Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 505 - бабына, 509 - бабының 3 - тармағына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Риддер қаласында автотұрақтар (паркингтер) санаттары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
Тармақ 2
2. Риддер қаласы салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын жақын жатқан елді мекен болып айқындалсын.
Тармақ 3
3. «Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту туралы» Риддер қалалық маслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 38/3-ІV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-4-160 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 қаңтардағы «Мой город Риддер» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары
Қалалық мәслихаттың 2018 жылғы «12» наурыздағы № 19/17-VI шешіміне 1-қосымша Автотұрақтар (паркингтер) санаттары № Автотұрақтар (паркингтер) түрлері Санаттар 1 Жер үсті шатырмен жабылған автотұрақтар, шатырмен жабылмаған автотұрақтар. 1-санат 2 Басқа мақсатқа арналған ғимараттарға жапсарлай салынған автотұрақтар, басқа мақсаттарға салынған ғимараттарға ішкери салынған автотұрақтар. 2-санат 3 Ғимараттардың жер асты, жертөле, цокольды немесе жерүсті төменгі қабаттарда орналасқан автотұрақтар. 3-санат
Басқа 6. Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері
Қалалық мәслихаттың 2018 жылғы «12» наурыздағы №19/17-VI шешіміне 2-қосымша Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері № Автотұрақтар санаттары Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері Базалық мөлшерлемелердің ұлғаюы 1 1-санат 8,2025 10 есе 2 2-санат 8,2025 9 есе 3 3-санат 8,2025 8 есе