О проведении мероприятий по благоустройству, озеленению и санитарной очистке территорий Южно-Казахстанской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстiк Қазақстан облысы аумағын көрiктендiру, көгалдандыру, санитарлық тазалау жөнiнде iс-шаралар өткiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 06.03.2003 № 98 қаулысымен. Облыс қалалары мен елдi мекендерiн тиiстi санитарлық-экологиялық жағдайда ұстауды қамтамасыз ету жөнiндегi жыл сайынғы iс-шараларды жүзеге асыру үшiн:
Тармақ 1
1. 2002 жылы 1 сәуiрден 1 желтоқсанға дейiн облыс қалалары мен елдi мекендерiн көрiктендiру, көгалдандыру және аумақтарды санитарлық тазалау жөнiнде конкурс-байқау жариялансын.
Тармақ 2
2. Конкурс-байқау өткізуді ұйымдастыру және бақылау жөніндегі облыстық комиссия құрамы бекітілсін (N 1 қосымша).
Тармақ 3
3. Бекiтiлген iс-шаралар жоспарына сәйкес:
Тармақша 1
1) көшелердi, алаңдарды, саяжолдарды, ирригациялық науаларды, көпiрлердi, өзен, каналдар мен бұлақтардың арналарын, үй маңындағы аумақтарды, көп қабатты және жеке тұрғын үй аулаларын, көгал алаңдарын кәсiпорындарға, ұғымдарға және оқу орындарына бекiтiлген аумақтарды уақтылы және дер кезiнде тазалау;
Тармақша 2
2) әкiмшiлiк ғимараттардың қас беттерiн, тұрғын үйлердi, әлеуметтiк-мәдени объектiлердi әктеп жөндеу, ағаштар мен шарбақтарды әктеу;
Тармақша 3
3) ағаштар мен тал-шыбықтарды көктемгi және күз мезгiлiнде отырғызу, бұрын егiлген және жаңадан отырғызылған ағаштарды күтiмге алу, қураған бұтақтарды кесу және ағаштарды суаруды ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) қолдағы бар жол белгiлерiн және бағдаршамдарды тәртiпке келтiру, елдi мекендердегi, аудан орталықтары мен қалалардағы көшелердi, жолдар мен саяжолдарды жөндеу және күтiп ұстау;
Тармақша 5
5) кафе мен барларды, дүкендердi, шағын базарларды, базарларды, дүңгiршектердi, жанармай құю стансаларын, сауда қатарларын, автобус аялдамаларын санитарлық-сәулет нормаларына сәйкестендiру;
Тармақша 6
6) қалалар мен аудан орталықтарындағы көшелердi, көп қабатты үйлердiң кiре берiстерiн, әкiмшiлiк ғимараттарын түн мезгiлiнде жарықтандыру;
Тармақша 7
7) қала мен аудан орталықтарындағы және басқа да елдi мекендердегi көшелердiң аттарын және тұрғын үйлердiң реттiк нөмiрлерi жазылған маңдайшаларды жаңарту;
Тармақша 8
8) мемориалдық кешендер, ұлттық батырларға қойылған ескерткiштер аумағын жөндеу, сырлау, көгалдандыру және көрiктендiру;
Тармақша 9
9) ретсiз тасталған қоқыс орындарын жою және барлық елдi мекендердi жоспарлы -жүйелi тазалаумен қамту;
Тармақша 10
10) аумақтарды көрiктендiру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнiндегi конкурс-байқау жұмыстарына жұртшылықты және тұрғындарды тарту жөнiнде жұмыстар жүргiзiлсiн. 📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - облыс әкімиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы N 177, 2003 жылғы 24 қаңтардағы N 30 қаулыларымен.
Тармақ 4
4. Қала және аудан әкiмдерi:
Тармақша 1
1) Конкурс - байқау өткiзу жөнiнде комиссиялар құрсын;
Тармақша 2
2) Облыстың қалалары мен аудан орталықтарында және басқа да елдi мекендерiнде аумақтарды көрiктендiру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, сумен қамтамасыз етудi және жолдар мен көшелердiң жағдайын жақсарту жөнiнде конкурс - байқау өткiзу шарттары және жеңiмпаздарды марапаттау формасы бекiтiлсiн (N 2 қосымша);
Тармақша 3
3) Санитарлық күндер өткiзсiн;
Тармақша 4
4) Ауыл әкiмдерi, елдi мекендер мен ауылдар арасында үлгiлi елдi мекен, үй, аула, орам және көше аты үшiн және жасыл қор құру, гүлбақтар салу жөнiнде жарыстар ұйымдастырсын;
Тармақша 5
5) N 3 және N 4 қосымшаларға сәйкес атқарылған жұмыстар туралы ай сайын келесi айдың 5-шi күнiне дейiн мына мекен-жайға ақпарат тапсырсын: облыстық индустрия, энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментi. 📌 ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың 5 тармақшасына өзгерістер енгізілді - облыс әкімиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы N 177 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары С.Н.Громовқа жүктелсiн.
Басқа 21. Конкурс-байқау өткiзудi ұйымдастыру және бақылау жөнiндегi комиссия құрамы
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының 2002 жылғы 8 сәуірдегі N 148 қаулысына N 1 қосымша Конкурс-байқау өткiзудi ұйымдастыру және бақылау жөнiндегi комиссия құрамы С.Н.Громов - облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары, комиссия төрағасы; С.Ш.Тәукебаев - облыстық құрылыс, сәулет және аумақтарда құрылыс салу департаментiнiң бастығы, комиссия төрағасының орынбасары; Комиссия мүшелерi: П.Ә.Әбубәкiров - облыстық индустрия, энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментiнiң бастығы; К.Б.Дүйсембиев - облыстық қаржы департаментiнiң бастығы; Б.Б.Баймаханов - облыстық денсаулық сақтау департаментiнiң бастығы; А.К.Илеува - облыстық бiлiм департаментiнiң бастығы; Ю.В.Ен - Шымкент қаласы әкiмiнiң орынбасары.
Басқа 22. Облыстың қалалары мен аудан орталықтарында және басқа да елдi мекендерiнде аумақтарды көрiктендiру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнiнде конкурс-байқау өткiзудiң шарттары мен жеңiмпаздарды марапаттау формасы
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының 2002 жылғы 8 сәуірдегі N 148 қаулысына N 2 қосымша Облыстың қалалары мен аудан орталықтарында және басқа да елдi мекендерiнде аумақтарды көрiктендiру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнiнде конкурс-байқау өткiзудiң шарттары мен жеңiмпаздарды марапаттау формасы
Тармақ 1
1. Конкурс байқау 2002 жылы 1 сәуiрден 1 желтоқсанға дейiн өтедi.
Тармақ 2
2. Қала және аудан әкiмдерi: - конкурс-байқау кезiнде жоспарланған жұмыс көлемiн белгiленген уақытта және сапалы орындаулары тиiс; - осы қаулының 2,3 және 4 тармақтарында көзделген шарттар мен жұмыстар тiзбесiнiң орындалуын қамтамасыз етсiн; - конкурс-байқау өткiзу кезiнде орындалған жұмыс көлемi жөнiнде мына формалар бойынша ( N 3 және N 4 қосымша) қорытынды мәлiметтi 2002 жылдың 25 қарашасына дейiн тапсырсын; - суреттi альбомды аудандық (қалалық) СЭС, сәулет мекемесi және облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы берген анықтамаларды ұсынсын; Ұсынылған материалдарды қарау нәтижесiнде облыстық комиссия конкурс-байқаудың қорытындысын шығарып, жеңiмпаздарды анықтайды және оларға келесi номинацияда сыйлықтар берiледi: - "Ең жақсы қала"- I-орын - 350 мың теңге - "Ең жақсы аудан"- I-орын - 250 мың теңге II-орын -200 мың теңге III- орын - 150 мың теңге - "Ең жақсы аудан орталығы"- I-орын -150 мың теңге - "Ең жақсы поселке" I-орын -100 мың теңге - "Ең жақсы ауыл" - I-орын -70 мың теңге II- орын - 50 мың теңге III-орын - 30 мың теңге Жеңiмпаздарға сыйлық беру облыс әкiмиятының резервiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Жеңiмпаздар облыстық комиссия мәжiлiсiнде: - қала және аудан, елдi мекендер әкiмдерiнiң аумақтарды көрiктендiру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша конкурс-байқау өткiзу барысында атқарылған жұмыстың көлемi жөнiнде ұсынған қорытынды ақпараты; - Оңтүстiк Қазақстан облысының индустрия, энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментi, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының, облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының берген анықтамасы негiзiнде анықталады. 📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - облыс әкімиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы N 177 қаулысымен.
