О мониторинге эффективности управления приватизированными организациями в стратегических отраслях экономики Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендірілген ұйымдарды басқару тиiмдiлiгінiң мониторингі туралы
Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен
Экономикалық қауiпсiздiктi және Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендiрiлген ұйымдарды басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингiн жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi:
осы қаулы жарияланған күнiнен бастап 2 ай мерзiмде орталық атқарушы органдармен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы мониторингке жататын ұйымдар тiзбесiнiң жобасын дайындасын және Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзсiн;
осы қаулы жарияланған күнiнен бастап 3 ай мерзiмде Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендiрiлген ұйымдарды басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингiн жүргiзудiң тетiгi жөнiнде әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлесiн және бекiтсiн;
мониторингтi ұйымдастыру және жүргiзу кезiнде қолданыстағы заңнамада көзделген құқықтар мен кепiлдiктердiң, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру кезiнде жасалған шарттар және келiсiм-шарттар қағидаларының сақталуын қамтамасыз етсiн;
"Экономиканың стратегиялық салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлесiн және 2002 жылдың екiншi жарты жылдығында Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзсiн.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 5 шiлдедегi N 930 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 32-33, 295-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi туралы ережеге:
11-тармақтың 7) тармақшасындағы "қатысу" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендiрiлген ұйымдарды басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингiн жүргiзу";
12-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) мемлекеттiк меншiк объектiлерi мен жекешелендiрiлген ұйымдарды басқару тиiмдiлiгiне мониторинг жүргiзу және мониторинг субъектiлерi мен қатысушыларының іс-әрекеттерiн үйлестiрудi;";
13-тармақта:
1) тармақша ", әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеуге және бекiтуге" деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақша "меншiктi" деген сөзден кейiн "және жекешелендiрiлген ұйымдардың меншiгiн" деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақша "ұйымдар" деген сөзден кейiн "және жекешелендiрiлген объектiлер" деген сөздермен толықтырылсын, "тексерулерге" деген сөзден кейiн ", мониторингке" деген сөзбен толықтырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендiрiлген ұйымдарды басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингiн жүзеге асыру ЕРЕЖЕСI
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 3 мамырдағы
N 491 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендiрiлген ұйымдарды басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингiн жүзеге асыру ЕРЕЖЕСI
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендiрiлген ұйымдарды басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингiн жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) мониторинг ұғымын, оның мақсаттарын, мiндеттерiн, мазмұнын, мәнiн және оны жүргiзудiң тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Мониторинг - бұл ақпарат жинау, Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендiрiлген ұйымдарды басқару тиiмдiлiгiнiң жай-күйiн қадағалау, талдау, бағалау және болжау.
Мониторинг тұрақты экономикалық дамуды болжау және реттеу жүйесiнiң бiр бөлiгi болып табылады, елдiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң ақпараттық-талдау функцияларын орындайды.
Тармақ 3
3. Басқару тиiмдiлiгi - Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендiрiлген ұйымдардың мүлкiне басшылық етудiң және иелiк етудiң нәтижесi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларына: мұнай-газ, энергетика, кен-металлургия, көлiк-коммуникация және машина жасау салалары жатады.
Тармақ 5
5. Мониторинг объектiлерi - Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендiрiлген ұйымдар.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi мониторинг жүргiзу жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) болып табылады.
Уәкiлеттi орган мониторинг жүргiзу кезiнде ол туралы Ереженi, осы Ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 7
7. Мыналар мониторингке қатысушылар болып табылады:
Тармақша 1
1) уәкiлеттi орган;
Тармақша 2
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар;
Тармақша 3
3) меншiгiнде не басқаруында тексерiлетiн ұйымдар бар тұлғалар;
Тармақша 4
4) уәкiлеттi орган заңнамада белгiленген тәртiппен мониторинг жүргiзуге тартатын консалтингтiк қызметтер көрсету саласында маманданатын ұйымдар, кеңесшiлер және сарапшылар.
Тармақ 8
8. Осы Ереже мониторингке қатысушыларға қолданылады.
Тарау 2. 2. Мониторингтiң мақсаттары мен міндеттері
2. Мониторингтiң мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 9
9. Мониторингтiң мақсаты - Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн нығайтуға, экономиканы оның тұрақты дамуына қауiп төндiретiн iшкi және сыртқы қолайсыз жағдайлардан, процестер мен факторлардан сақтауға ықпал жасау.
Тармақ 10
10. Мыналар мониторингтiң мiндеттерi болып табылады:
Тармақша 1
1) мониторинг объектiлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық, қаржылық, құқықтық, технологиялық, өндiрiстiк-техникалық, экологиялық жай-күйiн талдау;
Тармақша 2
2) мониторинг объектiлерiн тиiмдi басқаруға кедергi келтiретiн проблемаларды айқындау;
Тармақша 3
3) салалар мен аймақтардың даму перспективаларына мониторинг объектiлерiнiң қызметi нәтижелерiнiң әсер етуiн бағалау;
Тармақша 4
4) ұлттық экономикаға инвестициялардың құйылуына жәрдемдесу үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 5
5) мониторинг мәселелерi бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасау;
Тармақша 6
6) Yкiметке, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға тұтастай алғанда республика бойынша, сондай-ақ аймақтар бөлiнiсiнде объектiлердi басқарудың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
Тармақша 7
7) тиiмсiз басқаруға әкеп соқтыруы мүмкiн себептер мен жағдайлардың алдын алу;
Тармақша 8
8) мониторинг бойынша электрондық дерекқор қалыптастыру және жүргiзу.
