ 2.2
2.2. зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан, кәсіпорындар қорларынан төленетін зейнетақылар; стипендиялар; мүгедектігі, асыраушысынан айырылуы және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; бұрын белгіленген жеңілдіктер орнына арнайы мемлекеттік жәрдемақылар; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар көзіне байланыссыз жәрдемақылардың басқа түрлері;өтемақылар және әлеуметтік қолдаудың басқа да түрлері (атаулы әлеуметтік көмектен басқа).
Тармақ 2.3
2.3. Балаларға және басқа асырауындағыларға алимент;
Тармақ 2.4
2.4. Денсаулығына келтірілген зардаптармен және басқа да зақымдар шығындарын өтеу ретінде алынған бір жолғы сомалар;
Тармақ 2.5
2.5. жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстар;
Тармақ 2.6
2.6. кәсіпкерліктен және кызметтің басқа түрлерінен алынған табыстар;
Тармақ 2.7
2.7. азаматтардың өз еркімен көрсеткен басқа да табыстары
Тарау ii. II. Жалақы түріндегі кірістер
II. Жалақы түріндегі кірістер
Жалақы түріндегі кірістерге:
Тармақ 3
3. Жұмыс істемеген уақытында заңға сәйкес қызметкерлерге төленген ақшалай сомаларды қоса алғандағы жалақының барлық түрлері, сонымен қатар ақшалай және заттай үлгідегі сыйақы, қосымша ақылар, үстемақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер (қаржыландыру көзіне байланыссыз);
Тармақ 4
4. жалақы есептеу кезінде есепке алынбайтын және кәсіпорын (ұйым) есебінен төленетін басқа да төлемдер түрлері (жеке еңбек келісім шартын бұзу кезіндегі, жеке еңбек келісім шартын бұзу кезінде пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы, қызметкердін ұйыммен бірге басқа жерге ауысу кезінде, оқу демалыстарының төлемі, уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөніндегі жәрдемақы, авторлық қаламақы, ссудалар, ашулар, ойлап табу және рационализаторлық ұсыныстары үшін өтемақылық төлемдер және басқа да төлемдер).
Тармақ 5
5. қоғамдық жұмыстар ақысы;
Тармақ 6
6. келісім бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілердің және ішкі істер органдарының қатардағы және басшылық құрамындағы, сондай-ақ оларға теңестірілген азаматтар санаттарының ақшалай табыстары.
Тарау iii. III. Зейнетақылар, стипендилар, жәрдемақылар және
басқа да әлеуметтік төлемдер
III. Зейнетақылар, стипендилар, жәрдемақылар және
басқа да әлеуметтік төлемдер
Тармақ 7
7. заңмен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген тәртіп бойынша тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлері:
Тармақ 8
8. мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
Тармақ 9
9. арнайы мемлекеттік жәрдемақы;
Тармақ 10
10. Төлеу көздеріне байланыссыз оқу орындарының студент, оқушы, аспирант, доктаранттарына төленетін стипендиялар;
Тармақ 11
11. уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөніндегі жәрдемақылар (соның ішінде бала бағу кезеңі үшін);
Тармақ 12
12. жүктілік және босану жөніндегі жәрдемақылар;
Тармақ 13
13. үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға арналған жәрдемақылар;
Тармақ 14
14. Өзге адамдардың көмегін қажет ететін жалғыз басты 1,2 топ мүгедектерінің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын күтуге арналған қосымша үстемақылар және жергілікті және атқару органдарының шешімі бойынша бюджеттен жүйелі төленетін басқа төлемдер;
Тармақ 15
15. мемлекеттің өз ынтасымен көрсеткен көмегінен басқа (мысалы, мерекелік және мерейтойлық күндерге байланысты және т.б.) алушының жазбаша өтініші бойынша жергілікті бюджет қаржылары есебінен көрсетілетін бір жолғы және материалдық көмектер;
Тармақ 16
16. әлеуметтік жүріп-тұру билеті түріндегі қала ішіндегі қоғамдық көлікте жүріп-тұруға арналған атаулы әлеуметтік көмек.
Тарау iv. IV. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент
IV. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент
Тармақ 17
17. Жиынтық табыс құрамына балаларға және басқа да асырауындағыларға алған алименттер енгізіледі.