Басқа 26. 2002 жылғы ___________,___________ дейiн конкурс-байқау өткiзiлу барысында орындалған жұмыстардың көлемi туралы мәлiмет
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының 2002 жылғы 8 сәуірдегі N 148 қаулысына N 3 қосымша 2002 жылғы ___________,___________ дейiн конкурс-байқау өткiзiлу барысында орындалған жұмыстардың көлемi туралы мәлiмет __________________________________________________________________________ ! Жұмыстардың !өлшем ! 2001 ! Белгiлен- !Есеп беру !Орындалған ! түрi !бiрлiгi! жылдың 1! ген жұмыс !күніне ! жұмыс ! ! ! қаңтарына! көлемi !орындалған! көлемi, ! ! ! бары ! !жұмыс ! мың ! ! ! ! !көлемі ! теңге __!_________________ !_______!__________!___________!__________!___________ 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 __!_________________ !_______!__________!___________!__________!___________ 1. Тазаланды: - көшелер шақырым - ирригациялық т/б шақырым науалар - ирригациялық жерден шақырым қазылған арықтар - өзен жағалары шақырым - көпiрлер дана - көпқабатты тұрғын ш/м үйлердiң аула аумақтары - тұрғын үйлердiң дана жертөлелерi - газондар /гүлзарлар/ ш/м 2. Отырғызылды: - ағаштар дана - тал- шыбықтар дана 3. Әктелдi: - әкiмшiлiк ғимараттар дана - көпқабатты тұрғын үйлер дана - әлеуметтiк, мәдени және дана тұрмыстық объектiлер 4. Сырланды: - шарбақтар мың ш/м - жарық жүйелерiнiң дана бағаналары 5. Жөнделдi: - қала, елдi мекендер шақырым iшiндегi асфальттанған жолдар мен көшелер - сондай-ақ тротуарлар шақырым - ирригациялық т/б шақырым науалар - т/б көпiрлер дана - автобус аялдамалары дана 6. Көшелер жарықтандырылды: - тәртiпке келтiрiлген шақырым сыртқы жарықтандырудың ұзындығы - қосымша көшелер шақырым жарықтандырылды 7. Тұрғын үйлердiң жалпы көпшiлiк пайдаланатын орындарын жөндеу және ұстау: - подъездердiң есiктерiн дана жөндеу - терезелер мен баспалдақ дана алаңын әйнектеу 8. Санитарлық-сәулет нормаларына келтiру: - дүңгiршектер дана - базарлар дана - шағын базарлар дана - кафе-барлар дана - дүкендер дана - май құю стансалары дана - автомашина жуу орны дана - шеберханалар дана 9. Бұлақ көздерiнiң дана айналасын көрiктендiру (елдi мекендi тiзiп атау) 10. Мемориалдық кешендер, дана ескерткiштер, белгiсiз жауынгерлер қабiрi тәртiпке келтiрiлдi 11. Санитарлық-ағарту жұмысы: - сенбiлiктер өткiзiлдi дана/ада - көрiктендiру, дана көгалдандыру және аумақты санитарлық тазалау жөнiнде баспасөзде мақала жарияланды - объектiлердi дана/мың көрiктендiру, теңге көгалдандыру және санитарлық нормалар бұзылғаны үшiн айыппұл салынды 12. Санитарлық тазалау: - ретсiз қоқыстар жойылды дана - көшеден және мекемелер м3 мен тұрғын үйлердiң ауылдарынан қоқыс шығарылды - қоқыс жиналатын алаңдар дана мен контейнерлердi белгiлi тәртiпте ұстау және көрiктендiру 13. Жергiлiктi мәнi бар жолдарды жөндеу және күтiп ұстау: - ағымдағы жөндеу шақырым ___________________________________________________________________
Басқа 27. Жаңадан отырғызылған ағаштарды суару, қарау және күтiп ұстау туралы мәлiмет
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының 2002 жылғы 8 сәуірдегі N 148 қаулысына N 4 қосымша Жаңадан отырғызылған ағаштарды суару, қарау және күтiп ұстау туралы мәлiмет _______________________________________________________________ !Қалалар мен ! Жаңадан отырғызылған ! Құтайған ! Құтаю ! елдi ! ағаштар ! ағаштардың ! пайызы !мекендердiң !__________________________! саны ! ! атауы ! жоспар ! дерек ! пайыз ! ! _!____________!________!________!________!_____________!_______ ! ! ! ! ! ! 1! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 _!____________!________!________!________!_____________!_______ Қала (аудан) әкiмi