О повышении ставок платы за негативное воздействие на окружающую среду Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерінің артуы туралы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 576-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
Тармақ 2
2. Салық кодексінің 576-бабымен белгіленген Қостанай облысы бойынша төлемақы мөлшерлемелері көрсетілген баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерлемелерді қоспағанда, екі есеге көтерілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. «КЕЛІСІЛДІ» «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы _________________ А. Жусупова 2018 жылғы «2» наурыз «КЕЛІСІЛДІ» «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы ____________________ М. Шайымов 2018 жылғы «2» наурыз «КЕЛІСІЛДІ» «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы міндетін уақытша атқарушы ______________________ Б. Есенгулов 2018 жылғы «2» наурыз
Басқа 5. Қостанай облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
Мәслихаттың 2018 жылғы 2 наурыздағы № 245 шешіміне қосымша Қостанай облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Қостанай облысы мәслихатының 2009 жылғы 20 қарашадағы № 233 шешімі «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3697 болып тіркелді, 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Қостанай таңы» және «Костанайские новости» газеттерінде жарияланды).
Тармақ 2
2. Қостанай облысы мәслихатының 2011 жылғы 15 наурыздағы № 375 «Мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы № 233 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3755 болып тіркелді, 2011 жылғы 5 сәуірде «Қостанай таңы» газетінде жарияланды).
Тармақ 3
3. Қостанай облысы мәслихатының 2015 жылғы 17 наурыздағы № 385 «Мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы № 233 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5497 болып тіркелді, 2015 жылғы 14 сәуірде «Костанайские новости» газетінде жарияланды).
Тармақ 4
4. Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 10 ақпандағы № 113 «Мәслихаттың 2009 жылғы 20 қарашадағы № 233 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6917 болып тіркелді, 2017 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).