Уақытша жер пайдалану құқығын беру мәселелері бойынша облыс әкімиятының және әкімнің кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Уақытша жер пайдалану құқығын беру мәселелері бойынша облыс әкімиятының және
әкімнің кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 Z010148_ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес және уақытша жер пайдалану құқығын беру сұрақтарына байланысты облыс әкімияты мен әкімнің нормативтік құқықтық кесімдерін ретке келтіру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің 2000 жылғы 27 шілдедегі N 276 "ҚОР Мұнай компаниясы" жабық акционерлік қоғамына "Ащысай" кенішіне автомобиль жолын салу үшін уақытша пайдалануға жер беруге келісім беру туралы" шешіміне төмендегідей өзгеріс енгізілсін: осы шешімнің 1 тармағында "25" деген саны "11" деген санға ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Облыс әкімиятының 2001 жылғы 18 қазандағы N 85 "Харрикейн Құмкөл Мұнай" ашық акционерлік қоғамына "Құмкөл" кенішінің объектілерін орналастыру үшін уақытша жер пайдалану құқығын беруге келісім беру туралы" қаулысының 1 тармағында және облыс әкімиятының 2001 жылғы 18 қазандағы N 88 "Харрикейн Құмкөл Мұнай" ашық акционерлік қоғамына "Қызылқия" кенішін өндірістік жайластыру үшін уақытша жер пайдалану құқығын беруге келісім
беру туралы" қаулының 2 тармағында "20" деген саны "10" деген санға
ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. Облыс әкімиятының 2001 жылғы 18 қазандағы №84 "Харрикейн Құмкөл
Мұнай" ашық акционерлік қоғамына "Майбұлақ" кенішін өндірістік жайластыру
үшін уақытша жер пайдалану құқығын беруге келісім беру туралы" қаулысының
1 тармағында "17" деген саны "10" деген санға ауыстырылсын.