О повышении базовых ставок земельного налога Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 509-бабының 5-тармағына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Мәслихаттың 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 15 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6350 тіркелген, 2016 жылғы 23 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі «Мемлекеттік кірістер комитетінің Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Федоров ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы ________________________ А. Кожуков «15» наурыз 2018 жыл «КЕЛІСІЛДІ» «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы ___________________ А. Шматко «15» наурыз 2018 жыл