О ставках земельного налога по Тимирязевскому району Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жер салығының мөлшерлемелері Кодекстің 505, 506-баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызға арттырылсын.
Осы тармақтың ережелері Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Тимирязев аудандық мәслихатының мынадай:
Тармақша 1
1) «Тимирязев ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» 2015 жылғы 12 ақпандағы № 34/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 наурызда № 3160 болып тіркелді, 2015 жылғы 21 наурызда «Көтерілген тың» аудандық газетінде жарияланды, 2015 жылғы 21 наурызда «Нива» аудандық газетінде жарияланды);
Тармақша 2
2) «Тимирязев ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» Тимирязев аудандық мәслихатының 2015 жылғы 12 ақпандағы № 34/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 11 наурыздағы № 48/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 13 сәуірде № 3715 болып тіркелді, 2016 жылғы 20 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2019 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Тимирязев ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы»
Республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы
__________________ Б. Бәлдіков
2018 жылғы 12 наурыз