О ходе подготовки к весенне-полевым работам Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты Қарағанды облысы әкімшілігінің аппарат Басшысының 2005.01.21 N 05-11/89 хатымен. Әкимият көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы ақпаратты тыңдай және талқылай отырып, облыста егіс науқанын ұйымдасқан түрде өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар жұмыстардың жүргізіліп отырғынын атап көрсетеді. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2002 жылға арналған бағдарламасына сәйкес дәнді дақылдар себу аумағын 750 мың гектарға, соның ішінде жеміс және картоп – 2,6 мың ға, май шығаратын дақылдар – 510 га дейін жеткізу жоспарланған. Жалпы облыс астық, картоп, жеміс тұқымдарымен қамтамасыз етілген; қазіргі кезде астық тұқымдарын тазарту және олардың шығымдылығын тексеру аяқталуда. Техникаларды даярлау және ауыл шаруашылығы құрылымдарын жанар-жағар материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар жекелеген ауыл шаруашылығы құрылымдарында техника, дәнді дақылдар тұқымдарын дайындау артта қалушылықпен атқарылуда. Көктемгі дала жұмыстарын уақытында жүргізу мақсатында облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалар және аудандар әкімдері:
Тармақша 1.1
1.1. агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2002 жылға арналған бағдарламасының іс-шараларының және көктемгі дала жұмыстарын ұйымдасқан түрде өткізу жөніндегі жоспардың орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 1.2
1.2. көктемгі дала жұмыстарына дайындалудың келесі мерзімдерін белгілесін: 2002 жылғы 10 сәуірге дейін астықтын тұқымдық материалдарын әзірлеуді аяқтау; 2002 жылғы 10 сәуірге дейін барлық қажетті ауыл шаруашылығы техникасының жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету; 2002 жылғы 20 сәуірге дейін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жанар-жағар материалдарымен толық қамтамасыз ету мәселесін шешу.
Тармақ 2
2. Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті (Т.А.Алтынбеков):
Тармақша 2.1
2.1. ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қысқа мерзімде көктемгі дала жұмыстарын жүргізуде іс жүзінде көмек көрсетсін;
Тармақша 2.2
2.2. облыстық қаржы басқармасымен бірлесе отырып, республиклық және жергілікті бюджеттен көктемгі дала және жинау жұмыстарын өткізуге бөлінген несиелік қаржыларды пайдаланудың тетіктерін әзірлесін және олардың уақытында қайтарылуын қамтамасыз етсін.
Тармақша 2.3
2.3. коммерциялық фирмалармен және зауыттар басшыларымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өзара тиімді жағдайда жанар-жағар материалдары мен қосалқы бөлшектер жеткізу жөнінде жұмыс істесін.
Тармақ 3
3. Облыстық мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім департаменті (Р.К.Омарбекова) концерттік бригадалар мен театрлардың алыстағы шаруашылық қожалықтарын қамти отырып, аудандарға шығуын ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Қарағанды телерадио хабарларын таратушы компания (Ә.Ә. Әбдәкімов), «Индустриальная Караганда», «Орталық Қазақстан» газеттерінің редакторлары (С.М.Кемелбаев, М.С.Сембаев) бұқаралық ақпарат құралдарында көктемгі дала жұмыстарының өткізілу барысын жарияласын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Т.Тұңғышбековке жүктелсін.