Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий города Аркалыка Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арқалық қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Арқалық қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Арқалық қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Қала әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 65 қаулысына қосымша Арқалық қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі Арқалық қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін қалалық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады: таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін таза кіріс сомасынан 5 пайыз таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін 150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін 4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз