Об установлении формы и содержания контрольного чека аппаратно-программных комплексов, применяемых банками, организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, и филиалами банков - нерезидентов Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысаны мен мазмұнын белгілеу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 166-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдары (бұдан әрі - банк) қолма-қол ақша арқылы ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде берілетін аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің мынадай міндетті деректемелері белгіленсін:
Тармақша 1
1) банктің (оқшауланған бөлімшенің, өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшенің) атауы;
Тармақша 2
2) банктің (оқшауланған бөлімшенің) бизнес сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 3
3) аппараттық-бағдарламалық кешеннің салық органындағы тіркеу нөмірі;
Тармақша 4
4) аппараттық-бағдарламалық кешеннің бақылау чегінің банкте (оқшауланған бөлімшеде, өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшеде) берілген реттік нөмірі;
Тармақша 5
5) операция жүргізілген күн және уақыт;
Тармақша 6
6) операцияның атауы;
Тармақша 7
7) әрбір жүргізілген операцияның сомасы;
Тармақша 8
8) жүргізілген операциялар бойынша жалпы қорытынды.
Тармақ 2
2. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің бақылау чегі аппараттық-бағдарламалық кешенін әзірлеушінің техникалық құжаттамасында көзделген, оның ішінде қосылған құн салығының сомасы туралы деректерді қосымша қамтуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысаны – тік бұрышты.
Тармақ 4
4. «Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютер жүйелерінің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 117 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5526 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпанда № 22 (1445) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және
6-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.