Об утверждении перечня запасных частей, используемых в производстве сельскохозяйственной техники Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы техникасын жасауда пайдаланылатын қосалқы бөлшектер тізбесін бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 427-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және 428-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығы техникасын жасауда пайдаланылатын қосалқы бөлшектер тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісінде пайдаланылатын қосалқы бөлшектердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 4-6/1127 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12796 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ғылыми технологиялық және техникалық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 5
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ________________ Ж. Қасымбек 2018 жылғы «___» __________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ________________Б. Сұлтанов 2018 жылғы 23 ақпан «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы ________________Р. Дәленов 2018 жылғы 27 ақпан
Басқа 0. Ауыл шаруашылығы техникасын жасауда пайдаланылатын қосалқы бөлшектер тізбесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 84 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы техникасын жасауда пайдаланылатын қосалқы бөлшектер тізбесі Р/с № Ата­уы СЭҚ ТН ко­ды 1 2 3 1. Вул­ка­ни­за­ци­я­лан­ған ре­зең­ке­ден жа­сал­ған кон­вей­ер лен­та­ла­ры неме­се же­тек бел­дік­тер неме­се бель­тинг 4010 2. Қап­та­ма, амор­ти­за­тор­лар, ұштық­тар, тұ­ғы­рық­тар* 4016 93 000 5-ден 3. 8701 - 8705 та­у­ар по­зи­ци­я­ла­ры­ның мо­тор­лы кө­лік құ­рал­да­ры­на ар­нал­ған қат­ты ре­зең­ке­ден бас­қа, вул­ка­ни­за­ци­я­лан­ған ре­зең­ке­ден жа­сал­ған бұй­ым­дар* 4016 99 970 8-дан 4. Ыстық­тай орам­дал­ған се­ріп­пе­лер, рес­сор­лар 7320 10 110 0-ден, 7320 10 190 0-ден, 7320 20 200 9-дан 5. Со­зы­ла­тын бұ­ран­да­лы суық­тай орам­дал­ған се­ріп­пе­лер* 7320 20 850 8-ден 6. Се­ріп­пе­лі қа­бық­тар* 7320 90 900 8-ден 7. Ыстық қа­лып­та­ма­лар* 7326 90 940 9-дан 8. Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ма­ши­на­ла­рын­да, трак­тор­лар­да, ұшу ап­па­рат­та­рын­да, электр ге­не­ра­тор­ла­рын­да, ком­прес­сор­лар­да пай­да­ла­ну­ға жа­та­тын, пор­шен­нің ай­нал­ма­лы неме­се қай­та­рым­ды-үде­ме­лі қоз­ға­лы­сы­мен ұш­қын­дап ота­ла­тын іш­тен жа­ну қоз­ғалт­қы­шта­ры 8407-ден 9. Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ма­ши­на­ла­рын­да, ло­ко­мо­тив­тер­де, трак­тор­лар­да, ке­ме­лер­де, электр стан­ци­я­ла­рын­да пай­да­ла­ну­ға жа­та­тын, қы­сқан­да тұ­та­на­тын пор­шень­ді іш­тен жа­ну қоз­ғалт­қы­шта­ры (ди­зель­дер неме­се жар­ты­лай ди­зель­дер) 8408-ден 10. Май құю стан­ци­я­ла­ры мен га­раж­дар­да пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған­дар­ды, сон­дай-ақ кө­лік құ­рал­да­ры­на ар­нал­ған­дар­ды қо­с­па­ған­да, шы­ғын өл­ше­гіш­те­рі бар неме­се олар­сыз сұй­ық­тық­ты сор­ғы­лар; сұй­ық­тық­тар­ды кө­тер­гіш­тер* 8413-ден 11. Бір са­ты­лы тур­бо­ком­прес­сор­лар 8414 80 110 0 12. Көп са­ты­лы өзге де тур­бо­ком­прес­сор­лар 8414 80 190 0 13. Жа­сан­ды то­қы­ма ма­те­ри­ал­да­ры­нан жа­сал­ған сүз­гі­лер және сүз­гі эле­мент­те­рі* 8421 31 000 9-дан, 8421 99 000-ден 14. Шө­міш­тер, қар­мауы­штар және кө­с­кіш­тер 8431 41 000 0-ден 15. Пі­шен дай­ын­да­у­ға ар­нал­ған ма­ши­на­лар­дың бөл­шек­те­рі 8433 90 000 0-ден 16. Гид­ро­бө­лгіш­тер* 8481 20 100 9-дан 17. Те­мір жол кө­лі­гі­нің жы­л­жы­ма­лы және тарт­қыш құ­ра­мын­да пай­да­ла­ны­ла­тын­дар­дан бас­қа, өзге де ша­рик­ті мой­ын­ті­рек­тер* 8482 10 900-ден 18. Те­мір жол кө­лі­гі­нің жы­л­жы­ма­лы және тарт­қыш құ­ра­мын­да пай­да­ла­ны­ла­тын­дар­дан бас­қа, се­па­ра­то­ры мен ро­лик­те­рі бар іш­кі ко­нус са­қи­на­лар­ды қо­са ал­ған­да, ро­лик­ті ко­нус мой­ын­ті­рек­тер* 8482 20 000 19. Те­мір жол кө­лі­гі­нің жы­л­жы­ма­лы және тарт­қыш құ­ра­мын­да пай­да­ла­ны­ла­тын­дар­дан бас­қа, ро­лик­ті сфе­ра­лық мой­ын­ті­рек­тер* 8482 30 000 20. Ине тә­р­із­дес ро­лик­ті мой­ын­ті­рек­тер 8482 40 000 21. Те­мір жол кө­лі­гі­нің жы­л­жы­ма­лы және тарт­қыш құ­ра­мын­да пай­да­ла­ны­ла­тын­дар­дан бас­қа, өзге де ци­линдр ро­лик­ті мой­ын­ті­рек­тер 8482 50 000 22. Те­мір жол кө­лі­гі­нің жы­л­жы­ма­лы және тарт­қыш құ­ра­мын­да пай­да­ла­ны­ла­тын­дар­дан бас­қа, қиы­сты­ры­л­ған ша­рик­ті-ро­лик­ті мой­ын­ті­рек­тер­ді қо­са ал­ған­да, өзге де мой­ын­ті­рек­тер 8482 80 000 23. Ша­рик­тер, ине тә­р­із­дес ро­лик­тер және ро­лик­тер 8482 91 24. Бір­не­ше эле­мент­тер­ден құ­ра­с­ты­ры­л­ған (құ­рам­дас) иін­ді бі­лік­тер 8483 10 290 9-дан 25. Ай­қа­ра­топ­са бі­лік­те­рі* 8483 10 210 8-ден 26. Транс­мис­сия бі­лік­те­рі (жұ­ды­рық­ша­лы және иін­ді бі­лік­тер­ді қо­са ал­ған­да) мен өзге де қо­си­ін­дер 8483 10 950 0 27. Ша­рик­ті және ро­лик­ті мой­ын­ті­рек­тер ор­на­ты­л­ған мой­ын­ті­рек­тер кор­пу­ста­ры 8483 20 000 0-ден 28. Ша­рик­ті және ро­лик­ті мой­ын­ті­рек­тер­ге ар­нал­ған мой­ын­ті­рек­тер кор­пу­ста­ры 8483 30 320 29. Бі­лік­тер­мен жиын­тық­та­ғы ті­сті бе­рі­лі­стер мен ті­сті доң­ға­лақ­тар; бе­рі­ліс қо­рап­та­ры және бас­қа да жыл­дам­дық ва­ри­а­тор­ла­ры* 8483 40-дан, 8483 90-дан 30. Шкив­тер­дің бл­ок­та­рын қо­са ал­ған­да, те­гер­шік­тер мен шкив­тер 8483 50 31. Бі­лік­тер­ді қо­су­ға ар­нал­ған жал­ға­стыр­ғы­штар мен құ­ры­л­ғы­лар (әм­бе­бап то­пса­лар­ды қо­са ал­ған­да) 8483 60 32. Ті­сті доң­ға­лақ­тар, тіз­бек­тік жұл­дыз­ша­лар және же­ке-же­ке ұсы­ны­л­ған бас­қа да бе­рі­ліс эле­мент­те­рі; аза­мат­тық авиа­ци­я­ға