Тарау v. V. Денсаулығына келтіріген зардап және басқа да зақымдар
шығындарын өтеу ретінде алынған бір жолғы сомалар
V. Денсаулығына келтіріген зардап және басқа да зақымдар
шығындарын өтеу ретінде алынған бір жолғы сомалар
Тармақ 18
18. Жиынтық табысқа өндірістік жарақаттан жұмысқа жарамдылығын жоғалтуына, олардың еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкерлер денсаулығына келтірілген зақымдарды үшін зардаптарды өтеуге байланысты заңмен белгіленген мөлшерде жұмыс беруші іске асыратын бір жолғы және басқа да шығыстар енгізіледі.
Тарау vi. VI. Жеке қосалқы шаруашылығынан табыстар
VI. Жеке қосалқы шаруашылығынан табыстар
Тармақ 19
19. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруден (саяжай төлімдерінен түсетін табысты қоспағанда), мал мен құс асырап өсіруден түсетін, отбасының жиынтық табысына есептелетін жеке меншік қосалқы шаруашылықтан алынатын табыстар әрбір отбасы бойынша жеке меншік қосалқы шаруашылығының бар екені және оның мөлшері туралы өтініш иесінің мәліметтері негізінде есептеледі.
Тармақ 20
20. Жеке меншік қосалқы шаруашылықтан бір жыл ішінде алынатын табысты уәкілетті орган шаруашылықта өндірілген өнімнің құнына, табиғи-шаруашылық аймақтар бойынша аудандардың әкімшілік-аумақтық бөлінісіне және өтініш иесі көрсеткен қосалқы шаруашылықтың мөлшеріне қарай тікелей өндірістік шығындарға сәйкес уәкілетті орган есептейді («Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезінде адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу тәртібі туралы ережесінің» №1 типтік қосымшасы, әрі қарай - Ереже).
Тармақ 21
21. Бір сотық жерден (бір бастан) өндірілген өнімнің құны өсірілетін дақылдардың орташа өнімділігін (қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнімділігін) өнімнің 1 килограмынның орташа бағасына көбейту жолымен анықталады (Ережеге 2-3 типтік қосымшалар).
Тармақ 22
22. Отбасының жиынтық табысына жеке меншік қосалқы шаруашықтан тоқсан ішінде алынған табысы есептеледі. Отбасының жеке меншік қосалқы шаруашылықтан бір тоқсан ішінде алған табысы жеке меншік қосалқы шаруашылықтың жылдық табысын төрт тоқсанға бөлу жолымен анықталады.
Тармақ 23
23. Статистика жөніндегі облыстық органдар облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына ұсынатын 2-3 типтік қосымша көрсетілген өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерінің облыстарда қалыптасқан өткен жылғы орташа жылдық бағалары табысты есептеу үшін қолданылады.
Ұсынылған бағалар аймақтар ерекшеліктері ескеріле отырып түзетіледі және тұрғын үй жәрдемақылар тағайындауды іске асыратын аудандық (қалалық) уәкілетті органдарға жіберіледі.
Тармақ 24
24. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің жеке нормативтік карточкасы («Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың ережесінің» 8 қосымшасын қараңыз) оларды отбасының жиынтық табысына есептеу үшін жүргізген адам өтініш беруші деректерінің негізінде толдырады.
Тармақ 25
25. Тұрғын үй жәрдемақысын іске асыратын уәкілетті органдар өтініш берушінің отбасының (адамның) материалдық жағдайының төмендеуі туралы мәліметтерді қасақана беру фактін анықтаған жағдайда отбасының жиынтық кірісінің мөлшерін және тиісінше тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін қайта қарауға құқылы.
Тарау vii. VII. Кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстар
VII. Кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстар
Тармақ 26
26. Жиынтық табыс құрамына шаруашылық қожалықтар (фермерлік), соның ішінде заңды құрмайтын қызметтері және шартты жер үлесі нәтижесінде алынған кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстар жатады.
Шартты жер үлесін жеке немесе заңды тұлғаға жалға берген жағдайда жалға берушіге тиісті табыс мөлшері жалға беру шарттары көрсетіле отырып, жақтардың тиісті келісім-шартымен расталады. Келісім-шарт болмаған жағдайда осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес есептеледі.
Тарау viii. VIII. Жиынтық табысты есептеу
VIII. Жиынтық табысты есептеу
Тармақ 27
27. Отбасының жиынтық табысына отбасы құрамында ескерілген барлық адамдардың тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш берген тоқсан алдындағы тоқсан ішіндегі табысы жатады.
Тармақ 28
28. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептеледі.
Тармақ 29
29. Есептік кезеңде отбасының құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасының келген (шығып кеткен) мүшесінің табысы келесі тоқсанның бірінші айынан бастап есептеледі (есептелмейді).
Тармақ 30
30. Бір тоқсаннан астам уақытқа төленуге тиіс табыс (жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақы және т.б.) бір мезгілде алынған, табыстың барлық сомасын олар алынған айлардың санына бөлінген, үш айға көбейтілген мөлшердегі табыс жиынтық табысқа есептеледі.
Тармақ 31
31. Отбасының бір айдағы орташа жан басына шаққандағы табысы отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен белгіленеді.
Тарау ix. IX. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезіндегі ескерілетін
ерекшеліктер
IX. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезіндегі ескерілетін
ерекшеліктер
32. Шетелде жұмыс істейтін және отбасының құрамында ескерілген тұлғалардың жиынтық табысында ұлттық және шетел валютадағы жалақысы ескеріледі. Сонымен қатар. Шетелдік валютамен алынған табыстар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі отбасының жиынтық табысын белгілеу сәтінде белгілеген бағам бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.
Тармақ 33
33. Егер Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасына жұмыс істеуге немесе оқұға келген және отбасы құрамында ескерілген шетел азаматымен тіркелген некеде тұратын болса, отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы азаматының және шетел азаматының Қазақстан Республикасында ұлттық және шетел валютасында алынған табыстары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі отбасынаң жиынтық табысын белгілеу сәтінде белгілеген бағам бойынша ұлттық валютаға қайта есептелген табысынан анықталады
Тармақ 34
34. Авторлық қаламақылар (келісім – шарт болмаған жағдайда), сондай-ақ жаңалықтар ашу, өнертабу және ойлап табу ұсыныстары үшін алынған сыйақылар қаламақы сомасын 12 айға бөлуден алынған үлес мөлшерінде отбысының жиынтық табысына ай сайын енгізіледі.
Тармақ 35
35. Жұмыс беруші өтеген ссуда, несие өтеу сомалары жиынтық табысқа есептеледі және олардың өтелу сәтінен ссуданың берілу, несиені беру мерзіміне таралады (бөлшектеп өтеу кезінде төленген сомаға және ссуда, несиенің берілу мерзіміне пропорционалды).
Тармақ 36
36. Жеке азаматтарда жұмыс істейтін тұлғалардың жиынтық табысында олардың нақты табысы есептеледі. Осылайша жалақысының заттай бөлігі жиынтық табысқа нарықтық бағалар бойынша ақшалай теңгеріліп есептеледі. Жалақысын өтініш иесі ерікті түрде көрсетеді.
Тармақ 37
37. Әскери қызметшілердің табысы мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің, соның ішінде олардың отбасы құрамында есепте болмауына байланысты әскери-құрылыс отрядтарында қызмет атқарушы тұлғалардың ақшалай табысын қоспағандағы, үстем ақылары мен қосымша ақыларын ескере отырып отбасының жиынтық табысына есептеледі.
Тармақ 38
38. Ата-аналар арасындағы неке бұзу кезінде тұрғын ұй көмегі зайыбының (жұбайының) балаларға алимент төлеген жағдайда тағайындалады. Алимент өндіріп алудан бас тарту кезінде, сондай-ақ себепсіз алимент төлемеу жағдайларында отбасы жәрдемақы алу құқығынан айырылады.
Егер анасында (әкесінде) әкесінде (анасынан) алимент өндіріп алу туралы сот шешімі болса, бірақта ол төлеушінің жұмыс істемеуіне, ресми түрде жұмыссыз деп табылуына (жұмысқа орналастыру қызметінің анықтамасы тапсырылуы қажет), бас бостандығынан айыру орнында не уақытша ұстау орнында (түщету мекемесінің балаларға алимент аударылмағаны туралы анықтамасы тапсырғанда) болуына, туберкулез, психоневрологиялық диспансерде, емдеу-еңбек профилакториінде емделуіне (стационар), іздеуде болуына (тиісті органдар берген құжаттармен расталуы тиіс), Қазақстан Республикасының құқықтық көмек беруге келісім-шартты жоқ мемлекетке тұрақты мекен-жайға көшуіне байланысты алимент алмаса, онда тұрғын үй жәрдемақысы алиментті есепке алмай тағайындалады.
Егер баланың анасы баланың әкесімен тіркелген некеде тұрмаса, онымен бірге тұрмаса және алимент өндіріп алу туралы сот шешімі болмаса, отбасының жиынтық табысы жазбаша өтініші және сот орындаушының балаға алимент алмайтыны туралы анықтамасы болған жағдайда алимент есепке алынбай тагайындалады.
Тармақ 39
39. Маусымда жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы отбасының жиынтық табысында оны алған сәтіне есептеледі. Жалақысы болмаған кезенде жийынтық табыс оны есепке алмай есептеледі.
Тармақ 40
40. Екі немесе одан да көп отбасы жүргізетін жеке қосалқы шаруашылық, сондай-ақ шаруашылық (фермерлік) қожалықтан алынатын табыс осы шаруашылықта жұсым істейтін отбасы мүшелерінің санына пропорционалды әрбір отбасы бойынша бөлек есептеледі.
Басқа 62. Қарағанды облысының табиғи-шаруашылық аймақтар бойынша
әкімшілік-аумақтық органдарының 2001 жылғы 1 қантардағы
Тізбесі
Ережеге
№ 1 типтік қосымша
Қарағанды облысының табиғи-шаруашылық аймақтар бойынша
әкімшілік-аумақтық органдарының 2001 жылғы 1 қантардағы
Тізбесі
Облысы
Ауданы
1. Қуаң дала
Қарағанды облысы
1.Нұра
2.Қарқаралы
3.Осакаров
4.Абай
5.Бұқар Жырау
Қарағанды қаласы
Саран қаласы
Шахтинск қаласы
Теміртау қаласы
2. Шөлейт аймақ
Қарағанды облысы
1.Жаңаарқа
2.Шет
3.Ақтоғай
4.Ұлытау
Жезқазған қаласы
Басқа 63. Шөлейт далалы аймақтағы жеке меншік шаруашылықтың тікелей өндіріс шығыстары, жалпы және таза табысының
нормативтік кәртішкесі
Ережеге
№ 2 типтік қосымша
Шөлейт далалы аймақтағы жеке меншік шаруашылықтың тікелей өндіріс шығыстары, жалпы және таза табысының
нормативтік кәртішкесі
Өсімдік шаруашылығының өнімі
Өнім
жердің 1
сотқасының
орташа
өнімділігі
кг-мен
жердің 1
соткасына
жұмсалған
шығыстың
орташа деңгейі
теңгемен
1 кг.
өнімнің
орташа
бағасы
1
соткадан
өндірілген
өнімнің
орташа
бағасы
теңгемен
(2гр.х4гр.)
1 сотка
жерден
түскен
табыс (+)
шығыс (-)
теңгемен
(5гр.-3гр.)
1
2
3
4
5
6
Бидай
10
226
Арпа
15
174
Қарақұмық
8
153
Жүгері (жасыл салмағы)
100
128
Көп жылдық шөптер
10
91
Бір жылдық шөптер
10
84
Картоп
70
1102
Көкөніс
90
1249
Бақшалар
85
458
Шекілдеуіктер бақтары (алма, алмұрт және т.б.)
22
525
Сүйекті бақтары (өрік,қара өрік және т.б.)
20
498
Жидек дақылдары
10
589
Жүзім
20
564
Мал шаруашылығының өнімі
Өнім
1 бастап алынатын орташа
өнімділік
кг-мен (л)
1 басқа жұмсалған
шығыстың
орташа деңгейі
теңгемен
1 кг.
өнімнің,
(1 л., 10 дана жұмырт қаның)
орташа
бағасы,
теңге
1
бастан
өндірілген
өнімнің
орташа
бағасы
теңгемен
(2гр.х4гр.)
1 бастап
түскен
табыс (+)
шығыс (-)
теңгемен
(5гр.-3гр.)
1
2
3
4
5
6
Сүтті ірі қара мал (сүт)
1100
19944
Етті ірі қара мал (сиыр еті)
165
16016
Шошқалар (шошқа еті)
110
8462
Қойлар, ешкілер ет/жүн
22/2,5
1200/105
Жылқы (жылқы еті)
138
6044
Түйе (түйе еті)
140
2925
Жұмыртқалайтын қүс (жүмыртқа)
200
жүмыртқа
728
Етті күс (күс еті)
2,5
489
Басқа 64. Қуан далалы аймақтағы жеке меншік шаруашылықтың тікелей өндіріс шығыстары, жалпы және таза табысының
нормативтік кәртішкесі
Ережеге
№ 3 типтік қосымша
Қуан далалы аймақтағы жеке меншік шаруашылықтың тікелей өндіріс шығыстары, жалпы және таза табысының
нормативтік кәртішкесі
Өсімдік шаруашылығының өнімі
Өнім
жердің 1
сотқасының
орташа
өнімділігі
кг-мен
жердің 1
соткасына
жұмсалған
шығыстың
орташа деңгейі
теңгемен
1 кг.
өнімнің
орташа
бағасы
1
соткадан
өндірілген
өнімнің
орташа
бағасы
теңгемен
(2гр.х4гр.)
1 сотка
жерден
түскен
табыс (+)
шығыс (-)
теңгемен
(5гр.-3гр.)
1
2
3
4
5
6
Бидай
20
268
Арпа
25
188
Қарақұмық
5
150
Жүгері (жасыл салмағы)
100
128
Көп жылдық шөптер
15
91
Бір жылдық шөптер
10
83
Картоп
70
1164
Көкөніс
80
1245
Бақшалар
115
518
Шекілдеуіктер бақтары (алма, алмұрт және т.б.)
30
583
Сүйекті бақтары (өрік,қара өрік және т.б.)
22
514
Жидек дақылдары
23
819
Жүзім
22
595
Мал шаруашылығының өнімі
Өнім
1 бастап алынатын орташа
өнімділік
кг-мен (л)
1 басқа жұмсалған
шығыстың
орташа деңгейі
теңгемен
1 кг.
өнімнің,
(1 л., 10 дана жұмырт қаның)
орташа
бағасы,
теңге
1
бастан
өндірілген
өнімнің
орташа
бағасы
теңгемен
(2гр.х4гр.)
1 бастап
түскен
табыс (+)
шығыс (-)
теңгемен
(5гр.-3гр.)
1
2
3
4
5
6
Сүтті ірі қара мал (сүт)
1900
21034
Етті ірі қара мал (сиыр еті)
179
16435
Шошқалар (шошқа еті)
110
9107
Қойлар, ешкілер ет/жүн
22/2,5
3042
Жылқы (жылқы еті)
124
7446
Түйе (түйе еті)
126
2979
Жұмыртқалайтын қүс (жүмыртқа)
200 жүмыртқа
728
Етті күс (күс еті)
2,5
489
Басқа 65. Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табыс есебінің
ЖЕКЕ НОРМАТИВТІК КАРТОЧКАСЫ
Ережеге
№ 4 типтік қосымша
Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табыс есебінің
ЖЕКЕ НОРМАТИВТІК КАРТОЧКАСЫ
Өтініш берушінің Т.А.Ә_______________
Облысы, ауданы_____________________
Мекен-жайы________________________
Ауыл шаруашылық дақылдарының, малдың,қүстардың түрі
Жер сотқасының,мал басының және құстың саны
Жылына бір сотка жерден, бір мал басынан алынған табыс, теңге
Жеке қосалқы шаруашылығынан жылына түсетін табыстың жиынтығы, теңге
Жеке қосалқы шаруашылығынан бір тоқсанда түсетін табыстың жиынтығы, теңге
Бидай
Арпа
Дәні алынатын жүгері
Күріш
Қарамық
Картоп
Көкөністер
Бақша
Күнбағыс
Қант қызылшасы
Темекі
Шекілдеуіктер бағы
Сүйектілер бағы
Жемістер
Жүзім
Көп жылдық шөп
Бір жылдық шөп
Жасыл жемге жіберілетін жүгері
Сүтті ірі қара мал
Етті ірі қара мал
Шошқалар
Қойй мен ешкілер
Жылқылар
Түйелер
Жұмыртқалайтын құстар
Етті құс
Бір жылғы табыстың жиынтығы
Х
Х
Х
Бір тоқсандағы табыстың жиынтығы
Х
Х
Х
200____ж. “____”_______ __________________________________________
(өтініш иесінің 2 бағандағы деректер үшін қойған қолы)
___________________________________
(Есепті жүргізген адамның ТАӘ және қолы)