Об установлении зон рекреационного рыболовства на водных объектах Махамбетского района Атырауской области Күшін жойған
Басқа 0
Атырау облысы Махамбет ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10 – бабының 2 – тармағының 5–8) тармақшасына сәйкес және су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыру мақсатында, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ортақ су пайдалану талаптарын ескере отырып Атырау облысы Махамбет ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Махамбет ауданы әкімінің орынбасары З.Мұқашқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Махамбет аудандық әкімдігінің
2018 жылғы «27» ақпандағы
№51 қаулысына қосымша
Атырау облысы Махамбет ауданындағы су обьектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтары
Тармақ 1
1. Махамбет ауданының әкімшілік аумақтары шегіндегі Жайық өзенінің учаскелері:
Тармақша 1
1) Ақтоғай ауылдық округіндегі Атамбаев ауылының солтүстіктегі соңғы нүктесінен бастап N 47° 59.780ʹ Е 051° 37.477ʹ координаттармен, оның оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске N 47° 59.780ʹ Е 051° 37.489ʹ координатаррымен, ұзындығы 720 метр;
Тармақша 2
2) Ақжайық ауылдық округіндегі Ақжайық ауылының сорғы бекетінен бастап N 47° 52.594ʹ Е 051° 37.806ʹ координаттарымен, Ақтоғай ауылдық округіндегі Кенөріс елді-мекенін қоса, оның оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске, N 47° 52.514ʹ Е 051° 37.097ʹ координаттарымен, ұзындығы 880 метр;
Тармақша 3
3) Ақтоғай ауылдық округіндегі Ақтоғай ауылының солтүстіктегі соңғы нүктесінен N 47° 47.858ʹ Е 051° 35.584ʹ координаттармен, оның оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске N 47° 47.616ʹ Е 051° 36.564ʹ координатаррымен, ұзындығы 1000 метр;
Тармақша 4
4) Махамбет ауылдық округіндегі Сарытоғай ауылынан жоғары, сутазартқыш бекетінен бастап N 47° 43.801ʹ Е 051° 34.452ʹ координатармен, Махамбет ауылының оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске (автожолдар көпірінен бастап 50 метрге дейін) N 47° 38.896ʹ Е 051° 35.545ʹ кординаттармен, ұзындығы 6000 метр;
Тармақша 5
5) Жалғансай ауылдық округіндегі Жалғансай ауылына қарсы сорғы бекетінен бастап N 47° 36.868ʹ Е 051° 36.930ʹ координаттарымен, ауылдың оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске N 47° 36.094ʹ Е 051° 37.698ʹ координаттармен, ұзындығы 2050 метр;
Тармақша 6
6) Сарайшық ауылдық округіндегі Сарайшық ауылына қарсы, сутазартқыш ғимаратынан бастап N 47° 30.862ʹ Е 051° 42.553ʹ координатармен, ауылдың оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске N 47° 30.199ʹ Е 051° 44.255ʹ кординаттармен, ұзындығы 2050 метр;
Тармақша 7
7) Бейбарыс ауылдық округіндегі Бейбарыс ауылына қарсы су тазартқыш ғимаратынан бастап N 47° 27.672ʹ Е 051° 47.298ʹ координаттармен, ауылдың оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске N 47° 26.475ʹ Е 051° 49.144ʹ координаттармен, ұзындығы 3000 метр;
Тармақша 8
8) Бейбарыс ауылдық округіндегі Талдыкөл ауылына қарсы оның солтүстіктегі соңғы нүктесінен бастап N 47° 20.598ʹ Е 051° 53.272ʹ кординаттармен, оның оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске N 47° 20.237ʹ Е 051° 52.585ʹ координаттармен, ұзындығы 2000 метр;
Тармақша 9
Тармақ 2
2. Махамбет ауданының әкімшілік аумақтары шегіндегі су обьектілері:
Тармақша 1
1) Глухой ескі арнасы – Ақтоғай ауылдық округінің аумағында орналасқан;
Тармақша 2
2) Бақсай ескі арнасы – Ақтоғай ауылдық округінің аумағында орналасқан;
Тармақша 3
3) Сарайшық ескі арнасы – Сарайшық ауылдық округінің аумағында орналасқан;
Тармақша 4
4) Сорочинка ескі арнасы – Бейбарыс ауылдық округінің аумағында орналасқан;
Тармақша 5
5) 8-ауыл ескі арнасы – Ақжайық ауылдық округінің аумағында орналасқан;
Тармақша 6
6) 9-ауыл ескі арнасы – Ақжайық ауылдық округінің аумағында орналасқан;
Тармақша 7
7) 11-ауыл ескі арнасы – Есбол ауылдық округінің аумағында орналасқан;
Тармақша 8
8) 12-ауыл ескі арнасы – Есбол ауылдық округінің аумағында орналасқан;
Тармақша 9
9) 13-ауыл ескі арнасы – Есбол ауылдық округіндегі Ортақшыл ауылының қасында орналасқан;
Тармақша 10
10) 15-ауыл ескі арнасы – Есбол ауылдық округіндегі Еңбекшіл ауылының қасында орналасқан;
Тармақша 11
11) Қызыл-Жар көлі – Есбол ауылдық округіндегі Еңбекшіл ауылының қасында орналасқан;
Тармақша 12
12) Ұлышығанақ көлі – Алға ауылдық округінің аумағында орналасқан;
Тармақша 13
13) Гагушкино көлі – Алға ауылдық округінің аумағында орналасқан;
Тармақша 14
14) Алмағанбет көлі – Алға ауылдық округінің аумағында орналасқан;
Тармақша 15
15) Қоржым көлі – Алға ауылдық округінің аумағында орналасқан.