ар­нал­ған бөл­шек­тер 8483 90-дан 33. Қор­ға­сын­ды ак­ку­му­ля­тор­лар: сұй­ық элек­тро­лит­пен жұ­мыс іс­тей­тін кү­ш­тік; өзге­ле­рі; стан­ци­о­нар­лық* 8507 20 200 0, 8507 20 800 1-ден 34. Ұш­қын­нан неме­се жан­ғыш қо­с­па­лар­ды қы­су ар­қы­лы тұ­та­на­тын іш­тен жа­ну қоз­ғалт­қы­шта­рын отал­ды­ру­ға неме­се іс­ке қо­су­ға ар­нал­ған электр жабды­ғы (мы­са­лы, маг­не­то, отал­ды­ру ка­туш­ка­ла­ры, отал­ды­ру шы­рақ­та­ры, қы­зды­ру шы­рақ­та­ры, стар­тер­лер); осын­дай қоз­ғалт­қы­штар­мен бір­ге пай­да­ла­ны­ла­тын­дар үл­гі­сін­де­гі ге­не­ра­тор­лар (мы­са­лы, тұ­рақ­ты және ай­ны­ма­лы ток ге­не­ра­тор­ла­ры) мен ажы­рат­қы­штар 8511 35. Элек­тр­лі жа­рық­тан­ды­ру неме­се даб­ыл бе­ру жабды­ғы (8539 та­у­ар по­зи­ци­я­сы­ның бұй­ым­да­ры­нан бас­қа), ве­ло­си­пед­тер­де неме­се мо­тор­лы кө­лік құ­рал­да­рын­да пай­да­ла­ны­ла­тын шы­ны та­за­ла­ғы­штар, күң­гірт­те­ну­ге қар­сы және бу­ла­ну­ға қар­сы жаб­дық­тар 8512 36. Ра­ди­о­та­ра­ту­ға ар­нал­ған, ды­быс жа­за­тын неме­се ды­быс шы­ға­ра­тын ап­па­ра­ту­ра­мен неме­се са­ғат­пен бір кор­пу­ста бір­ге неме­се бө­лек ор­на­ла­сты­ры­л­ған қа­был­дау ап­па­ра­ту­ра­сы; өзге­ле­рі; Мо­тор­лы кө­лік құ­рал­да­рын­да пай­да­ла­ны­ла­тын, сырт­қы қо­рек кө­зін­сіз жұ­мыс іс­тей ал­май­тын, ды­быс жа­за­тын неме­се ды­быс шы­ғар­ғыш ап­па­ра­ту­ра­мен бір­ге ор­на­ла­сты­ры­л­ған кең ауқым­да та­ра­та­тын ра­дио­қа­был­да­ғы­штар 8527 19 000 0, 8527 21 37. Ав­то­сым­дар* 8544 42 900 9-дан 38. Трак­тор ка­би­на­сын жы­лыт­қы­штар, амор­ти­за­тор­лар* 8708 29 900-ден 39. Трак­тор­ға ар­нал­ған транс­мис­си­я­лар* 8708 50 350-ден 40. Ау­нақ осі, ро­лик осі, иін­ді ось, шы­н­жыр та­бан буы­ны­ның бу­на­ғы* 8708 70 990-ден 41. Трак­тор­ға ар­нал­ған ра­ди­а­тор­лар* 8708 91 990-ден 42. тір­ке­ме­лер­дің және жар­ты­лай тір­ке­ме­лер­дің бөл­шек­те­рі 8716 90 43. тір­ке­ме­лер­дің және жар­ты­лай тір­ке­ме­лер­дің шас­сиі 8716 90 100 0 44. тір­ке­ме­лер­дің және жар­ты­лай тір­ке­ме­лер­дің ша­на­ғы 8716 90 300 0 45. тір­ке­ме­лер­дің және жар­ты­лай тір­ке­ме­лер­дің ось­те­рі 8716 90 500 0 46. тір­ке­ме­лер­дің және жар­ты­лай тір­ке­ме­лер­дің өзге де бөл­шек­те­рі 8716 90 900 0 47. 9014, 9015, 9028 және 9032 та­у­ар по­зи­ци­я­ла­ры­ның ас­пап­та­ры мен ап­па­ра­ту­ра­сы­нан бас­қа, сұй­ық­тық­тар­дың неме­се га­з­дар­дың шы­ғы­сын, дең­гей­ін, қы­сы­мын неме­се бас­қа да құ­был­ма­лы си­патта­ма­ла­рын өл­ше­у­ге неме­се ба­қы­ла­у­ға ар­нал­ған ас­пап­тар мен ап­па­ра­ту­ра (мы­са­лы, шы­ғын өл­ше­гіш­тер, дең­гей көр­сет­кіш­те­рі, ма­но­метр­лер, жы­лу өл­ше­гіш­тер) 9026 48. Ав­то­мат­ты түр­де рет­те­у­ге неме­се бас­қа­ру­ға ар­нал­ған ас­пап­тар мен құ­ры­л­ғы­лар 9032 Ескертпе: * - тауарлар номенклатурасы тауарлар коды арқылы да, атауы арқылы да айқындалады.