Об определении единого организатора государственных закупок Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2- тармағына және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Бәйдібек ауданы әкімдігінің «Бәйдібек аудандық мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
Тармақ 3
3. «Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бәйдібек ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 4
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулы Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары А.Темірге жүктелсін.
Басқа 10
Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2018 жылғы «13» наурыздағы №69 қаулысына қосымша Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын жұмыстардың тізбесі № Атауы 1 Жұмыстар 1.1 Ауданның мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарындағы, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарындағы бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын объектілерді (жүйелерді) салу (құрлысы) (жобалау–сметалық құжаттаманы әзірлеуді қоспағанда). 1.2 Ауданның мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарындағы, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарындағы бюджет қаражаты есебінен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы (жобалау–сметалық құжаттаманы әзірлеуді қоспағанда). 1.3 Ауданның мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарындағы, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарындағы бюджет қаражаты есебінен іске асатын бар нысандарды реконструкциялау (жобалау–сметалық құжаттаманы әзірлеуді қоспағанда).