Тарау 3. 3. Мониторингтің мазмұны мен мәні
3. Мониторингтің мазмұны мен мәні
Тармақ 11
11. Мыналар мониторингтiң мазмұнын құрайды:
Тармақша 1
1) мониторингтiң мәнi жөнiнде мерзiмдi ақпарат жинау;
Тармақша 2
2) мониторинг объектiлерiн басқару тиiмдiлiгiнiң жай-күйiн қадағалау;
Тармақша 3
3) мониторинг объектiлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық, қаржылық, құқықтық, технологиялық, өндiрiстiк-техникалық, экологиялық жай-күйiнiң үрдiстерiн талдау;
Тармақша 4
4) мониторинг объектiлерiн басқару тиiмдiлiгiн тiкелей тексеру және бағалау;
Тармақша 5
5) республика, аймақтар мен стратегиялық салалар экономикасының дамуына мониторинг объектiлерiнiң қаржы-экономикалық жай-күйiнiң әсер етуiн болжау.
Тармақ 12
12. Мынадай мәселелер мониторингтiң мәнiне жатады:
Тармақша 1
1) мониторинг объектiлерiнiң қаржылық және экономикалық жағдайы;
Тармақша 2
2) мониторинг объектiлерiнiң негiзгi қорларының жай-күйi, өндiрiске озық технологияларды енгiзу;
Тармақша 3
3) мониторинг объектiлерiнiң инвестициялық қызметi;
Тармақша 4
4) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;
Тармақша 5
5) қызметкерлердiң әлеуметтiк және еңбек құқықтарын қорғау;
Тармақша 6
6) құқықтық мәселелер.
Тарау 4. 4. Мониторинг жүргiзудiң тәртiбi
4. Мониторинг жүргiзудiң тәртiбi
Тармақ 13
13. Мониторинг бiр немесе бiрнеше объектiлерде мониторингтiң мәнiне жататын жекелеген немесе барлық мәселелер бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 14
14. Уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы ұйымдар тiзбесiнен мониторингке жататын объектiлердi анықтайды;
Тармақша 2
2) мониторинг жүргiзудiң жоспары мен бағдарламасын бекiтедi;
Тармақша 3
3) жұмыстардың түрлерi мен орындау мерзiмдерi, есептер берудің тәртiбi, алынған ақпарат пен материалдардың құпиялылығын сақтау жөнiндегi мiндеттемелердi қамтитын мониторинг жүргiзу жөнiндегi консалтингтiк қызметтер көрсетуге арналған шарттарды белгiленген тәртiппен жасасады;
Тармақша 4
4) орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен мониторинг жүргiзу жөнiндегi топтың құрамына қосу үшiн өкiлдердің кандидатураларын келiседi;
Тармақша 5
5) уәкiлеттi органның өкiлi басшылық ететiн мониторинг жүргiзу жөнiндегi топты бекiтедi;
Тармақша 6
6) мониторинг жүргiзу жөнiндегi топтың мүшелерiне объект пен мониторингтiң мәнi, тексерiлетiн объектiде болу мерзiмi, мемлекеттiк, коммерциялық және қызметтiк құпияны жарияламау туралы мiндетi көрсетiлген хат бередi;
Тармақша 7
7) мониторинг жүргiзу жөнiндегi топтың мүшелерiн әдiстемелiк құралдармен, ұсынымдармен және ақпараттық материалдармен қамтамасыз етедi;
Тармақша 8
8) мониторинг объектiлерiнiң басшыларын, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарды мониторинг жүргiзу туралы хабардар етедi, олармен өзара iс-қимыл жасайды;
Тармақша 9
9) қолданыстағы заңнама талаптарын ескере отырып, ақпарат, материалдар жинауды жүзеге асырады және олармен мониторингке қатысушыларды жабдықтайды;
Тармақша 10
10) жүргiзiлген мониторингтiң нәтижелерiн қорытындылайды және Yкiметке, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға мониторинг жүргiзудiң нәтижелерi бойынша даму болжамдары мен ұсынымдар қамтылған ақпарат ұсынады;
Тармақша 11
11) мониторингтiң электронды дерекқорын қалыптастырады, оның жаңартылуын, сақталуын қамтамасыз етедi, ақпараттық қызмет көрсетудi жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Мониторинг жүргiзудiң тәртiбi мыналарды қадағалаудың негiзiнде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) базалық көрсеткiштердi - бастапқы деректердi (мониторингке қатысушылар беретiн статистикалық есептеме, ақпарат пен материалдар);
Тармақша 2
2) ағымдағы өзгерiстердi тiркейтiн шұғыл көрсеткiштердi;
Тармақша 3
3) жүргiзiлген мониторингтердiң кезеңдерi бойынша көрсеткiштердi (белгiлi бiр уақыттан кейiн қадағалау).
Тармақ 16
16. Мониторинг объектiлерiн басқару тиiмдiлiгiнiң жай-күйiн талдау мониторингтiң мәнi бойынша базалық (бастапқы) деректердi мониторинг нәтижесiнде алынған деректермен салыстыру жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Мониторинг объектiлерiн басқару тиiмдiлiгiнiң жай-күйi туралы тұжырымдар мониторинг жүргiзу жөнiндегi топтың уәкiлеттi органға берiлетiн есептерiнде бекiтiледi.
Уәкiлеттi орган ұсынылған материалдардың негiзiнде жекешелендiрiлген ұйымдардың меншiгiн басқарудың жай-күйiне бағалау жүргiзедi.
Тармақ 18
18. Мониторинг жүргiзу ұйымдардың өзiнде де, экономика салаларында да терiс процестердiң алдын алу мен болдырмау жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу мақсатында мониторингтiң тексерiлетiн объектiлерi дамуының үрдiстерi туралы болжаммен аяқталады.
Тарау 5. 5. Мониторингтi қаржылық қамтамасыз ету
5. Мониторингтi қаржылық қамтамасыз ету
Тармақ 19
19. Мониторингтi жүргiзу республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылады.