«Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін материалдық көмектің тәртібі мен мөлшерін» бекіту туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін материалдық көмектің тәртібі мен мөлшерін» бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңының 23-бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға көрсетілетін материалдық көмектің" тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін материалдық көмектің тоқсандық төлем мөлшері 9685 теңге болып бекітілсін.
Басқа 3
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 18 наурыздағы N 190 қаулысымен бекітілді Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға көрсетілетін материалдық көмектің тәртібі Мүгедек балаларды жалпы немесе арнаулы мектептерде тәрбиелеу және оқыту мүмкіндігі болмаған жағдайда, ата-анасының мүмкіншілігі мен тілегіне қарай оларды тәрбиелеу және оқыту үйінде жүргізіледі. Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға арналған материалдық көмекті ата-аналарының бірінің немесе олардың орнындағы адамның өтініші бойынша мүгедек баланың тұратын жеріне қарайқалалық (аудандық) еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімдері тағайындайды. Материалдық көмектағайындау үшін төмендегідей құжаттар тапсырады:
Тармақ 1
1. Өтініші;
Тармақ 2
2. Облыстық білім беру басқармасы жанындағы ведомстволық психикалық-медициналық-педагогикалық консультативтік комиссия беретін мүгедек баланы оқыту қажеттілігі туралы анықтама;
Тармақ 3
3. Тұрғылықты жері туралы анықтама;
Тармақ 4
4. Тууы туралы куәліктің көшірмесі. Материалдық көмек тоқсан сайын тағайындалып төленеді. Материалдық көмекті көрсететін қаржы көздері аудандық және Қызылорда қалалық бюджеттері болып табылады.