О повышении базовых ставок земельного налога на земли сельскохозяйственного назначения в десять раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін он есеге арттыру туралы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексі 509-бабының 5-тармағына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін он есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Меңдіқара аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 16 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесін он есеге жоғарылату туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6369 тіркелген, 2016 жылғы 26 мамырда «Меңдіқара үні» аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Меңдіқара ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы ___________________ Ә. Қошанов 2018 жылғы «15» ақпан «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Меңдіқара ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы ________________________ А. Амантаев 2018 жылғы «15» ақпан