Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий Мендыкаринского района Күшін жойған
Басқа 0
Меңдіқара ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
«Мемлекетік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 140-бабының 2-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Меңдіқара ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Мендіқара ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтіқ құқықтық актілерінің эталоныдқ бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
Тармақша 3
3) осы қаулыны Меңдіқара ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің қаржы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Меңдіқара ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Әкімдіктің
2018 жылғы «27» ақпандағы
№ 36 қаулысына
қосымша
Меңдіқара ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Тармақ 1
1. Меңдіқара ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудандық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:
таза кіріс 3 000 000 теңгеге
дейін
таза кіріс сомасынан 5 пайыз
таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз
таза кіріс 50 000 001 теңгеден
250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз