О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Мугалжарскому району Күшін жойған
Басқа 0
Мұғалжар ауданы бойынша
пайдаланылмайтын ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жерге жер салығының базалық
мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Мұғалжар ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
Тармақ 2
2. «Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.