Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий Алтынсаринского района Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алтынсарин ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабына «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 140 - бабы 2 - тармағына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алтынсарин ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Алтынсарин ауданының әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Алтынсарин ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Алтынсарин ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 36 қаулысына қосымша Алтынсарин ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі Алтынсарин ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін қалалық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады: таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін таза кіріс сомасынан 5 пайыз