Об утверждении перечня специализированной сельскохозяйственной техники, по которым юридические лица – производители сельскохозяйственной продукции, продукции аквакультуры (рыбоводства), а также глава и (или) члены крестьянского или фермерского хозяйства по используемой в процессе собственного производства сельскохозяйственной продукции не являются плательщиками налога на транспортные средства Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері өз өндірісі процесінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өнімі бойынша көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникалары тізбесін бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 490-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері өз өндірісі процесінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өнімі бойынша көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникалары тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ғылыми технологиялық және техникалық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 5
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ________________Б. Сұлтанов 2018 жылғы 27 ақпан «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы ________________Р. Дәленов 2018 жылғы 28 ақпан
Басқа 0. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері өз өндірісі процесінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өнімі бойынша көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникалары тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 86 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері өз өндірісі процесінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өнімі бойынша көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникалары тізбесін бекіту туралы
Тармақ 1
1. Сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар.
Тармақ 2
2. Ветеринария қызметінің автомобильдері.
Тармақ 3
3. Автозообиологиялық зертханалар.
Тармақ 4
4. Автожемтасығыштар.
Тармақ 5
5. Автотиеуіштер.
Тармақ 6
6. Дән сепкiштерге автоқұйғыштар.
Тармақ 7
7. Тыңайтқыш енгiзуге арналған автомашиналар.
Тармақ 8
8. Ұшақтарға минералды тыңайтқыштарды және улы химикаттарды автотиеуiштер.
Тармақ 9
9. Тең штабельдерiн автотасымалдауыштар.
Тармақ 10
10. Автотұзақжемшашқыш.
Тармақ 11
11. Пәлекжинағыш машиналар.
Тармақ 12
12. АН-2 ауыл шаруашылығы әуе кемесi.
Тармақ 13
13. Өздiгінен жүретiн дестелегiштер.
Тармақ 14
14. Астық жинағыш комбайндар.
Тармақ 15
15. Тракторлар, өздігінен жүретiн шассилер және мобильді энергетикалық құралдар.
Тармақ 16
16. Азық жинағыш комбайндар.
Тармақ 17
17. Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi автомобиль-шеберханалар.
Тармақ 18
18. Өздiгінен жүретiн шөп шапқыштар.
Тармақ 19
19. Маялағыштар.
Тармақ 20
20. Жинағыш комбайндар (тамыржемiстiлердi, картопты, қызанақты, көк бұршақты, мақтаны және басқа да ауыл шаруашылығы өнімін жинауға арналған).